Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 57 сабақ

1 785
29 декабря, 15
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 56 сабақ

Сексенінші хадис

:حدثنا أبو موسى محمد بن المثنى. حدثنا محمد بن جعفر. حدثنا شعبة. حدثنا أشعث (وهو ابن أبي الشعثاء) عن أبيه عن مسروق عن عائشة قالت
."كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يحب التيمُّن ما استطاع في ترجُّله وتنعُّله وطهوره

Бізге Әб
у Муса Мухаммад ибн әл-Мусәннә, оған Мухаммад ибн Джәфәр, оған Шу`ба, оған Әш`әс (ол – Ибн Әбу әш-Шәә), әкесінен, Мәсруқтан Аишаның былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шаш тарағанда, аяқ-киім кигенде және тазаланғанда мейлінше оң жағынан бастағанды жақсы көретін».

«Мейлінше»сөзі «ол қиын емес болса» және «солай жасауға ешқандай кедергі болмаса» дегенді білдіреді. Әйтпеген жағдайда, бұл мәкрух болмайды.

Сонымен қатар, фақиһтер мешіт сияқты құрметке лайықты жерлерге оң аяқпен кіру керек екенін, ал, дәретхана секілді лас жерлерге сол аяқпен кіру дұрыс екенін айтады[1].

Жыныстық мүшені ұстағанда, истинджә жасағанда, сіңбіргенде және тағы да басқа сондай әрекеттерде сол қолды пайдаланған абзал[2].

Хадисте «тазалану» сөзі дәрет пен ғұсыл мағынасында айтылған.

Сексен бірінші хадис

حدثنا محمد بن مرزوق (أبو عبد الله) حدثنا عبد الرحمن بن قيس (أبو معاوية) حدثنا هشام عن محمد عن أبي هريرة قال
."كان لنعل رسول الله (صلى الله عليه وسلم) قِبالان وأبي بكر وعمر رضي الله عنهما، وأول من عقد عقداً واحداً عثمان رضي الله عنه"

Бізге Мухаммад ибн Марзуқ (Әбу Абдуллаһ)
[3], оған Әбдур-Рахман ибн Қайс (Әбу Муауия)[4], оған Хишәм[5], Мухаммадтан[6] Әбу Хурейраның былай дегенін хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ-киімінде екі бау бар болатын. Әбу Бәкір мен Омардың да. Ал, аяқ-киімін бір түйінмен байлауды алғаш Осман бастады».

Имам әл-Бәйджури бұл хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманына тән болған сандалды екі баумен байлау ғұрпы сипатталатынын айтқан. Әбу Бәкір мен Омардың да, Алла оларға разы болсын, халифатының кезінде солай болған.

Содан соң ғұрып өзгерген. Бұл бір баулы сандал киюдің және де сандалдан басқа аяқ-киім киюдің сөкеттігі жоқ екенін көрсетеді[7].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аяқ-киімі туралы тарау осымен тәмам.

[1] Әшраф әл-уәсаил, 144-ші бет.

[2] Сол жерде.

[3] Әбу Абдуллаһәл-Бәхили. Әл-Бәйджури «Шәмәилдің» кейбір түсіндірушілерінің оны Мухаммад ибн Мәрзуқ әл-Бәсримен шатастырып алғандарын жазған. Себебі, «Тақрибте» көрсетілгендей, алты жинақта одан ешкім хадис риуаят етпеген, ал, біріншісінен Муслим мен Ибн Мәджә риуаят еткен.

[4] Әбдур-Рахман ибн Қайс әд-Дабби әл-За`әрани. «Әт-Тақрибте» оның өтірікші жеткізуші екені айтылған. Алты жинақта одан риуаят етілген хадис жоқ.

[5] Хишәм ибн Хассан. Ол Мухаммад ибн Сириннен риуаят еткен хадистерімен белгілі. Сол себепті де, ол оны ерекше бөліп көрсетпеген. Ал, Хишәм атты бес хабарлаушы бар.

[6] Мухаммад ибн Сирин. Ұлы тәбиғин. Отызға жуық сахабаны көрген. Ол өзінің түс жоруымен де белгілі.

[7] Әл-Мәуәһиб, 196-шы бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков