Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 51 сабақ

1 756
8 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 50 сабақ

Алпыс бесінші хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا بشر بن المفضل عن عبد الله بن عثمان بن خثيم عن سعيد بن جبير عن ابن عباس قال
"قال رسول الله (صلى الله عليه وسلم) عليكم بالبياض من الثياب ليلبسها أحياؤكم وكفنوا فيها موتاكم، فإنها من خير ثيابكم".

Бізге
Қутәйбә ибн Сәид, оған Бишр ибн әл-Муфәддаль, Абдуллаһ ибн Усман ибн Хайсәмнан, Сәид ибн Джубейрдан, Ибн Аббастан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Ақ киім киіңдер. Тірі жүргендерің ақ киінсін, өлілеріңді де аққа ораңдар. Ақиқатында, бұл – сендердің киімдеріңнің ең абзалы»».

Ақ түсті киім кию – сүннет. Сол себепті, жұма және айт намаздарына, зікір және ілім алу мәжілістеріне және т.б. да сол сияқты періштелер жүруі ықтимал болған жерлерге ақ түсті киім кию абзал[1].

Сондай-ақ, имам әл-Бәйджури мәйітті ақ кебінге орау абзал екенін айтады, себебі, өлім – періштелермен кездесетін шақ, сондықтан, адамның ең әсем киімге оралғаны дұрыс.

Ал, Ибн Хәджәр әл-Хайтами осы хадисті түсіндіре келіп, жаңа киімді алғаннан кейін оны нәжіске былғанған болуы мүмкін деген қорқынышпен жуудың құпталмайтын жаңалық екенін жазады. Ондай күдік және оған еру Шариғатта құпталмайды[2].

Алпыс алтыншы хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي. حدثنا سفيان عن حبيب بن أبي ثابت عن ميمون بن أبي شبيب عن سمرة بن جندب قال
"قال رسول الله (صلى الله عليه وسلم) البَسوا البياض فإنها أطهر وأطيب، وكفنوا فيها موتاكم".

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, оған Әбдур-Рахман ибн Мәһди, оған Суфьян
[3], Хәбиб ибн Әбу Сәбиттен[4], Мәймун ибн Әбу Шәйбтан, Сәмура ибн Джундубтың[5] былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Ақ түсті киім киіңдер, ақиқатында, ол – ең таза әрі ізгі түс. Марқұмдарыңды да аққа ораңдар»».

Алдыңғы хадисте бұл киімнің абзал екендігі себебі көрсетілместен айтылған болса, бұл хадисте ақ түсті киімнің неліктен ең абзал екені түсіндіріледі: өйткені, ақ түс – таза әрі ізгі түс.

Ибн Хәджәр әл-Хайтами ақ түстің тазалықтың түсі екенін, онда басқа еш нәрсенің, не кірдің, не нәжістің қоспасы жоқ екенін, сол себепті де, ақ түстің қашанда тазалық пен ізгіліктің нышаны болғандығын айтады[6].

Сонымен қатар, Ибн Хәджәр мұсылман адамның мереке күндері ақ болмаса да, өзінде бар ең ең қымбат киімді кигені абзал екенін айтады. Себебі, мұндағы мақсаттардың бірі – адамның өзінде бар ең қымбат әрі бекзат киімді киюі[7].

Киім түсінің, атап айтқанда, әйелдердің қара киінуінің төңірегінде қазіргі кезде көптеген пікірталастар жүргізілуде.

Қара түс сүннет емес, десе де, оны киюге рұқсат етіледі (мубәх). Кейбіреулер «ваххабит әйелдер қара киінеді, сол себепті, олай киінбеген дұрыс» дегендей желеу айтып, қарсылық білдіріп жатады.

Бірақ, шындығында, қара абаяға немесе Шариғат талаптарына сай келетін басқа да киімге қарсы шығып жүргендердің өздері көп жағдайда мұсылман әйел киетін хиджабқа емес, тауыстың қауырсын жамылғысына ұқсайтын киіммен жүреді.

Сондықтан, қара абаяға деген өшпенділік –әйелдердің жалпы шариғи киіміне өшпенділік. Адамдар сол өшпенділіктерін ваххабиттерге деген жеккөрінішпен бүркеуге тырысады.


[1] Әл-Мәуәһиб, 170-ші бет.

[2] Әшраф әл-уәсаиль, 130-шы бет.

[3] Суфьян әс-Саури.

[4] Ұлы имамдардың және муджтахидтердің бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да бар.

[5] Ең ұлы сахабалардың бірі. Одан көптеген хадистер риуаят етілген.

[6] Әшраф әл-уәсаиль, 129-шы бет.

[7] Әшраф әл-уәсаиль, 131-ші бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков