Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 66 сабақ

1 746
5 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 65 сабақ

باب ما جاء في صفة درع
 (رسول الله (صلى الله عليه وسلم
(وفيه (حديثان

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сауыты сипатталған тарау. Онда екі хадис бар
.

Жүз үшінші хадис

:حدثنا أبو سعيد عبد الله بن سعيد الأشج. حدثنا يوسف بن بكير عن محمد بن إسحاق عن يحيى بن عباد بن عبد الله بن الزبير عن أبيه عن جده عبد الله بن الزبير عن الزبير بن العوام قال
."كان على النبي (صلى الله عليه وسلم) يوم أحد درعان، فنهض إلى الصخرة فلم يستطع، فأقعد طلحة تحته وصعد النبي (صلى الله عليه وسلم) حتى استوى على الصخرة، قال: سمعت النبي (صلى الله عليه وسلم) يقول أوجب طلحة

Бізге Әбу Саид Абдуллаһ ибн Саид әл-Әшәдж[1], Юсуфибн Букәйрдан[2], Мухаммадибн Исхақтан, Яхья ибн Әббадибн Абдуллаһ ибн әз-Зубәйрдан[3], оның әкесінен[4], оның атасы  Абдуллаһ ибн әз-Зубәйрдан, әз-Зубәйр ибн әл-Әууәмнан хабарлаған: «Ухудта Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үстіне екі сауыт киіп алған еді. Ол жартасқа шығайын деген кезде шыға алмады. Сол кезде Талха жергеотырды да, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның үстіне міну арқылы жартасқа шығып, бойын тікейтті». Содан соң ол былай деді: «Мен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Талха [Жәннатқа] лайық болды», - дегенін естідім».

Имам әл-Бәйджури[5], рахимахуллаһ, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сегіз түрлі сауыты болғанын жеткізген. Олардың әрқайсысының өз аты болған:

1) Зәт әл-фудул (ذاتالفضول). Оған ұзындығына бола сондай ат берілген. Бұл – Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өлер алдында яһудиге қарызының орнына кепіл ретінде қалдырып кеткен сауыты.

2) Зәт әл-уишәх (ذاتالوشاح).

3) Фидда (فضة).

4) Әс-Суғдия (السغدية). Кейбіреулер оның Дәуіт пайғамбардың, оған Алланың сәлемі болсын, сауыты екенін айтады. Бірақ, олай болуы екіталай.

5) Әт-Тәбраъ (التبراء).

6) әл-Хирниқ (الخرنق).

7) Зәт әл-хәуәши (ذاتالحواشي).

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Ухуд шайқасына киген екі сауытына келер болсақ, әл-Байджури айтып кеткендей[6], кейбір риуаяттарда мынадай толықтыру келтіріледі:

درعه ذات الفضول و درعه فضة

«
Оның үстіне киген сауыттары Зәт әл-фудул мен Фидда еді».

Осы хадисте суреттелген оқиғаларға келер болсақ, мұнда пұтқа табынушылар «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Ухудта қаза тапты» деп айта бастағанда Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жартастың басына шығып, мұсылмандарға өзінің аман екенін көрсеткісі келгендігі жайлы баяндалған.

Неліктен Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жартасқа өзі шыға алмады дейтін болсақ, хадистің сыртқы мағынасына сәйкес, ол үстіндегі екі сауыттың ауырлығынан жартасқа шыға алмаған. Сонымен бірге, ол Ухудта жарақат алғандығы немесе жартас биік болғандығы себепті оған шыға алмаған болуы ықтимал деп те баяндалады[7].

Жүз төртінші хадис

:حدثنا أحمد بن أبي عمر. حدثنا سفيان بن عيينة عن يزيد بن خصيفة عن السائب بن يزيد
."أن رسول الله (صلى الله عليه وسلم) كان عليه يوم أحد درعان قد ظاهر بينهما"

Бізге Ахмад ибн Әбу Омар, Суфьян ибн Уейнәдан, Язид ибн Хусайфәдан, әс-Саиб ибн Язидтен хабарлаған: «Ухудта Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үстінде бір-бірін жауып тұрған екі сауыт болды».

Сондай-ақ, бұл өмірде қорғану үшін сыртқы себептерді пайдаланудың Сүннет екенін және бір істі қолға алғанда оның сыртқы себебін жасап болып, содан соң тәуекел ету керектігін білдіреді.


[1] Хафиз әрі өз заманының имамы. Кейбіреулер оның замандастарының арасынан хадисті одан артық білген адам болмағанын айтқан.

[2] Ибн Мәиин оның «садуқ» екенін, ал, Әбу Дәуд оның дәлел болып табылмайтынын айтқан. Оның хадистерін әл-Бұхари өзінің «тааликтерінде» келтіреді, Муслим де солай.

[3] Сенімге лайықты (сиқа). Оның хадистері алты жинақтың алтауында да келтіріледі.

[4] Әббад ибн Абдуллаһ ибн әз-Зубәйрдан.

[5] Әл-Мәуәһиб , 221-бет.

[6] Әл-Мәуәһиб,222-бет.

[7] Сол жерде.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков