Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 47 сабақ

1 349
24 ноября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 46 сабақ

Елу жетінші хадис

حدثنا أبو عمار (الحسين بن حريث). حدثنا أبو نعيم. حدثنا زهير عن عروة بن عبد :الله بن قشير. عن معاوية بن قرة عن أبيه قال
"أتيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) في رهط من مُزَيْنة لنبايعه، وأن قميصه لمطلق، أو قال زرّ قميصه مطلق قال فأدخلت يدي في جيب قميصه فمسست الخاتم".

Бізге Ә
бу Әммәр (әл-Хусейн ибн Хурейс), оған Әбу Нуәйм, оған Зуһәйр, Уруә ибн Абдуллаһ ибн Қушәйрдан, Муауия ибн Қуррадан[1], оның әкесінің[2] былай дегенін хабарлаған: «Мен серт беру үшін Музәйнә тайпасының адамдарымен бірге Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келдім. Оның камисі кең болатын», – немесе ол былай деген: «Оның камисінің жағасы кең екен». Сонда мен жағасына қолымды салып, пайғамбарлықтың мөрін ұстап көрдім».

Бұл хадисте де Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, камис кигендігі және қол сыйып кететіндей кең жағалы киім киюге болатындығы айтылған.

Сондай-ақ, мұнда сахабалардың, Алла олардың баршасына разы болсын, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы тәбәррук жасағандары да тұспалданған.

Біз бұл жерде «жеткізушінің күмәні» деп аталатын ұғымның үлгісін көріп отырмыз. Яғни, біреу хадисті хабарлағанда хадисте дәл қандай сөз қолданылғандығы нақты есінде болмағандықтан, «немесе» деген шылауды қолдану арқылы екі нұсқаны жеткізеді.

Бұл дәл қай хабарлаушының күмәні екеніне келер болсақ, имам әл-Бәйджуридің ойынша, бұл – имам әт-Тирмизидің шейхі Әбу Әммәрдың күмәні[3].

Елу сегізінші хадис. Бірінші бөлім

حدثنا عبد بن حميد. حدثنا محمد بن الفضل. حدثنا حماد بن سلمة عن حبيب بن الشهيد عن :الحسن عن أنس بن مالك
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) خرج وهو يتكئ على أسامة بن زيد، عليه ثوب قِطري قد توشح به، فصلى بهم".
وقال عبد بن حميد قال محمد بن الفضل سألني يحيى بن معين عن هذا الحديث أول ما جلس إلي، فقلت حدثنا حماد بن سلمة، فقال لو كان من كتابك. فقمت لأخرج كتابي فقبض على ثوبي، ثم قال: أمِلّه علي فإني أخاف أن لا ألقاك، قال فأمليته عليه، ثم أخرجت كتابي فقرأت عليه.

Бізге Әбд ибн Хумейд, оған Мухаммад ибн әл-Фәдл, оған Хаммад ибн Сәләмә, Хабиб ибн әш-Шәһидтен
[4], әл-Хасаннан[5],Әнәс ибн Мәліктен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Усәмә ибн Зәйдқа сүйеніп шыққанын хабарлаған. Сонда ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иығына қитри киімін жауып қойған екен. Сөйтіп, ол солармен бірге намаз оқыған. Әбд ибн Хумейд[6]былай деген: «Мухаммад ибн Фәдл[7]былай деді: «Яхья ибн Мәинменің қасыма отырған бойда осы хадис жайлы сұрады. Сонда мен: «Бізге Хаммад ибн Сәләмә хабарлады», - дедім[8]. Сонда ол[9]: «Бұл сенің кітабыңнан болғанда ғой![10]» - деді. Сол кезде мен кітапты әкелу үшін орнымнан тұрып едім, ол менің киімімнен ұстап алып, былай деді: «Маған осы хадисті баяндап берші, ендігәрі сені көрмеймін бе деп қорқамын». Оған хадисті баяндап бердім де, кітапты әкеліп, сол хадисті оған кітаптан оқып бердім»».

Бұл хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақырғы күндері жайында хабарланған. Ғұмырының соңына қарай оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрмені қашып, намазда имамдық ету үшін сахабалардың біріне сүйеніп шығатын болған.

Сонымен қатар, бұл хадисте оның иығына Йемен киімінің жабылып тұрғандығы баяндалған.


[1] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[2] Қурра ибн Ияс ибн Хиләл. Сахаба, Алла оған разы болсын.

[3] Әл-Мәуәһиб, 157-ші бет.

[4] Жас тәбиғиндердің қатарына жатады. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[5] Әл-Хасан әл-Бәсри, Алла оған разы болсын.

[6] Әйгілі хафиз. Біреулер оның шын аты Әбдул-Хамид десе, кейбіреулер Нәср деген.

[7] Көптеген хадистерді риуаят еткен әйгілі мухаддис. Ол өмірінің соңына қарай хабарламаларды шатастыра бастаған, сол себепті, өмірінің соңында көптеген хабарлаушылар одан хадис риуаят етуді тоқтатқан.

[8] Ол ары қарай сол хадисті риуаят еткен.

[9] Яхья ибн Мәин.

[10] «Осы хадисті өзіңнің жазбаларыңнан да оқып бергеніңде, ешқандай қателік жіберілмегеніне сенімділігімді арттырар еді» деген мағынада.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков