Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 43 сабақ
Сондай-ақ, бір айта кететіні, мухаддистердің түсінігінде хадистің бір мәтінінің екі түрлі иснады болса, ол екі хадис болып саналады. Сол себепті, көптеген мухаддистердің «біз мыңдаған хадистерді жатқа білетінбіз» дегендерін былай түсіну керек: оған әр түрлі хадистерден тұратын бір мәтін жатады және сахабалар мен тәбиғиндердің пәтуалары да қосылады, өйткені, бұл да олардың түсінігінде хадис деп аталады.
Көп жағдайда егер қандай да бір хадистердің мағыналары өте жақын болса және иснадта ортақ мәдары (түйісу нүктесі) бар болса, мухаддистер «тахуил» тәсілін пайдаланып, бір мәтінге екі иснад келтіреді. Осы хадисте соның үлгісін көріп отырмыз.
Басқаша айтқанда, бізде имам Тирмизи жеткізген екі иснад бар: Абдуллаһ ибн әс-Сабәх, Абдуллаһ ибн Мусадан, Исраилдан, Ибәд ибн Мәнсурдан, Икримадан, Ибн Аббастан; екінші иснад – Әли ибн Худжр, Язид ибн Хәруннан, Ибәдибн Мәнсурдан, Икримадан, Ибн Аббастан.
[1] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер Ибн Мәджәнің жинағынан басқа жинақтардың бәрінде келтіріледі.
[2] Өзінің білімімен және шыншылдығымен белгілі шииттердің бірі. Одан хадистер риуаят етілген. Құран оқу саласындағы білімімен танымал. Оның күлгенін ешкім көрмеген деседі.
[3] Исраиль ибн Юнус ибн ӘбуИсхақәс-Сабии.
[4] Бұл мухаддистердің терминологиясында «тахуил әл-иснад» деп аталады – мухаддис бір хадис мәтініне бірнеше иснадты келтіргенде қойылады, бұл белгі иснадтың қайта басталғандығын және ары қарайғы нүктелердің бірінде содан алдыңғы иснадпен түйісетінін білдіреді. Бұл, әсіресе, Муслимнің «Сахихінде» жиі кездеседі.
[5] Бұл – екі иснадтың бірігу нүктесі.
[6] Бұл – Исраиль ибн Юнустан риуаят етілген, бірінші риуаят. Ал, Язид ибн Хәрун жеткізген екінші риуаятты автор бөлек көрсетеді.
[7] Яғни, Ибәдтан,Икримадан, Ибн Аббастан.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Комментарии: 0
Правила форума