Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 64 сабақ

1 401
29 января, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 63 сабақ

Тоқсан алтыншы хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا حاتم بن إسماعيل عن جعفر بن محمد عن أبيه قال
."كان الحسن والحسين يتختمان في يسارهما"

Бізге Қ
утәйбә ибн Саид, Хәтим ибн Исмаилдан, Джәфәр ибнМухаммадтан, оның әкесінен[1] хабарлаған: «Әл-Хасан мен әл-Хусейн жүзікті сол қолдарына тағатын».

Мухаммад әл-Бәкирге келер болсақ, оның Хасанды көрген болуы және оның жүзігін қай саусағына таққанын жеткізуі мүмкін емес. Ал, Хусейнге келер болсақ, ол өлтірілген күні Мухаммад әл-Бәкир төрт жаста болған. Ол Хусейннің, яғни, атасының жүзікті қай саусағына таққанын есінде сақтап қалған болуы ықтимал.

Ол мұны әкесінен, яғни, Зейнәл-Әбидиннен, Алла оған разы болсын, риуаят еткен деген де нұсқа бар. Ондай жағдайда риуаятта бір жеткізушінің аты аталмаған.

Имам әл-Бәйхақи Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Әбу Бәкірдің, Омардың, Әлидің, Хасанның және Хусейннің жүзікті сол қолдарына таққандарын жеткізген.

Автордың бұл риуаятты осылай аталған тарауда осындай иснадпен келтірген себебі – бұл риуаят дәлел деп саналмайтындықтан болар.

Тоқсан жетінші хадис

:حدثنا عبد الله بن عبد الرحمن. حدثنا محمد بن عيسى (وهو ابن الطباع) حدثنا عباد بن العوام عن سعيد بن أبي عروبة عن قتادة عن أنس بن مالك
."أنه (صلى الله عليه وسلم) كان يتختم في يمينه"

Бізге Абдуллаһ ибн Әбдур-Рахман, Мухаммад ибн Исадан (бұл – Ибнәт-Табә`)
[2], Әббәд ибн әл-Әууәмнан[3], Саид ибн Әбу Әрубтан[4], Қатададан, Әнәс ибн Мәліктен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүзікті оң қолына таққанын хабарлаған.

Имам әл-Бәйджури[5] «Шәмәилдің» кейбір қолжазбаларында осы хадистен кейін имам әт-Тирмизидің мына сөздері баяндалатынын айтады:

قال أبو عيسى: هذا حديث غريب لا نعرفه من حديث سعيد بن أبي عروبة عن قتادة عن أنس عن النبي (صلى الله عليه وسلم) نحو هذا إلا من هذا الوجه. وروى بعض أصحاب قتادة عن قتادة عن أنس بن مالك عن النبي (صلى الله عليه وسلم) أنه كان يتختم في يساره وهو حديث لا يصح أيضاً

«Бұл–ғариб хадис. Біз Саид ибн Әбу Арубтан, Қатададан, Әнәстан, Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жеткізілген хадистердің ішінде осы хадисті ғана білеміз. Қатаданың кейбір шәкірттері Қатададан, Әнәстан Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол қолына да жүзік таққанын жеткізген. Ол хадис те сенімсіз».

Тоқсан сегізінші хадис

:حدثنا محمد بن عبيد الله المحاربي. حدثنا عبد العزيز بن أبي حازم عن موسى بن عقبة عن نافع عن ابن عُمر قال
."اتخذ رسول الله (صلى الله عليه وسلم) خاتماً من ذهب فكان يلبسه في يمينه فاتخذ الناس خواتيمَ من ذهب فطرحه (صلى الله عليه وسلم) وقال لا ألبسه أبداً فطرح الناس خواتيمهم

Бізге Мухаммад ибн Убейдуллаһ әл-Мухәраби, Әбдул-Әзиз ибн Әбу Хәзимнен, Муса ибн Уқбәдан, Нәфиден, Ибн Омардан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алтын жүзік тағатын. Содан соң адамдар да алтын жүзік таға бастады. Сосын ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен енді мұны ешқашан тақпаймын», - деп жүзікті лақтырып жіберді. Содан кейін адамдар да жүзіктерін лақтырып жіберді».

Мұнда алтын бұйымдарға әлі тыйым салынбаған уақыт туралы айтылып тұр. Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол жүзікті лақтырып жіберуі еркектерге алтын мен күміс тағуға салынған тыйымға сәйкес келді.


[1] Мухаммад әл-Бәкир.

[2] Имам-хафиз.

[3] Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[4] Өз заманының имамы. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[5] Әл-Мәуәһиб, 215-ші бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков