Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 48 сабақ

1 708
27 ноября, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 47 сабақ

Елу сегізінші хадис. Екінші бөлім

حدثنا عبد بن حميد. حدثنا محمد بن الفضل. حدثنا حماد بن سلمة عن حبيب بن الشهيد عن :الحسن عن أنس بن مالك
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) خرج وهو يتكئ على أسامة بن زيد، عليه ثوب قِطري قد توشح به، فصلى بهم".
وقال عبد بن حميد قال محمد بن الفضل سألني يحيى بن معين عن هذا الحديث أول ما جلس إلي، فقلت حدثنا حماد بن سلمة، فقال لو كان من كتابك. فقمت لأخرج كتابي فقبض على ثوبي، ثم قال: أمِلّه علي فإني أخاف أن لا ألقاك، قال فأمليته عليه، ثم أخرجت كتابي فقرأت عليه.

Бізге Әбд ибн Хумейд, оған Мухаммад ибн әл-Фәдл, оған Хаммад ибн Сәләмә, Хабиб ибн әш-Шәһидтен
, әл-Хасаннан, Әнәс ибн Мәліктен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Усәмә ибн Зәйдқа сүйеніп шыққанын хабарлаған. Сонда ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иығына қитри киімін жауып қойған екен. Сөйтіп, ол солармен бірге намаз оқыған. Әбд ибн Хумейд былай деген: «Мухаммад ибн Фәдл былай деді: «Яхья ибн Мәинменің қасыма отырған бойда осы хадис жайлы сұрады. Сонда мен: «Бізге Хаммад ибн Сәләмә хабарлады», - дедім. Сонда ол: «Бұл сенің кітабыңнан болғанда ғой![» - деді. Сол кезде мен кітапты әкелу үшін орнымнан тұрып едім, ол менің киімімнен ұстап алып, былай деді: «Маған осы хадисті баяндап берші, ендігәрі сені көрмеймін бе деп қорқамын». Оған хадисті баяндап бердім де, кітапты әкеліп, сол хадисті оған кітаптан оқып бердім»».

Бұл хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақырғы күндері жайында хабарланған. Ғұмырының соңына қарай оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәрмені қашып, намазда имамдық ету үшін сахабалардың біріне сүйеніп шығатын болған.

Сонымен қатар, бұл хадисте оның иығына Йемен киімінің жабылып тұрғандығы баяндалған.

Осы хадистің соңында хадис саласындағы ұлы имам Яхья ибн Мәиннің Мухаммад ибн Фәдлге хадис тыңдау үшін барғандығы жайлы хикая баяндалады.

Сәләфтар әдетте өз уақыттарының қадірін білген және оны пайдалы өткізумен білім алу мүмкіндігінен құр қалудан қорыққан. Сондықтан, олар қандай да бір ғұламаға барғанда бірден діттеген істеріне көшетін болған. Сырттай қарағанда, олардың мұнысы аздап тұрпайы көрінуі де мүмкін еді.

Яхья ибн Мәин одан имам әт-Тирмизи келтірген осы хадисті баяндап беруін өтінген.

Сонда Мухаммад ибн Фәдл хадисті жаттан айта бастаған. Бірақ, Яхья ибн Мәин хадистегі айтылғандардың анық екендігіне және риуаятты жеткізуде ешқандай қателік жіберілмегендігіне сенімді болу үшін одан осы хадисті жазбаларына сүйеніп баяндап беруін өтінген. Бірақ, кейін ойланып, Мухаммад ибн Фәдлді киімінен ұстап алып, хадисті бірден баяндап беруін өтінген. Өйткені, ол ибн Фәдл жазбаларын алып келгенше өліп қаламын ба деп қорыққан. СубханАллаһ!

Бұл – біздің ізгі ата-бабаларымыздың ілім алуда қаншалықты ынта танытқандарының және өмірлерінің бір сәтін болса да маңызсыз, мәнсіз нәрсеге құртып қоюдан қорқып, уақыттарын қадірлегендерінің үлгісі.

Бұл хикаяда хадис негіздері (усуль хадис) саласына қатысты біздің атап өткіміз келетін белгілі бір ғылыми құндылық тұжырымдалған. Бірақ, оны түсіндіру үшін хадистің сенімділігінің бес шартын есімізге алуымыз қажет:

- Иснадтың үздіксіздігі.

- Хабарлаушы сенімге лайықты болуы тиіс.

- Хабарлаушының есте сақтау қабілеті жақсы (добт) болуы керек.

- Хадис шәзз болмауы тиіс.

- Хадисте жасырын кемшіліктер болмауы қажет.

Хадис ғұламалары сенімділіктің үшінші шарты – добтты сипаттай келіп, оның екі түрі бар екенін айтады:

1) добт әс-садр, яғни, біреудің әлденені жатқа білетіндігі.

2) добт әл-китаб, яғни, біреу хадисті өзгеріссіз жазып алған және оның жазбасы сенімді түрде сақталған әрі бұрмалаулардан қорғалған[1].

Егер кімде-кім осы екі шарттың екеуіне де сай болса, яғни, әрі хадисті жатқа білетін және оны өзгеріссіз жазып алған болса, тамаша.

Алғашында тәбиғиндердің дәуірінде хадистер ауыздан ауызға беріліп отыратын да, сирек жазылатын. Себебі, ол кезде адамдардың есте сақтау қабілеті жақсы еді, ал, иснадтардың өздері өте қысқа болатын және екі-үш адамнан тұратын. Бірақ, уақыт өте келе, иснадтар ұлғайып отырған, сол үшін Яхья ибн Мәин, Әли әл-Мәдини, имам Ахмад сияқты ғұламалар және тағы басқалар өздерінің заманында хадистерді тек қана кітапқа қарап баяндау керектігін, жадқа сенбеу керектігін айтқан.

Имам Ахмад пен оның басқа да ұлы замандастары бұл хадистерді жатқа білген, бірақ, жазатайым қате жіберіп қоюдан қорқып, хадистерді жазбалары бойынша ғана баяндаған.

Сол себепті, Яхья ибн Мәин оның хадисі «добттың» екі түріне де сай болуы үшін Мухаммад ибн Фәдлден бұл хадисті жазбасына қарап баяндап беруін өтінген, бірақ, кейін бұл хадисті алу мүмкіндігінен айрылып қалуы ықтимал екендігін түсініп, одан хадисті жатқа айтып беруін өтінген, осының өзі жеткілікті. Содан соң Мухаммад ибн Фәдл кітабын алып шығып, хадисті содан оқып берген.

Сонымен қатар, Яхья ибн Мәиннің олай өтінгенінің тағы бір себебі – Мухаммад ибн Фәдлдің өмірінің ақырына қарай хадистерді шатастыра бастағандығында болуы ықтимал, сондықтан, Яхья ибн Мәин одан хадистерді жазбаларынан оқып беруін өтінген. Ал, ең дұрысын Алла біледі.


[1] Қараңыз: «Нузхатуназар».


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков