Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 45 сабақ

1 543
17 ноября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 44 сабақ

باب ما جاء في لباس رسول الله (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (16) حديث

Алла Елш
ісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімі жайындағы тарау. Онда он алты хадис бар.

Елу үшінші хадис

حدثنا محمد بن حميد الرازي. حدثنا الفضل بن موسى وأبو تميلة وزيد بن حباب عن عبد المؤمن بن خالد عن عبد الله بن بريدة عن أم سلمة قالت:
"كان أحب الثياب إلى رسول الله (صلى الله عليه وسلم) القميص".
54- حدثنا علي بن حجر. حدثنا الفضل بن موسى عن عبد المؤمن بن خالد عن عبد الله بن بريدة عن أم سلمة قالت:
"كان أحب الثياب إلى رسول الله (صلى الله عليه وسلم) القميص".

Бізге Мухаммад ибн Хумейдәр-Рази, оған әл-Фәдл ибн Муса
[1] және Әбу Тумейлә[2] және Зейд ибн Хубән, Әбдул-Муъмин ибн Халидтен[3], Абдуллаһ ибн Бурейдтан Умм Сәләманың былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ең сүйікті киімі камис болатын».

Камис жайлы айтар болсақ, имам әл-Бәйджури мына сипаттаманы келтіреді: камис - мойны мен екі жеңі бар киім, ол басқа киімнің астынан киіледі, әдетте ол жүннен тігілмейді[4].

Мұның ең сүйікті киім болатын себебі ─ ол денені бәрінен жақсы жабады[5].

Бізге Әли ибн Худжр, оған әл-Фәдл ибн Муса, Әбдул-Муъмин ибн Халидтен
[6], Абдуллаһ ибн Бурейдтан Умм Сәләманың былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ең сүйікті киімі камис болатын».

Алдыңғы хадистерде талдап өткеніміздей, мухаддистер үшін екі иснады бар бір мәтін әр түрлі хадис болып саналады, имам Тирмизи бізге соны көрсеткен.

Осы тұрғыдан алғанда, хадистердің жинақтары біз үшін хадис негіздері (мусталәх әл-хадис) бойынша оқулық ретінде де пайдамызға асады. Сондықтан, егер сол хадистерге және олардың қалай және не үшін белгілі бір реттілікпен берілгендігіне зер салып қарар болсақ, біз сол жинақтардан аталмыш ғылым бойынша да білім нәрімен сусындай аламыз.

Киім үкіміне келер болсақ, киім парыз (мәселен, әуретті жабатын киім), мустахаб (мәселен, жұма және айт намаздарына арналған әсем киім), харам (мәселен, ерлерге арнап таза жібектен тігілген киім), мәкруһ (мәселен, денеге жабысып тұратын киім) және рұқсат етілген (мубәх, бұған қалған киімдердің барлығы жатады) болуы мүмкін[7].

«Исламдық киім» деген ұғымды сөз етер болсақ, мүфтиТаки Усмани, дамматбаракатуһ, өзінің мақалаларының бірінде исламдық киімнің орындауды талап ететін бірқатар шарттардан тұратынын түсіндірген. Егер сол шарттар орындалса, киім исламдық болып саналады:

- Киім әуретті жабуы тиіс.

- Денеге жабысып тұрмауы керек. Бұл ерлердің де, әйелдердің де киіміне қатысты. Сол себепті, джинсы мен өзге де жабысып тұратын шалбарды намазда да, басқа уақытта да кимеген абзал.

- Киім қарапайым болуы тиіс, бірден көзге түсетіндей шамадан тыс ашық түсті болмауы керек.

- Киім кәпірлердің немесе күнәһарлар мен бұзақылардың айрықша сипаты болмауы тиіс. Мәселен, ол киім қандай да бір музыка түрін тыңдайтындығымен немесе басқа да харам етілген іспен айналысатындығымен ерекшеленетін белгілі бір субмәдениет өкілдерінің киіміне ұқсайтын болса, мұсылманға ондай киімді киюге болмайды.

Бүгінгі күндері мұсылмандардың арасында кеңінен тарап кеткен камис немесе «пакистанка» деп аталатын киімдерге келер болсақ, олар Шариғат талаптарына сай және ондай киімді кию – мақтауға лайық іс.

Сөзсіз, мұсылман адамның өзі тұрған аймақтағы әдет-ғұрыпқа (урф) сай киінгені жөн, оған өз аймағындағы тақуа мұсылмандардан ерекшеленудің қажеті жоқ, себебі, бұл Шариғатта «шухрат» деп аталады және мақтарлық іс болып саналмайды.

Бірақ, бір айта кететіні, бұл ─ жергілікті әдет-ғұрып Шариғат бойынша дұрыс және жарамды болған жағдайда қолданылатын жалпы ұстаным. Өйткені, ғұрыптың екі түрі бар: дұрыс ғұрып (урф сахих) және дұрыс емес ғұрып (урф фәсид).

Мәселен, қандай да бір өңірдің адамдары сақалдарын қырып, шолақ шалбар киетін болса, мұсылманға бұл рұқсат етілмейді. Ол адамдардың өзін келеке етіп, мазақтағандарына қарамастан, Сүннетке ерер болса, сол үшін сауапқа бөленеді. Себебі, жергілікті ғұрып (урф) Шариғатқа қайшы келеді.

Ал, әлгі айтылып кеткен жалпы қағида, мәселен, мынадай жағдайға қатысты. Әлдебір аймақта адамдар сәлденің белгілі бір түрін киетін болса, солардың арасындағы біреу басқалар киетін сәлдеден айқын ерекшеленетін сәлдені кигісі келсе, оның мұнысы құпталмайды. Себебі, бұл оны өз аймағындағы тақуа мұсылмандардың қатарынан ерекшелендіріп тұрады. Ал, ең дұрысын Алла біледі.

[1] Кіші тәбиғиндердің қатарына жатады. Хишәм ибн Уруә мен оның буынынан (ұрпағынан) хадистер риуаят еткен. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[2] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[3] Яғни, үшеуі де Әбдул-Муъминнен жеткізген. Одан риуаят етілген хадистерді Тирмизимен Ибн Мәджә келтіреді.

[4] Әл-Мәуәһиб, 151-ші бет.

[5] Сол жерде.

[6] Ибн Хиббан оны сенімге лайықты деп атаған. Автор одан осы хадисті ғана риуаят еткен.

[7] Әл-Мәуәһиб, 150-ші бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков