Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 69 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәлдесі туралы баяндалатын тарау, 2 бөлім

1 233
16 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 68 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәлдесі туралы баяндалатын тарау, 1 бөлім

Жүз оныншы хадис

:حدثنا هارون بن إسحاق الهمداني. حدثنا يحيى بن محمد المدني عن عبد العزيز بن محمد عن عبيد الله بن عمر عن نافع عن ابن عمر قال
"كان النبي (صلى الله عليه وسلم) إذا اعتم سدل عمامته بين كتفيه".
.قال نافع وكان ابن عمر يفعل ذلك قال عبيد الله ورأيت القاسم بن محمد وسالماً يفعلون ذلك

Бізге Харун ибн Исхақ әл-Хамдани[1], Яхья ибн Мухаммад әләдәниден, Әбдул-Әзиз ибн Мухаммадтан, Убайдуллаһ ибн Умардан[2], Нәфиден, Ибн Омардан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, басына сәлде таққан кезде оның бір жағын екі жауырынының арасына түсіріп қоятын». Нәфи былай деген: «Ибн Омар да солай істейтін». Убайдуллаһ та былай деген: «Мен Қасиммен Сәлимнің де солай істегенін көрдім».

Басқаша айтқанда, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тақиясына сәлде таққанда мата түгелдей басына оралмай, бір бөлігі екі жауырынының арасына түсіп тұратын болған.

Имам әр-Раббани, қуддиса сирруху, «Мактубат» кітабында осы сүннетті орындаудың және сәлдені дәл солай тағудың абзал екенін түсіндіруге көп көңіл  бөледі.

Имам әл-Бәйджури егер кімде-кім осы сүннетті орындау арқылы тәкаппар болып көрінемін деп қорықса да, оған бәрібір бұл сүннеттен бас тарту бұйырылмайтынын кейбір шәфиғиттерден жеткізген.

Ол жүрегіндегі тәкаппарлықты сүннеттен бас тарту арқылы емес, нәпсісіне қарсы тұрып, өз-өзімен күресіп, жүрегін тазарту арқылы жойғаны жөн[3].

Сәлденің салбыраған бөлігінің ұзындығына келер болсақ, имам әл-Бәйджури, рахимахуллаһ, оның, ең кем дегенде, төрт саусақ, ең көп дегенде, бір шынтақпен тең болуы керек екенін жазады[4].

Сәлдені қалай тағу керек дегенге келер болсақ, оны тақияға да немесе тақиясыз-ақбасқа орауға болатыны жеткізілген. Бірақ, біріншісі Сүннетке жақынырақ[5].

Ал, Абдуллаһ ибн Омар, әл-Қасим ибн Мухаммад және Сәлим жайлы баяндалғандығы имамдар мен салиқалы жандардың бұл сүннетті қалдырмай ұстанғандығын білдіреді.

Жүз он бірінші хадис

:حدثنا يوسف بن عيسى. حدثنا وكيع حدثنا أبو سليمان وهو عبد الرحمن بن الغسيل عن عكرمة عن ابن عباس
."أن النبي (صلى الله عليه وسلم) خطب الناس وعليه عمامة دسماء"

Бізге
Юсуф ибн Иса, Уәкиден, Әбу Сулейманнан және ол –Әбдур-Рахман ибн әл-Ғасил,Икримадан, Ибн Аббастан Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға уағыз айтқанда басында қара сәлде болғандығы хабарланған.

Имамәл-Бәйджури, рахимахуллаһ, бұл уағыздың Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болар алдында оқылғандығын жеткізген. Ол адамдардың алдына басына қара сәлде киіп шығып, насихат және уағыз айтқан.

Бұл хадисте دسماء сөзі қолданылады. Бұл «қара түс» деген де мағынаны білдіреді.


[1] Имам-хафиз және аскет. Одан риуаят етілген хадистер әт-Тирмизиде, ән-Нәсәиде және Ибн Мәджәда кездеседі.

[2] Убайдуллаһ ибн Умар ибн Хафс ибн Әсым ибн Умар ибн әл-Хаттаб әл-Умари.

[3] Әл-Мәуәһиб, 231-бет.

[4] Сол жерде.

[5] Әл-Мәуәһиб, 227-бет.




Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков