Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 49 сабақ

1 219
1 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 48 сабақ

Елу тоғызыншы хадис

حدثنا سويد بن نصر. حدثنا عبد الله بن المبارك عن سعيد بن إياس الجريري عن أبي نضرة: عن أبي سعيد الخدري قال
"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) إذا استجدَّ ثوباً سماه باسمه (عمامة أو قميصاً أو رداءً) ثم يقول اللهم لك الحمد كما كسوتنيه، أسألك خيره وخير ما صنع له، وأعوذ بك من شره وشر ما صنع له".
حدثنا هشام بن يونس الكوفي. حدثنا القاسم بن مالك المزني عن الجريري عن أبي نضرة عن أبي سعيد الخدري عن النبي (صلى الله عليه وسلم) نحوه.

Бізге Сувейд ибн Нәср, оған Абдуллаибн әл-Мубәрак, Сәид ибн Ияс әл-Джәририден, Әбу Нәдрдан, Әбу Сәид әл-Худридің былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жаңа киім алғанда оны өз атымен атайтын (сәлде немесе камис немесе жамылғы), содан соң былай дейтін: «Я, Алла! Саған мақтау-мадақтар болсын! Сен маған (киім) кигіздің. Мен Сенен оның берекесін тілеймін және қандай жақсылыққа арналса, оның игілігін сұраймын, қандай жаманшылыққа арналса, оның жамандығынан Өзіңе сыйынамын».

Бізге Хишәм ибн Юнус әл-Куфи[1], оған әл-Қасим ибн Мәлік әл-Музәни[2], әл-Джәририден, Әбу Нәдрдан, Әбу Сәид әл-Худриден, Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәл осындай хадис хабарлаған.

«Өз атымен атайтын» дегенге келер болсақ, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Осы сәлде» немесе «Осы камис», - деп айтып, ары қарай жоғарыда келтірілген дұғаны оқығандығы меңзелген.

Дұғаны айтар болсақ, жаңа киім кигенде Алладан ол киімнің игілікке киілуін және сол киімнің кесірінен туындайтын жамандықтан, мәселен, өзіңе қарама-қарсы жыныс өкілдерінің назарын аударудан қорғауын сұрап, осы дұғаны оқу сүннет болып саналады.

Бұл, әсіресе, әйелдерге қатысты. Қазіргі кезде әйелдер бірдеңе сатып алған бойда алған заттарын дүйім жұртқа көрсетіп, өздеріне еркектердің назарын аудару үшін әлеуметтік желілерде жариялайды.
Сондай-ақ, имам әт-Тирмизи осындай мағынадағы хадиске тағы бір иснад келтірген. Хадистердің мәтіні ұқсайтын болса, мухаддистер оны баяндамай, «Дәл осындай хадис» дейтін.

Алпысыншы хадис

حدثنا محمد بن بشار. حدثنا معاذ بن هشام. حدثني أبي عن قتادة عن أنس بن مالك قال:
"كان أحب الثياب إلى رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يلبسه الحِبَرة".

Мухаммад ибн Бәшшәр, оған Муаз ибн Хишәм, оған әкесі Қатададан, Әнәс ибн Мәліктің былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ең сүйікті киімі жамылғы болатын».

Бұл – Йемен мақтасынан жасалған, шәлі сияқты киім. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, соны үстіне орап жүретін.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүйікті киімінің камис болғандығы айтылған Умм Сәләмәдан риуаят етілген хадис пен осы хадистің арасындағы қайшылыққа келер болсақ, имам әл-Бәйджури Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінің үйінде киетін сүйікті киімі камис болғандығын, ал, сахабаларымен бірге болғанда киетін сүйікті киімі жамылғы болғандығын айтқан.

Сонымен қатар, имам әл-Бәйджури[3] осы хадистің сенімдірек екенін айтады. Өйткені, Бұхари мен Муслим соны қолдаған. Сол себепті де, оған осыған дейін келтірілген Умм Сәләмәдан риуаят етілген хадис қарсы тұра алмайды.

[1] Сенімге лайықты. Одан Әбу Дәуд пенТирмизи хадис риуаят еткен.

[2] Одан Бұхари, Муслим, Тирмизи және ИбнМәджә хадис риуаят еткен.

[3] Әл-Мәуәһиб, 165-ші бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков