Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 42 сабақ

1 283
3 ноября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 41 сабақ

باب ما جاء في كُحل رسول الله (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (4) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көзіне сүрме жаққандығы жайлы тарау

Қырық сегізінші
хадис

حدثنا محمد بن حميد الرازي. حدثنا أبو داود الطيالسي عن عباد بن منصور عن عكرمة عن ابن عباس أن النبي (صلى الله عليه وسلم) قال:
"اكتحلوا بالإثمد فإنه يجلو البصر، وينبت الشعر، وزعم أن النبي (صلى الله عليه وسلم) له مكحلة يكتحل منها كل ليلة ثلاثة في هذه وثلاثة في هذه".

Бізге Мухаммад ибн Хумейдәр-Рази[1], оған Әбу Дәуд әт-Таялиси[2], Әббәд ибн Мәнсурдан[3], Икримадан[4], Ибн Аббастан Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін хабарлаған: «Көздеріңе сүрме жағыңдар: расында, бұл көздің көруін жақсартып, [қастың] өсуіне септігін тигізеді». Сондай-ақ, ол[5] Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүрмеге арналған арнайы қылқаламы болғанын мәлімдеді. Ол күн сайын түнде сол қылқаламмен бір [көзіне] үш рет, екінші [көзіне] үш рет сүрме жағатын болған.

Бұл тарауда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көзіне сүрме пайдаланғандығы жайлы әр түрлі хадистер келтіріледі.

Көзге сүрме жағудың эстетикалық та, медициналық та мәні бар. Ол туралы хадисте анық айтылған.

Ибн әл-Араби көзді сүрмемен бояғанда Сүннетті жаңартамын деп ниет ету керектігін айтады– сонда бұл харам етілген сырт келбетіңді әсемдеу болып саналмайды[6].

Ал, егер кімде-кім сүрмені көзіне медициналық мақсатта жақса, хадисте сипатталған тәртіпті сақтауы қажет – көзді түнде бояу керек және сүрмені әр көзге үш рет жағу қажет. Сонымен қатар, көзді емдеп, көруін жақсарту үшін Сүннетті орындаймын деген ниетте болу керек[7].

Сүрмені сұлулық үшін жағуға келер болсақ, онда ешқандай шектеу жоқ, әр адам оны қалаған уақытында жаға алады. Медициналық мақсатқа келер болсақ, хадисте айтылғандай, көзге сүрмені түнде жағу керек.

Сонымен бірге, сүрмені қылқаламмен тақ рет жағу абзал (Сүннет), оны тағы бір хадис айқын көрсетеді:

من اكتحل ليوتر

«Көзіне сүрме жағатын адам тақ рет жақсын»
[8].

Ибн Аббастың риуаяты келтірілген хабарламада Икриманың, Алла екеуіне де разы болсын, «мәлімдеді» деген сөзді пайдаланғаны Ибн Аббастың айтқан сөздерінің әлсіз екендігін білдірмейді.

Икрима, рахимахуллах, мен оған тағылған айыпқа келер болсақ, Ибн Хаджар әл-Әсқаләни, әл-Бұхаридің «Сахихіне» алғысөз болып табылатын «Хадью әс-сари» атты кітапта оған қатысты келіспеушіліктердің себебін түсіндіріп, ең сенімді пікір бойынша, оның сенімге лайықты жеткізуші екенін айтқан.


[1] Оның сенімділігіне қатысты келіспеушіліктер бар. Оның хадистерін имам Тирмизи, Әбу Дәуд және Ибн Мәджә келтіреді.

[2] Әбу Дәуд Сулейман ибн Дәуд әт-Таялиси. Әйгілі мухаддис және муснадтың авторы.

[3] Әбу СәләмәАббәд ибн Мәнсурәр-Нәджи. Имам әз-Зәхәби «Әл-Кашифте»оның әлсіз жеткізуші екенін айтады. Одан Әбу Дәуд, Тирмизи, Нәсәи және Ибн Мәджә хадис риуаят еткен.

[4] Ұлы тәбиғин және Ибн Аббастың ірі шәкірттерінің бірі. Оған сенуге болатын-болмайтындығына қатысты көптеген пікірталастар орын алған. Сондай-ақ, оған өтірік айтты деген және хариджиттердің мәзһабына ереді деген айып тағылған. Бірақ, сенімді пікір бойынша, ол – сенімге лайықты.

[5] Ибн Аббас туралы айтылып тұр.

[6] Әл-Мәуәхиб,142-ші бет.

[7] Әл-Мәуәхиб, 142-ші бет.

[8] Әбу Дәуд.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков