Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 63 сабақ

1 168
26 января, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 62 сабақ

Тоқсан екінші хадис

:حدثنا يحيى بن موسى. حدثنا عبد الله بن نمير. حدثنا إبراهيم بن الفضل عن عبد الله بن محمد بن عقيل عن عبد الله بن جعفر
."أنه (صلى الله عليه وسلم) كان يتختم في يمينه"

Бізге Яхья ибн Муса, Абдуллаһ ибн Нумәйрдан, Ибраһим ибн әл-Фәдлдан[1], Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн Әқилдан, Абдуллаһ ибн Джәфәрдан Пайғамбардың, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), жүзікті оң қолына таққандығын хабарлаған.

Имамәл-Бәйджури, рахимахуллаһ, осы риуаяттың бір хабарламасында мынадай толықтыру бар екенін айтады: «Сұлулыққа сол қолдан гөрі оң қол көбірек лайық».

Тоқсан үшінші хадис

:حدثنا أبو الخطاب زياد بن يحيى. حدثنا عبد الله بن ميمون عن جعفر بن محمد عن أبيه عن جابر بن عبد الله  
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) كان يتختم في يمينه"

Бізге Әб
у әл-Хаттаб Зияд ибн Яхья[2], Абдуллаһ ибн Мәймуннан, Джәфәр ибн Мухаммадтан[3], оның әкесінен[4], Джәбир ибн Абдуллаһтан Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзікті оң қолына таққанын хабарлаған».

Тоқсан төртінші хадис

:حدثنا محمد بن حميد الرازي. حدثنا جرير عن محمد بن إسحاق عن الصلت بن عبد الله قال: كان ابن عباس يتختم في يمينه ولا إخاله، إلا قال
."كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يتختم في يمينه"

Бізге
Мухаммад ибн Хумейд әр-Рази, Джәрирден, Мухаммад ибн Исхақтан, әс-Сальта ибн Абдуллаһтан хабарлаған: «Ибн Аббас жүзікті сол қолына тағатын, менің ойымша[5], ол былай деді: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзікті оң қолына тағатын»».

Имам әл-Бәйджури[6] Әбу Дәудтың жинағында осы хадистің анағұрлым толық түрі бар екенін айтады: «Мухаммад ибн Исхақ былай деген: «Мен әс-Сальтаның оң қолының кішкентай саусағына тағылған жүзікті көрдім де, одан сол жайлы сұрадым. Сонда ол былай деді: «Мен Ибн Аббастың жүзік тағып жүргенін көрдім...»». Ары қарай сол хадис келтіріледі».

Тоқсан бесінші хадис

:حدثنا محمد بن أبي عمر. حدثنا سفيان عن أيوب بن موسى عن نافع عن ابن عمر
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) اتخذ خاتماً من فضة وجعل فصّه مما يلي كفه ونقش فيه محمد رسول الله ونهى أن ينقش أحدٌ عليه، وهو الذي سقط من مُعَيقيب في بئر أريس"

Бізге Мухаммад ибн Әбу Омар, Суфьяннан, Аюб ибн Мусадан, Нәфиден, Ибн Омардан хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, күміс жүзік тағатын. Оның көзі алақан жағына қаратылып қойылатын. Онда «Мұхаммед –Алла Елшісі» деген жазу бар еді. Ол басқа адамдарға дәл сондай жазуы бар жүзік тағуға тыйым салды. Муайкәбтың Арис құдығына түсіріп алған жүзігі де осы жүзік».

Жүзіктің көзі алақанның сыртқы жағына қаратылып тағылды ма, әлде ішкі жағына қаратылып тағылды ма, оған қатысты әр түрлі риуаяттар бар.

«Мұхаммед – Алла Елшісі» деген жазудың басқаларға тыйым салынған себебі, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ол жүзікті мөр қоюға пайдаланған. Егер тағы біреуде дәл  сондай мөр болса, бұл мұсылмандардың істерін көмескілендіріп, бүлік туғызар еді[7].


[1] Мухаммадибн әл-Фәдл ибн Сууейдемес, Мухаммад ибн әл-Фәдл ибн Сулейман әл-Мәхзуми. Одан риуаят етілген хадистерді Ибн Мәджә мен әт-Тирмизи жеткізген. Әлсіз жеткізуші болып саналады.

[2] Әлсіз хабарлаушы болып саналады. Одан әт-Тирмизи ғана хадис риуаят еткен.

[3] Джәфәрәс-Садық.

[4] Мухаммад әл-Бәкир.

[5] Бұл – әс-Сальта ибн Абдуллаһтың айтқан сөзі.

[6] Әл-Мәуәһиб, 211-бет.

[7] Әл-Мәуәһиб,213-бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков