Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 68 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәлдесі туралы баяндалатын тарау, 1 бөлім

1 375
12 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 67 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дулығасы суреттелген тарау

باب ما جاء في عمامة
(رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه (5) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәлдесі туралы баяндалатын тарау. Онда бес хадис бар.

Жүз алтыншы хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي عن حماد بن سلمة (ح) وحدثنا محمود بن غيلان حدثنا وكيع عن حماد بن سلمة عن أبي الزبير عن جابر قال
."دخل النبي (صلى الله عليه وسلم) مكة يوم الفتح وعليه عمامة سوداء"

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, Әбдур-Рахман ибн Мәһдиден, Хаммад ибн Сәләмнан (хә) және Махмуд ибн Ғаялән бізгеУәкиден, Хаммад ибн Сәләмнан, Әбуәз-Зубәйрдан, Джәбирден хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Меккені жаулап алған күні қалаға кіргенде басында қара сәлде бар еді».

Сәлде – тақияға орап байланатын мата. Сәлде тағу– Сүннет[1].

Бану әл-Мутасымның кейбір адамдары сол сәлденің Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ағасы әл-Аббасқа табысталғанын, содан соң оның халиф болған адамның басына байланғандығын айтқан.

Бұл хадистен мухаддистердің арасында «тахуил санад» деп аталатын құбылысты көріп отырмыз. Ондай жағдайда екі иснад тізбектің бір жерінде түйісіп, бір хадиске алып келеді. Бұл «ха» таңбасымен белгіленеді.

Бұл жағдайда имам әт-Тирмизи, рахимахуллаһ, осы хадистегі Хаммад ибн Сәләмға дейінгі өзінің екі иснадын келтіреді: біріншісі – Мухаммад ибн Бәшшәр, Әбдур-Рахман ибн Мәһдиден, екіншісі – Махмуд ибн Ғаялән, Уәкиден.

Хадис терминологиясында Хаммад ибн Сәләм«мадариснад» деп аталады. Бұл екі иснад келіп тірелетін орта деген мағынаны білдіреді.

Жүз жетінші хадис

:حدثنا ابن أبي عمر. حدثنا سفيان عن مساور الوراق عن جعفر بن عَمرو بن حريث عن أبيه قال
"رأيت على رأس رسول الله (صلى الله عليه وسلم) عمامة سوداء"

Бізге Ибн Әбу Омар, Суфьяннан[2], Мусәуир әл-Уаррақтан[3], Джәфәр ибн Әмр ибн Хурейстан, оның әкесінен хабарлаған: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, басына қара сәлде кигенін көрдім».

Жүз сегізінші хадис

:حدثنا محمود بن غيلان ويوسف بن عيسى قالا حدثنا وكيع عن مساور الوراق عن جعفر بن عمرو بن حريث عن أبيه
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) خطب الناس وعليه عمامة سوداء"

Бізге Махмуд ибн Ғаялән мен Юсуф ибн Иса, Уәкиден, Мусәуир әл-Уаррақтан, Джәфәр ибн Әмр ибн Хурейстан, оның әкесінен хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға уағыз оқыды, сол кезде оның басында қара сәлде бар еді».

Мұның бәрі – Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұсылмандармен бірге Меккеге кірген кезінен баяндамалар. Сол кезде ол басына дулыға киіп жүрген. Бұл оның пұтқа табынушылардың әскери арандатуларына тойтарыс беруге дайын болғандығын көрсетті. Ал, дулығасының астынан сәлдесі көрініп тұрған.

Содан соң Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Қағбаның қасында тұрып, мұсылмандарға уағыз айтқан.


[1] Әл-Мәуәһиб, 227-бет.

[2] Суфьян ибн Уейна.

[3] Аскет. Кейбіреулер оның болар-болмас қателері барын айтқан. Одан риуаят етілген хадистер Бұхаридің жинағынан басқа жинақтардың бәрінде кездеседі.




Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков