Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 44 сабақ
Бізге Ахмад ибн Муни, оған Мухаммад ибн Язид[1], Мухаммад ибн Исхақтан[2], Мухаммад ибн әл-Мункадирден[3], Джәбирдің (ол ─ Ибн Абдуллаһ) былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Жатар алдында сүрме жағыңдар: шынында, бұл көздің көруін және [қастың] өсуін жақсартады».
Бұл жағдайдағы әмір міндеттілік емес, абзалдылықты көрсетеді.
Елу бірінші хадис
Бізге Қутейба ибн Сәид, оған Бишр ибн әл-Муфәдаль[4], Абдуллаһ ибн Усман ибн Хайсәмнан[5], Сәид ибн Джубейрдан[6], Ибн Аббастың былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Көзді бояуға ең абзал нәрсе –сүрме. Расында, бұл көздің көруін және [кірпіктің] өсуін жақсартады»».
Елу екінші хадис
Бізге Ибраһим ибн әл-Мустәмир әл-Бәсри[7], оған Әбу Әсым, Усман ибн Әбдул-Мәліктен[8], Сәлимнен[9], Ибн Омардан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Көздеріңді сүрмемен бояңдар, өйткені, бұл көздің көруін және [кірпіктің] өсуін жақсартады»».
[1] Тақуа кісілердің бірі. Оны әбдалдардың қатарына жатқызады.
[2] Сираның әйгілі авторы және мәғази. Оның сенімді-сенімсіздігіне қатысты пікірталас көп.
[3] Ұлы тәбиғиндердің бірі. Әбу Хурейра мен Аишадан риуаят еткен хадистерімен белгілі. Одан Мәлік, екі Суфьянда және басқалар риуаят еткен.
[4] Ұлы имам және ізгі жан. Әли ибн әл-Мәдини оның күн сайын 400 рәкағат мұстахап намаз оқығанын айтады.
[5] Меккеден шыққан танымал Құран қариі. Одан риуаят етілген хадистер Бұхаридің жинағынан басқа жинақтардың бәрінде кездеседі. Имам Бұхари одан таалиқаттарда ғана хадис келтіреді.
[6] Аса ұлы тәбиғиндердің бірі. Кейбіреулер оны ең ұлы тәбиғин дейді. Ірі ғұлама және аскет болған. Оны әл-Хаджәд ибн Юсуф өлтірген. Басы шабылғанда да (басы) зікір айтуын тоқтатпаған деседі. Әл-Хаджәд ибн Юсуф, Сәид ибн Джубейрді өлтіргеннен кейін небәрі он бес күн өмір сүрген. Себебі, Сәид ибн Джубейр оған қарсы: «Я, Алла, менен кейін оның ешкімге үстемдік етуіне жол бере көрме» деген дұға жасаған.
[7] Одан риуаят етілген хадистер төрт «Сунанда» кездеседі.
[8] Әбу Хатимол туралы былай деген: «Мункәр әл-хадис».
[9] Сәлим ибн Абдуллаһ ибн Омар ибн әл-Хаттаб. Ең ұлы тәбиғиндердің және жеті фақиһтің бірі.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Комментарии: 0
Правила форума