Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 62 сабақ
Бізге Мухаммад ибн Суһәйл ибн Әскәр әл-Бағдадимен Абдуллаһ ибн Әбдур-Рахман, Яхья ибн Хәссәннан[1], Сулейман ибн Биләлдан[2], Шәрик ибн Абдуллаһ ибн Әби Нәмирадан[3],Ибраһим ибн Абдуллаһ ибн Хунәйннан, оның әкесінен[4], Әли ибн Әбу Тәліптен хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзігін оң қолына тағатын».
Бізге Ахмад ибн Мәни,Язид ибн Хәруннан, Хәммәд ибн Сәләмнан хабарлаған: «Мен Ибн Әбу Рафиидің[9] жүзікті оң қолына тағып жүргенін көрдім де, одан сол жайлы сұрадым. Сонда ол былай деді: «Мен Абдуллаһ ибн Джәфәрдың[10]жүзікті оң қолына тағып жүргенін көрдім. Абдуллаһ ибн Джәфәр былай деді: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзікті оң қолына тағатын еді»»».
[1] Имам. Одан риуаят етілген хадистер Ибн Мәджәның жинағынан басқа жинақтардың бәрінде кездеседі.
[2] Ұлы имам. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.
[3] «Ибн Әби Нәмира» деп нақтылап айтылғандығы оның Шәрик ибн Абдуллаһ әл-Қады емес екенін білдіреді. Біздің бұл жеткізушімізге қатысты келіспеушіліктер бар. Әбу Дәуд оны мықты деп таныса, ән-Нәсәи – әлсіз деп тапқан.
[4] Абдуллаһ ибн Хунәйн.
[5] Ахмад ибн Салихәл-Мисри.Хафиз. Кейбіреулер оны сынға алған. Бірақ, одан риуаят етілген хадистер әл-Бұхари мен Әбу Дәудта кездеседі.
[6] Әл-Мәуәһиб, 208-бет.
[7] Сол жерде.
[8] Сол жерде.
[9] Әбдур-Рахман ибн ӘбуРафи. Одан риуаят етілген хадистер төрт «Сунанда» кездеседі.
[10] Әкесі сияқты, ол да сахаба. Ол –мұсылмандардың һижра кезінде Эфиопияда туылған алғашқы сәбиі.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
Комментарии: 0
Правила форума