Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 72 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүрісі жайлы баяндалатын тарау

1 312
26 февраля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 71 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, изарының сипаттамасы жайлы тарау, 2 бөлім

باب ما جاء في مشية
(رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه (3) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүрісі жайлы баяндалатын тарау. Онда үш хадис бар.

Жүз он алтыншы хадис

:حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا ابن لهيعة عن أبي يونس عن أبي هريرة قال
."ما رأيت شيئاً أحسن من رسول الله (صلى الله عليه وسلم) كأن الشمس تجري في وجهه، ولا رأيت أحداً أسرع في مشيته من رسول الله (صلى الله عليه وسلم) كأنما الأرض تُطوى له، إنا لَنجهد أنفسنا وإنه غير مكترث"

Бізге Қатада ибн Саид, ибн Ләһи`әдан[1], Әбу Юнустан[2], Әбу Хурейрадан хабарлаған: «Мен Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, асқан сымбатты адамды көрмедім. Оның жүзі нұрланып тұратын. Сондай-ақ, жер аяғының астында төселіп жатқандай, Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жылдам жүретін адамды көрмедім. Біз [оның артынан ілесіп отыру үшін] асығып жүретінбіз, ал, ол асықпай[жүретін]».

Бұл хадисте Әбу Хурейра, Алла оған разы болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өте тез жүргендігін және оның соңынан ілесіп отырудың қиын болғандығын, ол үшін біршама күш жұмсау қажет болғандығын риуаят еткен. Ал, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзі болса, асықпай, қалыпты қадам басып жүрген. Сол себепті де, жер оның алдында төселіп, оған, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзі келе жатқандай көрінетін.

Жүз он жетінші хадис

:حدثنا علي بن حجر وغير واحد قالوا: حدثنا عيسى بن يونس عن عمر بن عبد الله مولى غُفْرة، قال أخبرني إبراهيم بن محمد من ولد علي بن أبي طالب قال
."كان علي إذا وصف النبي (صلى الله عليه وسلم) قال: كان إذا مشى تقلع كأنما ينحط من صَبب"

Бізге Әли ибн Худжр және тағы басқалар Иса ибн Юнустан, Ғуфрдың азат етілген құлы Умар ибн Абдуллаһтан хабарлаған: «Маған Әли ибн Әбу Тәліптің балаларының бірі Ибраһим ибн Мухаммад хабарлады: Әли Пайғамбарды, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, суреттегенде оның құдды қырдан түсіп келе жатқандай шапшаң жүргендігін айтты»».

Жүз он сегізінші хадис

:حدثنا سفيان بن وكيع قال حدثنا أبي عن المسعودي عن عثمان بن مسلم بن هرمز عن نافع بن جبير بن مطعم عن علي بن أبي طالب كرم الله وجهه
."كان النبي (صلى الله عليه وسلم) إذا مشى تكفَّأ تكفُّؤاً كأنما ينحطط من صبَب"

Бізге Суфьян ибн Уәки`, өзінің әкесінен, әл-Мәсудиден, Усман ибн Муслим ибн Хурмуздан, Нафи` ибн Джубәйр ибн Мут`имнан, Әли ибн Әбу Тәліптен, каррамаллаху уә джхаху, хабарлаған:
«Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүргенде құдды қырдан түсіп келе жатқандай алға қарай еңкейіңкіреп жүретін».

Осы тараудағы үш хадис те Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өте тез жүргенін және оның жүрісінің қарқынды болғанын хабарлайды: ол аяқтарын баяу басып, теңселіп жүрмеген, себебі, жалқаулар солай жүреді емес пе.


[1] Абдуллаһ ибн Ләхи`ә– әйгілі хафиз және Мысырдың қадиі. Оның қолжазбалары мен жазбаларының бәрі өртеніп кеткеннен кейін оны әлсіз хабарлаушы деп тапқан.

[2] Әбу Хурейраның азат етілген құлы. Оның есімі –Суләйм ибн Джубәйр.




Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков