Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 53 сабақ

1 217
15 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 52 сабақ

(باب ما جاء في خف رسول الله (صلى الله عليه وسلم
) وفيه (حديثان

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хуффасы жөніндегі тарау. Онда екі хадис бар.

Алпыс тоғызыншы хадис

:حدثنا هناد بن السّري. حدثنا وكيع عن دَلْهَم بن صالح عن حُجير بن عبد الله عن ابن بريدة عن أبيه
"أن النجاشي أهدى للنبي (صلى الله عليه وسلم) خفين أسودين ساذجين فلبسهما ثم توضأ ومسح عليهما".

Бізге Хәннәд ибн әс-Сәри, оған Уаки, Дәлһәм ибн Салихтан
[1], Худжәйр ибн Абдуллаһтан, Ибн Бурейдәдан, оның әкесінен[2] хабарлаған: «Нәджәши Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қап-қара хуффа сыйлады. Ол соны киді де, дәрет алып, соған мәсіх тартты».

Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, берілген бұл сыйлықта плащ пен шалбар (сарауил) да болған[3].

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хуффаны қолына тиген бойда киіп алған.

Имам әл-Бәйджуридің айтуынша, бұл өзіңе тарту етілген киімді бірден киіп алып, сыйлықтың ұнағанын және оған көңілің толатынын көрсетудің абзал екенін білдіреді[4].

Сонымен қатар, бұл хадисте мұсылман емес адамдардан сыйлық алуға болатынына меңзеу бар. Өйткені, бұл Нәджәшидің Исламды әлі қабылдамаған христиан кезі болатын[5].

Жетпісінші хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد حدثنا يحيى بن زكريا بن أبي زائدة عن الحسن ابن عياش عن أبي إسحاق عن الشعبي قال: قال المغيرة بن شعبة
"أهدى دِحية للنبي (صلى الله عليه وسلم) خفين فلبسهما، وقال إسرائيل عن جابر عن عامر وجُبّة فلبسهما حتى تخرقا لا يدري النبي (صلى الله عليه وسلم) أذَكِيّ هما أم لا".
.قال أبو عيسى وأبو إسحاق هذا هو أبو إسحاق الشيباني واسمه سليمان

Бізге Қатада ибн Сәид, оған Яхья ибн Зәкәрия ибн Әбу Зәидә, әл-Хасан ибн Ияштан[6], Әбу Исхақтан, әш-Шә`бидің былай дегенін хабарлаған: «Әл-Муғира ибн Шу`ба былай деді: «Дихья[7]Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хуффа сыйлағанда ол оны бірден киіп алды»». Исраил[8], Джәбирден, Әмірден[9] риуаят еткен: «Сондай-ақ, [ол] джуббәні сыйға тартты. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны бірден киіп алды. Олар кейін жыртылып қалды. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ол бауыздалған малдың терісі ме, жоқ па, білген жоқ».

Әбу Иса [әт-Тирмизи] былай деді: «Әбу Исхақ дегеніміз –Әбу Исхақ әш-Шәйбәни, оның есімі – Сүлейман».

«Олар жыртылып қалды» – мұнда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сыйға тартылған киімді жыртылғанша кигендігі айтылып тұр. Бұл хуффаға ғана қатысты, яки хуффа мен джуббәға қатысты айтылған болуы ықтимал.

«…ол бауыздалған малдың терісіме, жоқ па, білген жоқ» -Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны кигендігі киімнің, ең бастысы, таза болуы керектігін көрсетеді[10].

Сонымен қатар, бұл хадистен имам әт-Тирмизиге тән хадис жеткізу тәсілін көреміз. Егер хабарлаушыларды шатастырып алу ықтималдығы болса, имам олардың аттарына қосымша түсініктеме беріп отырады. Хадистің соңында имам әт-Тирмизи ӘбуИсхақтың Әбу Исхақәс-Сәби`и емес (алғашында адамдар солай ойлап қалуы мүмкін), әш-Шәйбәни екенін түсіндіріп кеткен.

[1] Әш-Шә`би мен өзгелерден де хадис жеткізген. Одан риуаят етілген хадистерді Әбу Дәуд, Тирмизи және Ибн Мәджә келтірген.

[2] Бурейдә.

[3] Әл-Мәуәһиб, 181-ші бет.

[4] Сол жерде.

[5] Сол жерде.

[6] Одан риуаят етілген хадистерді имам Муслим де келтірген.

[7] Дихьяәл-Кәлби.

[8] Имам әт-Тирмизи тікелей Исраилдан риуаят етпейді, сондай-ақ, ол өзінің шейхының атын атамай кеткен.

[9] Бұл – әш-Шә`би.

[10] Әл-Мәуәһиб, 183-ші бет.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков