Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 41 сабақ

1 296
30 октября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 40 сабақ

Қырық бесінші хадис

- حدثنا سفيان بن وكيع قال حدثنا أبي عن شريك عن عثمان بن مَوهَب قال:
"سئل أبو هريرة هل خضَب رسول الله (صلى الله عليه وسلم) قال نعم"
قال أبو عيسى وروى أبو عوانة هذا الحديث عن عثمان بن عبد الله بن موهب فقال عن أم سلمة.

Бізге Суфьян ибн Уәки`, оған әкесі[1] Шәриктен, ол Усман ибн Мәуһәбтың былай дегенін хабарлаған: «Әбу Хурейрадан, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын қынамен бояған-боямағандығы сұралғанда ол: «Иә», - деп жауап берген». Әбу Иса [Тирмизи] былай деген: «Бұл хадисті Әбу Әуәнә, Усман ибн Абдуллаһ ибн Мәуһәбтан риуаят етіп, былай деген: «Умм Сәләмәдан»».

Бұл хадисте Әбу Хурейрадан, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашын бояуға қынаны пайдаланғаны риуаят етілген.

Бұлай сұралған себебі – кейбір риуаяттарда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақ шашына тиіспегендігі хабарланған. Сол риуаяттарға келер болсақ, оларда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көбінесе ақ шашын боямай жүргендігі меңзелген.

Имам әт-Тирмизидің толықтыруына келер болсақ, ол бұл хадистің Ибн Мәуһәб арқылы екі жолмен риуаят етілгендігін көрсетеді. Сол жолдардың біріншісі хадистің өзінде келтірілген: Шәрик, Ибн Мәуһәбтан, Әбу Хурейрадан. Сондай-ақ, Әбу Әуәнә да оны Ибн Мәуһәбтан риуаят еткен, бірақ, ол хадис Умм Сәләмәдан жеткізілген. Бұл дегеніміз – Ибн Мәуһәб бұл хадисті екі сахабадан – Әбу Хурейра мен Умм Сәләмәдан, Алла оларға разы болсын, риуаят еткен.

Қырық алтыншы хадис

حدثنا إبراهيم بن هارون قال: أنبأنا النضر بن زرارة عن أبي جناب عن إياد بن لقيط عن الجَهْذمة امرأة بشير بن الخصاصِيّة قالت:
"أنا رأيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يخرج من بيته ينفض رأسه وقد اغتسل، وبرأسه ردغ من حناء أو قال ردع شك في هذا الشيخ".

Бізге Ибраһим ибн Хәрун[2] былай деп хабарлаған: «Бізге ән-Нәдр ибн Зурара[3], Әбу Джәнәбтан[4], ол Ияд ибн Ләқиттен, ол Бәширибн әл-Хассамияның әйелі әл-Джәһзәмәның[5]былай дегенін хабарлаған: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жаңа ғана шомылғандықтан, үйінен шашын сүртіп шығып келе жатқанын көрдім. Сонда оның шашынан қынаның қалдықтары көрініп тұрды»»[6].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қынаны пайдаланғандығы осы хадистен де байқалады.
 
Қырық жетінші хадис

حدثنا عبد الله بن عبد الرحمن. حدثنا عمرو بن عاصم. حدثنا حماد بن سلمة حدثنا حميد عن أنس قال:
"رأيت شعر رسول الله (صلى الله عليه وسلم) مخضوباً قال حماد، وأخبرنا عبد الله بن محمد بن عقيل، قال رأيت شعر رسول الله (صلى الله عليه وسلم) عند أنس بن مالك مخضوباً".

Бізге Абдуллаһ ибн Әбдур-Рахман[7], оған Әмр ибн Әсым[8], оған Хәммәд ибн Сәләмә, оған Хумейд, Әнәстың былай дегенін хабарлаған: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашының қынамен боялғандығын көрдім». Содан соң Хәммәд[9]былай деген: «Маған Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Әқил[10] былай хабарлады: «Мен Әнәс ибн Мәліктің қасында Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашы қынамен боялғандығын көрдім»».

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шашын қынамен бояғандығы жайлы тарау осымен тәмам.


[1] Уәки` ибн әл-Джәрах.

[2] Ибраһим ибн Хәрун әл-Бәлхи. Әйгілі аскет және ізгі жан.

[3] Имам әз-Зәһәби бұл жеткізушіге «беймәлім» (мәджхуль) деген сипаттама берген. Одан тек имам Тирмизи ғана «Шәмәилде» хадис риуаят еткен.

[4] Оның есімі – Яхья ибн Әбу Хайяәл-Кальби. Танымал мухаддис.

[5] Алла Елшісін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көрген сахаба әйел. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның атын өзгертіп, Ләйлә деген ат қойған.

[6] Хадисті жеткізуші «қалдықтары» деген сөздің айтылуына қатысты екі ойлы болған: [рад`] немесе [радғъ], – бірақ, мұның хадистің мағынасына ешқандай әсері жоқ. Бұл күмән–Ибраһим ибн Хәруннан.

[7] Самарқандтан шыққан әйгілі хафиз әрі ғұлама. Муснадтың авторы. ӘбуХатим оны өз заманының имамы деп атаған.

[8] Әйгілі хафиз. Хәммәд ибн Сәләмә мен Шәәбиден риуаят еткен хадистерімен белгілі. Одан имам Бұхари хадис риуаят еткен.

[9] Яғни, Хәммәд ибн Сәләмәдәл осы хадисті басқа иснад арқылы жеткізген.

[10] Оның сенімділігіне қатысты келіспеушіліктер бар.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков