Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 54 сабақ

1 234
18 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 53 сабақ

(باب ما جاء في نعل رسول الله (صلى الله عليه وسلم 
وفيه (11) حديثاً

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ-киімі жайлы тарау. Онда он бір хадис бар.

Жетпіс бірінші хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا أبو داود الطيالسي. حدثنا همام عن قتادة قال قلت لأنس بن مالك
."كيف كان نعل رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ؟ قال: لهما قِبالان"

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, оған Әбу Дәуд әт-Таялиси, оған Хәммәм, Қатаданың былай дегенін хабарлаған: «Мен Әнәс ибн Мәліктен: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ-киімі қандай еді?» - деп сұрадым. Ол: «Оның аяқ-киімінің екі бауы бар болатын», - деді».

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көбінесе сандал киетін. Бұл хадисте сол туралы айтылған. Сандалдың байлайтын екі бауы болған.

Бірақ, сонымен бірге, имам әл-Бәйджури[1]Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кейде аяқ-киімсіз де жүргенін, әсіресе, біреуді зиярат еткенде аяқ-киімсіз болғанын айтады.

Мұны имам әл-Ирақи өзінің сира жайлы әйгілі поэмасында айтып кеткен:

يشمي بلا نعل و لا خف إلى عيادة المريض  حوله الملا

Ол хуффа мен аяқ-киімсіз науқасты зиярат етуге бет алды.

Сонымен бірге, ибн әл-Бәйджури араб тілінде өткен тарауда сөз болған хуффа мен осы тарауда талданатын аяқ-киімнің арасында айырмашылық бар екенін айтады[2].

Жетпіс екінші хадис

حدثنا أبو كريب محمد بن العلاء. حدثنا وكيع عن سفيان عن خالد الحذاء عن عبد الله بن الحارث عن ابن عباس قال
."كان لنعل رسول الله (صلى الله عليه وسلم) قبالان مَثنى شراكهما"

Бізге Әбу Курейб Мухаммад ибн әл-Әләә, оған Уаки, Суфьяннан
[3], Халид әл-Хәзәътан[4], Абдуллаһ ибн әл-Хәристен, Ибн Аббастың былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ-киімінде екі бау бар болатын».

Жетпіс үшінші хадис

حدثنا أحمد بن منيع. (ويعقوب بن إبراهيم) حدثنا أبو داود أحمد الزبيري. حدثنا عيسى بن طهمان قال
."أخرج إلينا أنس بن مالك نعلين جرداوين لهما قِبالان، قال فحدثني ثابت بعد عن أنس أنهما كانتا نعلي النبي (صلى الله عليه وسلم)"

Бізге Ахмад ибн Мунимен Яқуб ибн Ибраһим
[5], оларға Әбу Дәуд әз-Зубейри, Иса ибн Таһманның[6] былай дегенін хабарлаған: «Әнәс ибн Мәлік бізге ешқандай жүні жоқ екі баулы былғары сандал алып шықты. Сонсоң ол былай деген: «Маған оның Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сандалы болғандығын «Әнәстан» кейін Сәбит хабарлады».


[1] Әл-Мәуәһиб, 184-ші бет.

[2] Сол жерде.

[3] Кейбіреулер оның Ибн Уейна емес, Суфьян әс-Саури екенін айтқан. Себебі, Ибн Уейна Халидтен хадис риуаят етпеген. Кейбіреулер оның Ибн Уейна екенін айтқан.

[4] Ұлы тәбиғин.

[5] Сенімге лайықты. Көптеген хадистерді риуаят еткен (муксир).

[6] Одан риуаят етілген хадистер Бұхариде кездеседі. Әнәстан жеткізген хадистерімен белгілі.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков