Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 65 сабақ

1 306
2 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 64 сабақ

باب ما جاء في صفة سيف
 رسول الله (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (4) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қылышының сипаттамасы туралы тарау. Онда төрт хадис бар.

Тоқсан тоғызыншы хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا وهب بن جرير. حدثنا أبي عن قتادة عن أنس قال
"كانت قَبيعةُ سيفِ رسول الله (صلى الله عليه وسلم) من فِضّة"

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, Уәһб ибн Джәрирден, әкесінен, Әбу Қатададан, Әнәстан хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қылышының сабы күміс болатын».

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бірнеше қылышы болған. Ең біріншісі әл-мәъсур (المأثور) деп аталған, ол сол қылышын әкесінен мұралыққа алған.

Сондай-ақ, оның әл-қадиб (القضيب), әл-қуләи (القلعي), бәттәр (بتار), әл-хәтф (الحتف), әл-михзәм (المخذم), әр-рассуб (الرسوب) және Зул-Фиқар (ذوالفقار) деген семсерлері болған.

Имам әл-Бәйджури[1] бұл хадисте Зул-Фиқар қылышы туралы сөз болғандығын айтқан.

Кейін сол қылыш Әли мен оның ұрпағына мирас боп қалған.

Жүзінші хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا معاذ بن هشام. حدثني أبي عن قتادة عن سعيد بن أبي الحسن البصري قال
"كانت قبيعة سيف رسول الله (صلى الله عليه وسلم) من فضة".

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, Муәз ибн Хишәмнан, оның әкесінен, Қатададан, Сәид ибн Әбул-Хасан әл-Бәсриден
[2] хабарлаған: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, семсерінің сабы күмістен жасалған болатын».

Жүз бірінші хадис

حدثنا أبو جعفر محمد بن صدران البصري حدثنا طالب ы:ن حُجير عن هود (وهو ابن عبد الله بن سعيد) عن جده قال
"دخل رسول الله (صلى الله عليه وسلم) مكة يوم الفتح وعلى سيفه ذهب وفضة، قال طالب فسألته عن الفضة فقال كانت قبيعة السيف فضة".

Бізге Әбу Джәфәр ибн Садран әл-Бәсри, Талиб ибн Худжәйрдан
[3], Худтан (бұл - Ибн Абдуллаһ ибн Сәид), өзінің атасынан[4] хабарлаған: «Мекке басып алынған күні Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалаға кіргенде оның қылышында алтын мен күміс бар еді». Талиб былай деген: «Мен одан күміс жөнінде сұрап едім, ол: «Қылыштың сабы күмістен жасалған болатын», - деді».

Имам әл-Бәйджури бұл хадистің әлсіз екенін, сол себепті, оған сүйеніп, қылышты алтынмен әрлеуге болады деген рұқсат шығарылмайтындығын айтады[5].

Жүз екінші хадис

حدثنا محمد بن شجاع البغدادي. حدثنا أبو عبيدة الحدادي عن عثمان بن سعد عن بن سيرين قال: صنعت سيفي على سيف سمرة بن جندب.
"وزعم سمرة أنه صنع سيفه على سيف رسول الله (صلى الله عليه وسلم) وكان حنَفيّاً".
حدثنا عقبة بن مكرمة البصري. حدثنا محمد بن بكر عن عثمان بن سعد بهذا الإسناد نحوه.

Бізге Мухаммад ибн Шәджә әл-Бағдади, Әбу Убәйдә әл-Хәдәдиден, Осман ибн Саадтан, Ибн Сириннен хабарлаған: «Мен Сәмура ибн Джундубтың семсерінің үлгісімен өзіме семсер жасадым. Сәмура өзінің қылышын Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қылышының үлгісімен жасағандығын және [оның қылышының] ханафилік болғандығын айтты».

Бізге Уқбә ибн Мәкрамә әл-Бәсри, Мухаммад ибн Бәкірден, Осман ибн Саадтан дәл соны хабарлаған.

Бұл жерде оның қылышын қару-жарақ жасауда шебер болған бану Ханифа тайпасы жасағандығы жайлы айтылып тұр.


[1] Әл-Мәуәһиб, 217-бет.

[2] Бұл –Хасан әл-Бәсридің бауыры. Сенімге лайықты жеткізуші.

[3] Әл-Қаттан оны әлсіз хабарлаушы деп тапқан.

[4] Анасы жағынан. Бұл - Мазбуданемесе Мазбида(басқа нұсқасында) деген сахаба.

[5] Әл-Мәуәһиб, 219-бет.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков