ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 73 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тәқаннуғы жайлы тарау
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 72 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүрісі жайлы баяндалатын тарау
Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын, тәқаннуғы жайлы тарау. Бұл тарауда бір хадис бар.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
باب ما جاء في
تقنع
(رسول الله (صلى
الله عليه وسلم
(وفيه حديث واحد)
Жүз он тоғызыншы хадис
:حدثنا يوسف بن
عيسى. حدثنا وكيع. حدثنا الربيع بن صبيح عن يزيد بن أبان عن أنس بن مالك قال
"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يكثر القناع كأن ثوبه ثوب الزيات"
Бізге Юсуф ибн Иса, Уәкиден, әр-Раби`а ибн Субейхтан,
Язид ибн Әбәннан, Әнәс ибн Мәліктен хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын,
көбінесе [майланған басына] мата жабатын. Оның киімі май сатушының киіміне
ұқсайтын».
Тәқаннуғ – басқа май жаққаннан кейін киім, атап
айтқанда, сәлде бүлінбес үшін басты матамен орау.
«Мунтахаәс-суль» кітабының авторы[1], имам әс-Суютыдан, рахимахуллаһ,
Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, басын майлағаннан кейін
басын және бетінің біраз бөлігін матамен орағанын жеткізген.
Сондай-ақ, имам әл-Бәйджури, рахимахуллаһ, Ибн
Мәсғудтың, Алла оған разы болсын, мына сөздерін келтіреді:
التقنع من أخلاق
الأنبياء
Бұл Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен
сәлемі болсын, сүннеттерінің бірі болған. Оның мұны тұрақты түрде жасап тұрғаны
соншалық, киімі май сатушының киіміне ұқсап кеткен. Өйткені, сатушы маймен
жұмыс істейтіндіктен, киіміне май сіңіп қалады емес пе.
Сонымен қатар, Алла Елшісі, оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын, сақалына да май жағатын болған. «Мунтахаәс-суль»[3] кітабының авторы әт-Тәбәраниден
риуаят еткендей, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сақалына
май жаққанда иегіндегі сақалдан бастаған.
[1] Мунтаха әс-суль, 1/318.
[2] Әл-Мәуәһиб, 241-бет.
[3] Мунтахаәс-суль, 1/320.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kzP.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Предыдущий урок
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 74 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғаны жайлы тарау
Следующий урок
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 72 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жүрісі жайлы баяндалатын тарау
Комментарии: 0
Правила форума