Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 60 сабақ

1 498
15 января, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 59 сабақ

Сексен жетінші хадис

:حدثنا نصر بن علي الجهضمي (أبو عمرو) حدثنا نوح بن قيس عن خالد بن قيس عن قتادة عن أنس بن مالك
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) كتب إلى كسرى وقيصر والنجاشي، فقيل له لا يقبلون كتاباً إلا بخاتم، فصاغ، رسول الله (صلى الله عليه وسلم) خاتماً حلقته فضة ونقش فيه محمد رسول الله"

Бізге
Нәср ибн Әли әл-Джәһдами (Әбу Әмр), Нух ибн Қайстан, Халид ибн Қайстан[1], Қатададан, Әнәс ибн Мәліктен хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Иранның, Византияның және ән-Нәджәшидің әміршісіне хат жазғанда, оған: «Олар хаттарды тек мөрмен ғана қабылдайды», - деп айтылды. Сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзіне күмістен жүзік жасатып, оған «Мұхаммед – Алланың Елшісі» деп жазуды әмір етті»».

Имам әл-Бәйджури[2] Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігінде:

لا اله الا الله محمد رسول الله

«Алладан басқа құлшылыққа лайық ешкім жоқ. Мұхаммед – Алланың Елшісі»

деген жазу болғандығы келтірілген әлсіз риуаяттар болғандығын айтады. Ал, басқа риуаятта былай келтірілген:

بسم الله محمد رسول الله

Алланың атымен. Мұхаммед – Алланың Елшісі.

Имам әл-Бәйджури[3] былай дейді:

«Мұстафаның, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігінде адамның бейнесі болған дегендер қателескен. Ибн Джәмәә айтқандай, Алла Тағала иманға толы, пәк жүрек иесінің ондай әрекетке баруына жол бермейді.

Мурсәл[4], мудааль[5] хадистер және сахабалардан жеткен риуаяттар тірі жанның бейнесіне тыйым салатын сенімді хадистерге қайшы келеді».

Кейбір әлсіз риуаяттарда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігінде арыстанның бейнеленгендігі хабарланады. Бірақ, имам әл-Бәйджури айтып кеткендей, ол риуаяттар әлсіз және тірі жанды бейнелеуге және ондай суреттерді тағуға (киюге) тыйым салатын сенімді хадистерге қайшы келеді.

Мұсылман адам мұқияттылық танытып, қандай да бір тірі жан бейнеленген киімді кимегені жөн, әсіресе, намаз оқу кезінде. Себебі, ханафи мәзһабына сәйкес, тірі жанның бейнесін кию (тағу) –мәкрух тахрими, сондықтан, ондай намаз жарамды болса да, өміріңнің соңына дейін оны қайта оқу қажет болады[6].

Имам әл-Бәйджуридің «Алла Тағала иманға толы жүрек иесінің тірі жан бейнеленген нәрселерді тағуына (киюіне) жол бермейді» деген сөздерін қайта оқып шыққан абзал. Алла бізге жар болғай. Әмин.

[1] Яғни, өзінің ағасынан. «Әл-Кашифте» оның сенімге лайықты екені, «Әт-Тақрибте» оның садуқ екені айтылған. Әл-Бұхари одан риуаят етілген хадистерді сенімсіз деп тапқан. Бірақ, Муслим мен Әбу Дәуд одан хадис риуаят еткен.

[2] Әл-Мәуәһиб, 204-ші бет.

[3] Әл-Мәуәһиб, 204-205 беттер.

[4] Сахабаның аты аталмайтын, тәбиғин риуаят еткен хадис.

[5] Екі жеткізушінің аты аталмаған хадис.

[6] Ибн Әбидиннің «Хашият» кітабы, 2/62-63.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков