Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 61 сабақ

1 101
19 января, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 60 сабақ

Сексен сегізінші хадис

:حدثنا إسحاق بن منصور. حدثنا سعيد بن عامر والحجاج بن منهال عن همام عن ابن جريج عن الزهري عن أنس
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) كان إذا دخل الخلاء نزع خاتمه"

Бізге Исхақ ибн Мәнсур, Саид ибн Әмірден[1] және әл-Хәджәдж ибн Минһәлден[2], Хәммамнан, ибн Джурейджден[3], әз-Зухриден, Әнәстан хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әжетханаға кіргенде жүзігін шешетін».

Бұл хадис Алланың және пайғамбарлардың аттары сияқты ардақты есімдер жазылған нәрселермен дәретханаға кірудің мәкрух екенін көрсетеді.

Мухаммад немесе Ахмад сияқты пайғамбарлардың да, қарапайым адамдардың да аттары болуы ықтимал есімдерге келер болсақ, имам әл-Бәйджури сол атпен Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтылып тұрған болса, онымен дәретханаға кірудің мәкрух екенін, басқа біреудің аты болса, мәкрух болмайтынын айтқан[4].

Сексен тоғызыншы хадис

:حدثنا إسحاق بن منصور. حدثنا عبد الله بن نمير. حدثنا عبيد الله بن نافع عن ابن عمر قال
"اتخذ رسول الله (صلى الله عليه وسلم) خاتماً من ورق فكان في يده، ثم كان في يد أبي بكر ويد عمر، ثم كان في يد عثمان حتى وقع في بئر أريس نقشه محمد رسول الله

Бізге Исхақ ибн Мәнсур, Абдуллаһ ибн Нумәйрдан
[5], Убейдуллаһ ибн Нәфиден, Ибн Омардан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қолына күміс жүзігін тағып жүретін, содан соң ол Әбу Бәкірдің қолында болды, содан соң – Омардың, содан соң Арис құдығына түсіп кеткенге дейін Османның қолында болды. Онда: «Мұхаммед –Алланың Елшісі» деген жазу бар болатын».

«Қолына» – атап айтқанда, кішкентай саусағына[6].

Содан соң Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігі Әбу Бәкір әс-Сыддыққа, Алла оған разы болсын, өткен. Әбу Бәкір жүзікті ары қарай Муэйкибке беріп, оны сақтауды және мөр қоятын кезде халифке беріп отыруды табыстаған.

Бұл жерден түсінетініміз, сахабалар Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заттарын берекет алуға (тәббәрук) пайдаланып отырған.

Содан кейін Осман, Алла оған разы болсын, ол жүзікті Кубба мешітінің маңындағы Арис құдығына түсіріп алған да, іздеп көрген,бірақ, таба алмаған.

Имам әл-Бәйджури[7] билік жүзігінің жоғалуы бір нышан болғандығын айтады. Содан кейін Османның төңірегінде неше түрлі бүліншілік пен фитна басталып, ақыр соңында оның трагедиялық өлімімен аяқталды.


[1] Имамдардың бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[2] Сенімге лайықты. Ізгі жандардың бірі. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[3] Ұлы имам әрі фақиһ. Исламда алғаш кітап жаза бастағандардың бірі.

[4] Әл-Мәуәһиб, 205-бет.

[5] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер көптеген кітаптарда кездеседі.

[6] Әл-Мәуәһиб, 206-бет.

[7] Әл-Мәуәһиб,206-бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков