Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 52 сабақ

1 607
11 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 51 сабақ

Алпыс жетінші хадис

:حدثنا أحمد بن منيع. حدثنا يحيى بن زكريا بن أبي زائدة. حدثنا أبي عن مصعب بن شيبة عن صفية بنت شيبة عن عائشة قالت
"خرج رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ذات غدات وعليه مِرط من شعر أسود".

Бізге Ахмад ибн Мәни`, оған Яхья ибн Зәкәрия ибн Әбу Зәидә[1], оған әкесі[2], Мус`әб ибн Шәйбәдан, Сафия бинт Шәйбәдан[3], Аишаның былай дегенін хабарлаған: «Бір күні Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үстіне қара жүннен тігілген жамылғы (плащ) киіп шықты».

Бұхари мен Муслимде Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүннен тігілген қара плащын кигенде былай дегені баяндалған:

إنما أنا عبد ألبس كما يلبس العبيد

«
Ақиқатында, мен – құлмын және құл сияқты киінемін».

Басқаша айтар болсақ, ол заманда бұл киім түрі өте жұпыны болып саналған, бірақ, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны киюге ұялмаған.

Сондай-ақ, бұл хадистен түсінікті болғаны, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімінің арасында қара киім де болған. Сол себепті, қара түсті киімді кимеген дұрыс деп айтуға болмайды.

Алпыс сегізінші хадис

:حدثنا يوسف بن عيسى. حدثنا وكيع. حدثنا يونس بن أبي إسحاق عن أبيه عن الشعبي عن عروة بن المغيرة بن شعبة عن أبيه
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) لبس جبة رومية ضيقة الكمين

Бізге Юсуф ибн Иса, оған Уаки, оған Юнус ибн Әбу Исхақ, әкесінен, әш-Шә`биден
[4], Уруә ибн әл-Муғира ибн Шу`бәдан[5], оның әкесінен[6] Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жеңі тар ромей[7]джуббәсін кигендігін хабарлаған.

Ол джуббә Шамнан әкелінген болса да, ромей джуббәсі деп аталған себебі – ол кезде Шам византиялықтардың билігінде болған.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кәпірлер тіккен киімді кигендігі киімнің, ең бастысы, таза болуы маңызды екенін көрсетеді[8].

Барлық баяндалған хадистерден белгілі болғаны, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көбінесе арзан және айтарлықтай тұрпайы киінген. Бұл – оның дүниеуи игіліктерден бас тартқандығының және аскеттік өмір салтын ұстанғандығының көрінісі.

Бірақ, бұл Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқашан қымбат киім кимегендігін білдірмейді. Өйткені, бірде Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құны отыз түйеге парапар киім сыйға тартылғандығы хабарланады. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол киімді бір рет киген[9].

Бұл да қымбат киімді киюге тыйым салынбайтынын көрсетеді. Бірақ, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арзан әрі қарапайым киімді абзал көрген.

Шалбарға (сарауил) келер болсақ, имам әл-Бәйджури Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімдерінің арасынан шалбар шыққандығын жазған. Бірақ, анағұрлым сенімдірек пікірге сәйкес, ол ешқашан шалбар кимеген[10].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, киімі жайлы тарау осымен тәмам.


[1] Фақиһ-мухаддистердің бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[2] Зәкәрия. Хафиз.

[3] Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» оның жас сахаба әйелдердің қатарына жататынын айтады.

[4] Ұлы тәбиғин және имам.

[5] Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[6] Әл-Муғира ибн Шу`бә. Әйгілі сахаба.

[7] Өздерін ромей деп, негізінен, этникалық гректер болған Византия империясының тұрғындары атаған.

[8] Әл-Мәуәһиб, 174-ші бет.

[9] Сол жерде.

[10] Сол жерде.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков