Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 56 сабақ

1 511
25 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 55 сабақ

Жетпіс жетінші хадис

:حدثنا إسحاق بن موسى الأنصاري. حدثنا معن. حدثنا مالك عن أبي الزناد عن الأعرج عن أبي هريرة أن رسول الله (صلى الله عليه وسلم) قال
."لا يمشينّ أحدكم في نعل واحدة، لينعلهما جميعاً أو ليحفهما جميعاً"
.حدثنا قتيبة عن مالك بن أنس عن أبي الزناد نحوه

Бізге Исхақ ибн Муса әлңсари, оған Мә`н, оған Мәлік, Әбу әз-Зинәдтан[1], әл-Ә`радждан[2], Әбу Хурейрадан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін хабарлаған: «Ешбірің аяқ-киімді бір ғана аяғына кимесін. Не екі аяғына да аяқ-киім кисін, не жалаң аяқ жүрсін». Қутейба бізге Мәлік ибн Әнәстан, Әбу әз-Зинәдтан дәл осындай хадис хабарлаған.

Бұл хадистегі тыйым мәкрух дегенді білдіреді[3]. Мұнда дененің қос мүшесінің біреуіне ғана киім кию жайлы айтылған. Хуффты немесе шұлықты бір ғана аяққа кию де осыған жатады[4].

Мәселен, жастардың ортасында шалбардың бір балағын түріп қойып, екінші балағын солай қалдыру сәнге айналған. Бұл да құпталмайды.

Соңында Имам әт-Тирмизи дәл осы хабарламаның басқа иснадын өзінің басқа шейхы Қутейда ибн Саидтан келтірген. Кейде мухаддистер иснадтары әр түрлі екі бірдей хадисті екі бөлек хадис ретінде келтіреді. Ал, кейде хадисте мағыналық өзгешеліктер болмаса, сол риуаяттың «дәл солай» жеткізілгенін айтып, соңында иснадтың алдыңғы иснадтан өзгеше бөлігін қоса келтіреді. Мұны имам әт-Тирмизидің «Сунанынан» өте жиі кездестіруге болады.

Сонымен қатар, имам әл-Бәйжури[5] бұл иснадта әл-Ә’радждың аты аталмағандығын, сол себепті де екінші риуаяттың мурсәл екендігін көрсетіп кеткен. Бірақ, шейх Мухаммад Әууәмә, хафизахуллаһ, мұнда алдыңғы риуаятқа сілтеме бар екендігін, сондықтан онда ирсәлдің жоқ екендігін және хадистің иснады үздіксіз екенін айтқан.

Жетпіс сегізінші хадис

:حدثنا إسحاق بن موسى. حدثنا معن. حدثنا مالك عن أبي الزبير عن جابر
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) نهى أن يأكل –يعني الرجل- بشماله أو يمشي في نعل واحدة"

Исха
қ ибн Муса, оған Мә`н, оған Мәлік, Әбу әз-Зубәйрдан,  Джәбирден Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты сол қолмен жеуге және аяқ-киімді бір ғана аяққа киюге тыйым салғандығын хабарлаған.

Тамақты ешқандай қажеттіліксіз сол қолмен жеуге келер болсақ, шәфиғиттердің пікіріне сәйкес, бұл – мәкрух танзихи, ал, мәликиттер мен ханбалиттердің пікірі бойынша – мәкрух тахрими[6].

Оған қоса, Ибн Хәджәр әл-Хайтами аяқ-киімді тұрған қалыпта кимеген абзал екендігін, отырып кию керек екенін айтқан[7].

Жетпіс тоғызыншы хадис

:حدثنا قتيبة عن مالك (ح) وحدثنا إسحاق بن موسى. حدثنا معن. حدثنا مالك عن أبي الزناد عن الأعرج عن أبي هريرة
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) قال: إذا انتعل أحدكم فليبدأ باليمين. وإذا نزع فليبدأ بالشمال، فلتكن اليمين أولهما تنعل وآخرهما تنزع"

Қ
утейба, Мәліктенхабарлаған және бізге Исхақ ибн Муса, оған Мә`н, оған Мәлік, Әбу әз-Зинәдтан, әл-Ә`радждан, Әбу Хурейрадан Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін хабарлаған: «Кімде-кім аяқ-киім кисе, оң аяғынан бастап кисін, шешкенде – сол аяғынан бастап шешсін. Аяқ-киім ең әуелі оң аяққа кигізілсін және ең соңында оң аяқтан шешілсін».

Бұл – аяқ-киімді киіп-шешу әдептерінің бірі.

[1] Абдуллаһ ибн Зикуән. Кіші тәбиғиндердің қатарына жатады.

[2] Абдур-Рахман ибн Хурмуз. Ұлы ғұлама

[3] Әл-Мәуәһиб, 191-ші бет.

[4] Сол жерде.

[5] Әл-Мәуәһиб, 192-ші бет.

[6] Әл-Мәуәһиб, 193-ші бет.

[7] Әшраф әл-уәсәил, 143-ші бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков