Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 46 сабақ

1 710
20 ноября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 45 сабақ

Елу бесінші хадис

حدثنا زياد بن أيوب البغدادي. حدثنا أبو تميلة عن عبد المؤمن بن خالد عن عبد الله بن بريدة عن أمه عن أم سلمة قالت:
"كان أحب الثياب إلى رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يلبسه القميص".
.قال: هكذا قال زياد بن أيوب في حديثه عن عبد الله بن بريدة عن أمه عن أم سلمة وهكذا روى غير واحد عن أبي تميلة مثل رواية زياد بن أيوب وأبو تميلة يزيد في هذا الحديث (عن أمه) وهو أصح

Бізге Зияд ибн Аюб әл-Бағдади[1],оған Әбу Тумейлә, Әбдул-Муъмин ибн Халидтен, Абдуллаһ ибн Бурейдәдан, оның анасынан[2], Умм Сәләмәнің былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзі киетін ең сүйікті киімі камис болатын».

Зияд ибн Аюб та Абдуллаһ ибн Бурейдәдан, оның анасынан, Умм Сәләмәдан риуаят еткен хадисінде соны айтқан. Сондай-ақ, бұл хадисті көптеген хабарлаушылар Зияд ибн Аюб пен Әбу Тумейләдан жеткен риуаят секілді Әбу Тумейләдан риуаят еткен. Тек хадиске: «оның анасынан» дегенді қосқан. Сенімдірегі сол.

Имам әт-Тирмизидің бұл хадисті келтірген себебі – Зияд ибн Аюбтың риуаятының иснадында толықтыру бар, атап айтқанда: Абдуллаһ ибн Бурейдә бұл хадисті тікелей Умм Сәләмәдан емес, өзінің анасы арқылы жеткізген. Имам әт-Тирмизи осыны анағұрлым дұрысы әрі сенімдірегі деп санайды.

Мұнда екі нұсқа бар: не Ибн Бурейдә бұл хадисті анасынан естіген, анасы оны Умм Сәләмәдан риуаят еткен, содан кейін Умм Сәләмәнің өз аузынан да естіген. Сол себепті, бұл – екі түрлі иснад. Не ол бұл хадисті анасынан ғана естіген, ал, хадисті тікелей Умм Сәләмәдан жеткізгенде анасын қалдырып кеткен.
 
Елу алтыншы хадис

حدثنا عبد الله بن محمد بن الحجاج. حدثنا معاذ بن هشام. حدثني أبي عن بديل (يعني ابن ميسرة) العقيلي عن شهر بن حوشب عن أسماء بنت يزيد قال:
"كان كم قميص رسول الله (صلى الله عليه وسلم) إلى الرسغ

Бізге Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн әл-Хаджәд
[3], оған Муаз ибн Хишәм, оған оның әкесі[4], Будейл (яғни, Ибн Мәйсәра[5]) әл-Уқайлидан, Шәһр ибн Хәушәбтан, Әсмә бинт Язидтің[6] былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, камисінің жеңі білезігіне дейін түсіп тұратын».

Мәселе мынада: егер жең одан ұзын болса, бұл қандай да бір істі тез тындыруға кедергі келтіреді.

Имам әл-Бәйджури егер адамдар мақтаныш пен тәкаппарлықтан жеңдерін ұзартатын болса, бұған тыйым салынатынын жазған. Егер ол мақтаныштан немесе тәкаппарлықтан болмаса, онда бұған тыйым жоқ[7].

Киімді киюдің немесе ұзартудың белгілі бір түрін адамдар мақтанып, өзгелерден астам болу үшін пайдалануы мүмкін (такаббур). Ондай киім мен киім киюдің ондай әдісіне де осы үкім қолданылады.
Әсіресе, бұл – киген киімдерімен өздерінің бірегейлігін көрсеткісі келетін жастар үшін өзекті.


[1] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистерді Бұхари мен Муслим де келтіреді.

[2] Имам әл-Ирақи оның өмірбаянын таба алмағанын жазған.

[3] Одан Ибн Хузейма мен басқалар да хадис жеткізген.

[4] Хишәм ибн Абдуллаһәд-Дастауаъи. Әбу Дәуд әт-Таялисионың хадистегі мұсылмандардың әміршісі екенін айтқан.

[5] Бұл түсініктеме оны басқа Будейлмен шатастырып алмас үшін берілген. Өйткені, бірнеше Будейл бар.

[6] Автор оның Әсмә бинт Язид ибн әс-Саканба, әлде басқасы ма, оны нақтылап айтпаған. Ибн Хаджәрмұның сол екенін айтқан. Оның Ярмук шайқасында тоғыз дұшпанды өлтіргені риуаят етілген.

[7] Әл-Мәуәһиб, 156-шы бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков