Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 71 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, изарының сипаттамасы жайлы тарау, 2 бөлім

1 281
23 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 70 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, изарының сипаттамасы жайлы тарау, 1 бөлім

Жүз он үшінші хадис

:حدثنا محمود بن غيلان. حدثنا أبو داود عن شعبة عن الأشعث بن سُلَيم قال سمعت عمتي تحدث عن عمها قال
."بينا أنا  أمشي بالمدينة إذا إنسان خلفي يقول: ارفع إزارك فإنه أتقى وأبقى، فإذا هو رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ، فقلت يا رسول الله إنما هي بُردَة مَلحاء، قال أما لك في أسوة؟ فنظرت فإذا إزاره إلى نصف ساقَيه"

Махмуд ибн
Ғаялян, Әбу Дәудтен, Шу`бәдан, әл-Әш’әс ибн Суләймнан хабарлаған: «Мен әпкемнің[1] өз ағасынан[2]  былай риуаят еткенін естідім: «Мәдинада келе жатқанымда арт жағымнан біреудің маған былай дегенін естідім: «Изарыңды көтер, өйткені, бұл тақуалыққа жақынырақ және [киімің де] ұзағырақ сақталады». Сөйтсем, ол Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, екен. Мен: «Уа, Алла Елшісі, бұл жай ғана қара плащ қой», - дедім. Сонда ол: «Мен саған үлгі емеспін бе - деді. Оған қарасам, изары жіліншігінің ортасына дейін түсіп тұр екен»».

Убайдуллаһ ибн Халид, Алла оған разы болсын, Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, плащының қара түсті екенін айтып, оның қарапайым және арзан екенін меңзеген болатын. Ол Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтқанын «киімді бүлдірмеу керек» деп түсінген және оның әмірі соған қатысты айтылды деп ойлаған.

Имам әт-Тирмизи, рахимахуллаһ, дәл осы хадисті осы бөлімде келтіру арқылы қазіргі кезде осы мәселеге байланысты туындап жатқан неше түрлі күмәндарға жауап берген, нақтырақ айтқанда, киімнің етегін тобықтан төмен түсірмеген абзал екенін нұсқаған.

Имам әл-Байджури[3] имам ән-Нәуәуидің киімнің етегін жіліншіктен тобыққа дейінгі аралықта түсіруге болады деген сөзін келтірген. Ал, егер киімнің етегі тобықтан төмен түссе және ол тәкаппарлықтан түсірілсе, оған тыйым салынады, ал, егер тәкаппарлық болмаса – мәкрух.

Имам әл-Бәйджури айтып кеткендей, изарға қатысты шариғаттық шешім басқа киімдерге де қолданылады[4].

Сол себепті, осы мәселедегі шешімді шиеленістіруге тырысып, осы тақырыпқа қатысты хадистердің неше түрлі түсіндірмелерін ойларынан шығарып айтатындарға: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Мен саған үлгі емеспін бе?» - деген сөзін қайталап айту керек.

Жүз он төртінші хадис

:حدثنا سويد بن نصر. حدثنا عبد الله بن المبارك عن موسى بن عبيدة عن إياس بن سلمة بن الأكوع عن أبيه قال
."كان عثمان بن عفان يأتزر إلى أنصاف ساقيه، وقال هكذا كانت إزْرةُ صاحبي يعني النبي (صلى الله عليه وسلم)"

Бізге Сууәйд ибн Нәср, Абдуллаһ ибн әл-Мубәрактан, Муса ибн Убәйдадан[5], Ияс ибн Сәләм ибн әл-Әкуә`дан[6], оның әкесінен[7] хабарлаған: «Осман ибн Аффанның изары жіліншігінің ортасына дейін түсіп тұратын. Сондай-ақ, ол былай деді: «Менің досымның, яғни, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, изары осындай болатын»».

Жүз он бесінші хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا أبو الأحوص عن أبي إسحاق عن مسلم بن نذير عن حذيفة بن اليمان قال
."أخذ رسول الله (صلى الله عليه وسلم) بعضلة ساقي أو ساقه، فقال هذا موضع الإزار فإن أبيت فأسفل، فإن أبيت فلا حق للإزار في الكعبين"

Бізге Қутәйбә ибн Сәид, Әбу әл-Әхуастан, Әбу Исхақтан, Муслим ибн Нәзирден, Хузәйфә ибн әл-Яманнан хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, менің немесе өзінің жіліншігін ұстады да, былай деді: «Мынау изардың орны. [Қысқартқың] келмесе, төменірек (түсіруге) болады, оны да қаламасаң, изардың тобыққа дейін [түсуге] хақы жоқ»».

Хадистің сөзбе-сөз мағынасы киімнің етегін тобықтан төмен ғана емес, тобыққа дейін де түсіруге болмайтынын меңзейді.

Бірақ, әл-Бұхариде мынадай хадис риуаят етілген:

ما أسفل الكعبين في النار

«
Тобықтан төмен болған нәрсе – отта».

Бұл хадис сақтық үшін айтылған болуы мүмкін[8].


[1] Оның есімі – Рухм.

[2] Убайдуллаһ ибн Халид.

[3] Әл-Мәуәһиб, 235-бет.

[4] Сол жерде.

[5] Имам Ахмад одан хадис жеткізуге болмайтынын айтқан. Оның хадистерін Ибн Мәджә да келтірген.

[6] Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[7] Сәләмә.

[8] Әл-Мәуәһиб, 237-бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков