Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 58 сабақ

1 874
8 января, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 57 сабақ

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігі туралы тарау. Бұл тарауда сегіз хадис бар.

(باب ما جاء في ذكر خاتم رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه (8) أحاديث

Сексен екінші хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد وغير واحد عن عبد الله بن وهب عن يونس عن شهاب عن أنس بن مالك قال
."كان خاتم النبي (صلى الله عليه وسلم) من ورق وكان فصه حبشياً"

Бізге Қ
утәйбә ибн Сәид пен тағы басқалар Абдуллаһ ибн Уахбтан, Юнустан, Ибн Шихәбтан, Әнәс ибн Мәліктен хабарлаған: «Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігі күміс болатын, ал, оның ортасы эфиопиялық болатын».

Имам әл-Бәйджури былай дейді:

«Ибн әл-Араби былай деді: «Жүзік тағу – бұрынғы өткен қауымдардың ғұрпы және Исламдағы Сүннет». Ибн Джәмаа мен тағы басқалар былай деген: «Адамдар – сәләфтар да, хәләфтар да ешқандай сөкпестен жүзік тағатын. Егер кімде-кім жүзікті біреуден уақытша ала тұрып, тақса немесе жалға алып тақса да Сүннетке қол жеткізіледі, бірақ, өз жүзігіңді тағу Сүннетке жақынырақ».

Әз-Зейнәл-Ирақи былай деген: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігінің нақты қандай болғаны белгісіз: төрт бұрышты ма, үш бұрышты ма, әлде сопақша ма. Бұл мәселеге келер болсақ, әркім әр түрлі жүзік таққан»[1].

Хадисте «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігі күміс болатын» дегенге келер болсақ, темір немесе болат секілді металдардан жасалған жүзікті тағуға болатын-болмайтынына қатысты фақиһтердің арасында келіспеушілік бар[2].

Сондай-ақ, жүзік тағу барлығы үшін сүннет пе, әлде жүзіктерін мөр қою үшін пайдаланатын әміршілер мен сот әділқазылары секілді соны қажет ететін адамдар үшін ғана сүннет пе – бұл жөнінде фақиһтердің арасында келіспеушілік бар.

Ибн Әбидин, рахимахуллаһ, жүзік тағуға қажеттілік жоқ болса, оны тақпаған дұрыс екенін «Хашиятта» айтып кеткен[3].

Сексен үшінші хадис

:حدثنا قتيبة. حدثنا أبو عوانة عن أبي بشر عن نافع عن ابن عمر
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) اتخذ خاتماً من فضة، فكان يختم به ولا يلبسه"
.قال أبو عيسى: أبو بشر: اسمه جعفر بن أبي وحشي

Бізге Қ
утәйда, Әбу Әууәнәдан, ӘбуБишрдан, Нәфидан, ибн Омардан  хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, күміс жүзік тағатын. Ол жүзікпен мөр қоятын, бірақ, оны тақпайтын». Әбу Исабылай деген: «ӘбуБишр: оның есімі– Джәфәр ибн Әбу Уахши».

Имам әл-Бәйджури[4] бір риуаят бойынша, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзікті хижраның жетінші жылында таға бастағанын, басқа риуаят бойынша, алтыншы жылында таға бастағанын Ибн Сейиид-н-нәстан, рахимахуллаһ, келтірген.

«Ол жүзікпен мөр қоятын, бірақ, оны тақпайтын» дегенге келер болсақ, мұның сыртқы мағынасы Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оң қолына жүзік таққаны баяндалатын келесі хадистерге қайшы келеді.

Имам әл-Бәйджури[5], рахимахуллаһ, мұның мүмкін деген екі түсіндірмесін берген:

Не Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, екі жүзігі болған: біреуімөр басуға, екіншісі тағуға арналған. Не Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әдемілікке таққандай боп көрінбес үшін жүзікті жиі тақпаған.


[1] Әл-Мәуәһиб, 197-ші бет.

[2] Әл-Мәуәһиб, 198-ші бет.

[3] Ибн Әбидиннің «Хашияты», 6/359.

[4] Әл-Мәуәһиб, 198-ші бет.

[5] Әл-Мәуәһиб, 199-шы бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков