Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 74 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғаны жайлы тарау

1 477
4 марта, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 73 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тәқаннуғы жайлы тарау

باب ما جاء في جلسة
(رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه (3) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғаны жайлы тарау. Онда үш хадис бар.

Жүз жиырмасыншы хадис

:حدثنا عبد بن حميد. حدثنا عفان بن مسلم. حدثنا عبد الله بن حسان عن جدتيه عن قيلة بنت مخرمة أنها
"رأت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) في المسجد وهو قاعد القُرفصاء، قالت: فلما رأيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم)  المتخشّع في الجلسة فأرْعِدْتُ من الفَرَق

Бізге Әбд ибн Хумейд, Аффан ибн Муслимнен, Абдуллаһ ибн Хассаннан, оның екі әжесінен[1], Қайлиәһ бинт Махрамадан оның Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте аяғын ішіне басып, тізесін  құшақтап отырғанын (әл-қурфуса) көргендігін хабарлаған. Сондай-ақ, ол былай деген: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ойға шомып кеткенін көргенде бойымды қорқыныш биледі».

Хадисте сипатталған отырыс әл-қурфуса деп аталады: бұл аяқты кеудеге басып, тізені құшақтап отыруды білдіреді. Олай отыру адамның бірдеңе жайлы қатты толғанып, ойға беріліп кеткенін көрсетеді. Қайлиәһ бинт Махраманы, Алла оған разы болсын, қорқытқан нәрсе сол болған сияқты: ол Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ойға шомып, рухани толғаныста отырғанын көрген.

Жүз жиырма бірінші хадис

- :حدثنا سعيد بن عبد الرحمن المخزومي وغير واحد قالوا: حدثنا سفيان عن الزهري عن عباد بن تميم عن عمه
"أنه رأى النبي (صلى الله عليه وسلم) مستلقياً في المسجد واضعاً إحدى رجليه على الأخرى".

Бізге Саид ибн Әбдур-Рахман әл-Махзумимен тағы басқалар Суфьяннан, әз-Зухриден, Әббәд ибн Тәмимнен, оның ағасынан[2] оның Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мешітте бір аяғын екінші аяғының үстіне қойып, шалқасынан жатқанын көргендігін хабарлаған.

Имам әл-Бәйджури[3] мешітте жатуға болатын болса, отыруға болатыны сөзсіз екенін айтады. Сондықтан да, имам әт-Тирмизи аталмыш хадисті осы бөлімде келтірген.

Сондай-ақ, бұл хадис әуреттің ашылып кету қаупі жоқ болса, шалқадан жатуға рұқсат етілетінін көрсетеді[4].

Жүз жиырма екінші хадис

:حدثنا سلمة بن شبيب. حدثنا عبد الله بن إبراهيم المدني. حدثنا إسحاق بن محمد الأنصاري عن ربيح بن عبد الرحمن بن أبي سعيد عن أبيه عن جده أبي سعيد الخدري قال
"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) إذا جلس في المجلس احتبى بيديه".

Бізге Сәләмә ибн Шәбиб, Абдуллаһ ибн Ибраһим әл-Мәдәниден, Исхақ ибн Мухаммад әл-Аңсариден, Рубәйх ибн Әбдур-Рахман ибн Әбу Саидтан, оның әкесінен[5], оның атасы Әбу Саид әл-Худриден хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отырғанда аяғын кеудесіне қысып, тізесін құшақтап отыратын (әл-ихтиба)».

Имам әл-Бәйджури Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, таң намазынан кейін және құтпаның кезінде олай отырмағанын айтады. Себебі, олай отыру адамның ұйқысын келтіреді.
Ал, таң намазынан кейін Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, аспан аппақ түске боялып, күн толық шыққанға дейін аяғын айқастырып отыратын болған.


[1] СафияменДухая.

[2] Абдуллаһ ибн Зәйд.

[3] Әл-Мәуәһиб, 244-бет.

[4] Әл-Мәуәһиб, 244-245 беттер.

[5] Әбдур-Рахман ибн Әбу Саид.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков