Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 67 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дулығасы суреттелген тарау

1 482
9 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 66 сабақ

باب ما جاء في صفة مِغْفر
(رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه حديثان

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дулығасы суреттелген тарау. Онда екі хадис бар.

Жүз бесінші хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا مالك بن أنس عن ابن شهاب عن أنس بن مالك
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) دخل مكة وعليه مغفر، فقيل له هذا ابن خَطَل متعلق بأستار الكعبة فقال اقتلوه"

Бізге Қутәйбә ибн Саид, Мәлік ибн Әнәстан, Ибн Шиһәбтан, Әнәс ибн Мәліктен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеге кіргенде басында дулыға болғанын хабарлаған. Оған: «Қағбаның жабынына жабысып алған адам –Ибн Хатал», - делінген. Сонда ол: «Оны өлтіріңдер», - деген.

Имам әл-Бәйджури басқа риуаятта Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккеге қара сәлде киіп кіргені баяндалатынын айтады.

Бұл риуаяттардың арасында қайшылық жоқ, өйткені, дулыға сәлденің үстінен киілген болуы мүмкін.

Сонымен қатар, мұнда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шайқасқа дайын болғандығына нұсқау бар. Ал, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, басында сәлде болғандығы баяндалған риуаят оның ихрам халінде болмағанын білдіреді[1].

Жүз алтыншы хадис

:حدثنا عيسى بن أحمد. حدثنا عبد الله بن وهب حدثني مالك بن أنس عن ابن شهاب عن أنس بن مالك
."أن رسول الله (صلى الله عليه وسلم) دخل مكة عام الفتح وعلى رأسه المغفر قال فلما نزعه جاءه رجل فقال له: ابن خطل متعلق بأستار الكعبة فقال اقتلوه، قال ابن شهاب، وبلغني أن رسول الله (صلى الله عليه وسلم) لم يكن يومئذ محرماً"

Бізге Иса ибн Ахмад, Абдуллаһ ибн Уәһбтан, Мәлік ибн Әнәстан, Ибн Шиһәбтан, Әнәс ибн Мәліктен Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккені жаулап алып, кіргенде оның басында дулыға болғанын хабарлаған. Ол басындағы дулығасын шешкен кезде біреу
[2] келіп, былай деген: «Ибн Хатал Қағбаның жамылғысына жармасып алды». Сонда ол: «Оны өлтіріңдер», - деген.

Ибн Шиһәб былай деген: «Маған Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол күні ихрам халінде болмағаны жетті».

Ибн Хаталға келер болсақ, ол әуелі мұсылман болған, содан соң Исламнан безген де, мұсылмандарды өлтірген, Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тіл тигізіп, балағаттаған.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бұл бұйрығын орындауға Әммәр ибн Ясир мен Саид ибн Хурейс асыға жөнелген. Бірақ, Саид ибн Хурейс Әммәрдың алдын орағытып әкеткен.

Тағы бір риуаятта өлім жазасын Әбу Бәрзаның жүзеге асырғаны баяндалады. Бірақ, осы муртадты өлтіруге екі сахаба да қатысты деп тұжырымдау арқылы екі риуаятты біріктіруге болады.

Мәликиттер Алла Елшісін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, балағаттап, оған тіл тигізген адамның тіпті ол тәубесіне келіп, Исламды қабылдаған күнде де өлім жазасына тартылатынын дәл осы хадиске сүйеніп айтады: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ар-намысын қорғау мақсатында өлім жазасы бәрібір жүзеге асырылуы тиіс.

Оған қоса, шәфиғиттер осы хадиске сүйеніп, егер кімде-кім кіші қажылық та, үлкен қажылық та жасамайтын болса, ихрам халіне кірмей-ақ Меккеге кіруіне рұқсат етілетіндігін айтады.


[1] Әл-Мәуәһиб, 224-бет.

[2] Ол Әбу Бәрза, Алла оған разы болсын, еді.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков