Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 59 сабақ

1 393
12 января, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 58 сабақ

Сексен төртінші хадис

:حدثنا محمود بن غيلان. قال حفص بن عمر بن عبيد (هو الطنافسي) حدثنا زهير (أبو خيثمة) عن حميد عن أنس بن مالك قال
"كان خاتم النبي (صلى الله عليه وسلم) من فصة، فصه منه"

Бізге Махмуд ибн Ғаялән хабарлаған: «Хафс ибн Умар ибн Убейд (ол - әт-Танәфәси), Хузейрдан (ӘбуХайсәмә), Хумейдтен, Әнәс ибн Мәліктен баяндады: «Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігі күмістен жасалған болатын, сондай-ақ, оның [мөр басуға арналған] көзі де».

Сексен бесінші хадис

:حدثنا اسحاق بن منصور. حدثنا معاذ بن هشام. حدثني ابي عن قتادة عن أنس بن مالك قال
."لما أراد رسول الله (صلى الله عليه وسلم) أن يكتب إلى العجم قيل له إن العجم لا يقبلون إلا كتاباً عليه خاتم، فاصطنع خاتماً فكاني أنظر إلى بياضه في كفه"

Бізге
Исхақ ибн Мәнсур, Муаз ибн Хишәмнан, оның әкесінен, Қатададан, Әнәс ибн Мәліктен хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, араб емес халықтарға үндеу хат жолдамақ болғанда олар оған хаттарды тек мөрмен ғана қабылдайтындарын айтты. Сонда ол өзіне жүзік жасатты. Мен оның қолындағы аппақ бұйымға қарап тұрғандаймын».

Бұл жерде Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Иран мен Византияның әміршілері секілді кәпірлердің билеушілеріне Исламды қабылдауға үндеп жазған хаты жайында айтылған.

Сонда Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, билеушілердің хаттарды мөрсіз қабылдамайтындары айтылды, себебі, мөр хаттың жалған емес екенін көрсетеді.

«Мен оның қолындағы аппақ бұйымға қарап тұрғандаймын» – өйткені, жүзік күмістен жасалған болатын.

Сонымен қатар, бұл хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бейнесінің олардың жадтарында сақталып қалғандығы және олар үшін онымен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арадағы рухани байланыстың үзілмегендігі меңзелген.

Сексен алтыншы хадис

:حدثنا محمد بن يحيى حدثنا محمد بن عبد الله الأنصاري. حدثني أبي عن ثمامة عن أنس بن مالك قال
كان نقش خاتم رسول الله (صلى الله عليه وسلم) (محمد) سطر و(رسول) سطر و(الله) سطر

Бізге Мухаммад ибн Яхья, Мухаммад ибн Абдуллаһ әл-Аңсариден, оның әкесінен[1], Сумәмәдан[2], Әнәс ибн Мәліктен[3] хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігінде былай жазылған еді: Мұхаммед Алланың Елшісі»

Басқаша айтқанда, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігінде, хадистің мәтінінде көрсетілгендей, «Мұхаммед – Алланың Елшісі» деп үш қатарға жазылған.

Имам әл-Бәйджури, рахимахуллаһ, сахабалардың жүзіктерінде болған кейбір жазуларды атап өткен.

Омар ибн әл-Хаттабтың жүзігінде мынадай жазу болған:

كفى بالموت واعظا

Насихат үшін өлім жеткілікті.

Әли ибн Әбу Тәліптің, каррамаллахууаджхаху, жүзігінде былай жазылған еді:

لله الملك

Билік тек Аллаға ғана тиесілі.

Ал, Ибн әл-Джәррахтың, Алла оған разы болсын, жүзігінде былай жазылған еді:

الحمد لله

Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән.


[1] Абдуллаһ ибн әл-Мусанна.

[2] Ол Абдуллаһ ибн әл-Мусаннаның ағасы болатын.

[3] Әнәс ибн Мәлік, Алла оған разы болсын, Сумәмәнің атасы болған. Сумәмә одан хадис риуаят еткен.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков