Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 50 сабақ

1 714
4 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 49 сабақ

Алпыс бірінші хадис

:حدثنا محمود بن غيلان. حدثنا عبد الرزاق. حدثنا سفيان عن عون ابن أبي جحيفة عن أبيه قال
"رأيت النبي (صلى الله عليه وسلم) وعليه حلة حمراء كأني أنظر إلى بريق ساقيه قال سفيان أراها حِبَرَة"

Бізге
Махмуд ибн Ғаялән, оған Әбдур-Раззақ, оған Суфьян[1], Әун ибн Әбу Джухейфәдан, оның әкесінен[2] хабарлаған: «Мен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үстінен қызыл киім көрдім. (Әлі де) бейне бір оның аяғының жылтырына қарап тұрғандаймын». Суфьян: «Меніңше, ол – жамылғы», - деген.

Бұл хадистен түсінетініміз, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жамылғыны үстіне түгелдей орап алатындықтан, оның шеттері тізесінен төмен түсіп тұратын болған.

Алпыс екінші хадис

:حدثنا علي بن خشرم. حدثنا عيسى بن يونس عن إسرائيل عن أبي إسحاق عن البراء بن عازب قال
."ما رأيت أحداً من الناس أحسن في حلة حمراء من رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ، أنْ كانت جُمَّتُهُ لَتضرب قريباً من منكبيه"

Бізге Ә
ли ибн Хашрам[3], оған Иса ибн Юнус[4],Исраилдан[5], Әбу Исхақтан, әләраъ ибн Әзибтің былай дегенін хабарлаған: «Мен үстіне қызыл киім киген Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сымбатты жанды көрмедім. Оның шашы иығына дерлік түсіп тұрды».

Бұл хадис бұған дейін түсіндірілді.
 
Алпыс үшінші хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي. حدثنا عبيد الله بن إياد عن أبيه عن أبي رمثة قال
."رأيت النبي (صلى الله عليه وسلم) وعليه بردان أخضران"

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, оған Әбдур-Рахман ибн Мәһди, оған Убейдуллаһ ибн Ияд
[6], өзінің әкесінен[7], Әбу Римсәдан хабарлаған: «Мен Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көргенімде үстіне екі жасыл жамылғы киген екен».

Бұл – плащқа ұқсас оранатын киім. Әйгілі қасыда «Әл-Бурда» атауы осыдан шыққан.

Алпыс төртінші хадис

:حدثنا عبد بن حميد. حدثنا عفان بن مسلم. قال حدثنا عبد الله بن حسان العنبري عن جدتيه دُحيبة وعُليبة عن قيلة بنت مخرمة قالت
."رأيت النبي (صلى الله عليه وسلم) وعليه أسمال ملّييتَيْن كانتا بزعفران وقد نفضته وفي الحديث قصة طويلة"

Бізге Әбд ибн Хумейд, оған Әффән ибн Муслим, оған Абдуллаһ ибн Хәссән әл-Әнбәри екі әжесі Зухейлә мен Ғулейбәдан, Қалья бинт Махрамның былай дегенін хабарлаған: «Мен Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көрдім. Ол үстіне бозғалдақпен боялған, бірақ, өңі кеткен бірнеше қабат киім киген екен». Бұл хадисте ұзақ хикая бар
.

Кейбір хадистерде бозғалдақпен боялған киімді киюге тыйым салынатындығы айтылады. Имам әл-Бәйджури бозғалдақтың түсі жылтырап тұратын жаңа боялған киім туралы айтылғандығын жазған. Ал, егер бозғалдақтың түсі оңа бастаса, тыйым салынбайды[8].


[1] Суфьян әс-Саури.

[2] Әбу Джухейфә. Әйгілі сахаба.

[3] Имам және хафиз. Одан Муслим, Нәсәи, Ибн Хузейма және басқалар риуаят еткен.

[4] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[5] Иса ибн Юнустың ағасы.

[6] Одан риуаят етілген хадистер Ибн Мәджәнің жинағынан басқа жинақтардың бәрінде кездеседі.

[7] Иядтан.

[8] Әл-Мәуәһиб, 169-шы бет.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы


АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков