Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 55 сабақ

1 915
22 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 54 сабақ

Жетпіс төртінші хадис

:حدثنا إسحاق بن موسى الأنصاري. قال حدثنا معن. قال حدثنا مالك. حدثنا سعيد بن سعيد المقبري. عن عبيد بن جريج أنه قال لابن عمر رأيتك تلبس النعال السّبتية قال
."إني رأيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يلبس النعال التي ليس فيها شَعَر، ويتوضأ فيها فأنا أحب أن ألبسها"

Бізге Исхақ ибн Муса әлңсари[1], оған Мә[2], оған Мәлік, оған Сәид ибн Сәид әлақбури[3], Убәйдә ибн Джурейраның Ибн Омарға былай дегенін хабарлаған: «Байқауымша, жүнсіз былғарыдан тігілген аяқ-киім киіпсің». Сонда ол былай деген: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүнсіз былғарыдан тігілген аяқ-киім кигенін көрдім. Ол сол аяқ-киіммен дәрет алатын. Сол себепті, осы аяқ-киімді кигенді жақсы көремін».

Мұнда былғары сандал туралы айтылған. Теріні илегеннен кейін онда ешқандай жүн қалмайды.

«Ол сол аяқ-киіммен дәрет алатын» дегенге келер болсақ, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәрет алғанда аяғын жуғаннан кейін аяғы кеппей тұрып бірден сандалды киіп алатын болған[4].

Жетпіс бесінші хадис

:حدثنا إسحاق بن منصور. حدثنا عبد الرزاق عن معمر. عن ابن أبي ذئب عن صالح مولى التوأمة عن أبي هريرة قال
"كان لنعل رسول الله (صلى الله عليه وسلم) قِبالان

Бізге Исхақ ибн Мәнсур, оған Әбдур-Раззақ, Мә`мәрдан
[5], Ибн Әбу Зиъбтан[6], Салихтан[7] (мәулә әт-Тәумәъа) Әбу Хурейраның былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ-киімінің екі бауы бар болатын».

Сол аяқ-киімнің сиырдың терісінен жасалғандығы риуат етілген[8]. Сондай-ақ, имам әл-Бәйджури Әлидің, Алла оған разы болсын, сары түсті аяқ-киім кигенді ұнатқанын жеткізген[9].

Жетпіс алтыншы хадис

:حدثنا أحمد بن منيع. حدثنا أبو أحمد حدثنا سفيان عن السُّدي قال حدثني من سمع عمرو بن حُريث يقول
."رأيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يصلي في نعلين مخصوفتين"

Бізге Ахмад ибн Муни`, оған Әбу Ахмад, оған Суфьян, әс-Суддиден, оған Әмр ибн Хурейстің былай дегенін естіген адам хабарлаған: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, намазды жамалған сандал киіп оқығанын көрдім».

Басқаша айтқанда, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сандалы жаңа емес, тозған болатын. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны өзі жөндеген[10].

Көріп отырғанымыздай, бұл хадисте белгісіз жеткізуші бар, әс-Судди, Әмр ибн Хурейстің айтқандарын сол адамнан естіген.

Әл-Бәйджури, оның Ата ибн әс-Саъиб екенін әл-Қастыләниден жеткізген. Бірақ, Ата өмірінің соңына қарай риуаяттарды шатастыра бастағандықтан, әс-Судди сынға ұшырамас үшін оның атын атамаған. Ал, өзі бұл хадисті Атадан оның есте сақтау қабілеті нашарламас бұрын естіген[11].


[1] Имам әл-Бәйджури«Әш-Шәмәилдің» әр түрлі қолжазбаларында осы жеткізушінің есімі әр түрлі аталатынын айтып кеткен. Кейбіреулерінде оның Исхақ ибн Муса екені айтылса, кейбіреулерінде Исхақ ибн Мухаммад екені жазылған. Ал, Ибн Хәджәрдің «Әт-Тақрибінде» Исхақ ибн Мухаммад белгісіз жеткізуші болып саналады.

[2] Хадис имамдарының бірі. Мәліктен хадис риуаят еткен ең сенімді хабарлаушылардың бірі.

[3] Сенімге лайықты.

[4] Әл-Мәуәһиб, 188-ші бет.

[5] Йеменнің ең ұлы ғұламаларының бірі.

[6] Мухаммад ибн Әбдур-Рахман. Ұлы ғұлама және тақуа адам.

[7] Сенімге лайықты, бірақ, өмірінің соңына қарай ойдан шығарылған хадистерге ұқсайтын хадистерді баяндап, риуаяттарды шатастыра бастаған. Бірақ, Ибн Әбу Зиъб бұл хадисті одан есте сақтау қабілеті нашарламас бұрын риуаят еткен.

[8] Әл-Мәуәһиб, 190-шы бет.

[9] Сол жерде.

[10] Әл-Мәуәһиб, 190-шы бет.

[11] Сол жерде.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков