ЦИКЛЫ УРОКОВ
Циклы
Авторы
Сортировка
Все
Коран
Акыда
Фикх
Хадис
Жизнеописание Пророка Мухаммада
Благородные сподвижники
Биографии учёных
Адаб (этика) и суфизм
Манхадж
Для сестер
Рамадан
Проза
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 75 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені жайлы тарау, 1 бөлім
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 74 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғаны жайлы тарау
Бізге
Аббас ибн Мухаммад әд-Дури әл-Бағдади, Исхақ ибн Мансурдан, Исраилдан, Симак
ибн Харбтан, Джәбир ибн Самурадан хабарлаған: «Мен
Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жастыққа сол қолымен
сүйенгенін көрдім».
Бізге
Хумейд ибн Мәс`әдә, Бишр ибн әл-Муфаддалдан, әл-Джәририден, Әбдур-Рахман ибн Әбу
Бәкірден, оның әкесінен хабарлаған: «Алла
Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Сендерге ең үлкен
күнәлар жайлы айтайын ба?». Олар: «Иә, уа, Алла Елшісі», - деп жауап берді. Сонда
ол: «Аллаға серік қосу және ата-анаға қиындық көрсету», - деді. Алла Елшісі,
оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шынтақтап сүйеніп жатыр екен, содан соң
түрегеп отырды да: «Жалған куәлік беру» немесе «Өтірік», - деді. Біз оның
тоқтатуын қаламағанша, Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мұны
қайталауын тоқтатпады».
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
(باب ما جاء في تكأة رسول الله (صلى الله عليه وسلم
وفيه (5) أحاديث
Алла
Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені жайлы тарау.
Бұл тарауда бес хадис бар.
Жүз
жиырма үшінші хадис
:حدثنا عباس بن محمد الدوري البغدادي. حدثنا إسحاق بن منصور عن إسرائيل عن
سماك بن حرب عن جابر بن سمرة قال
."رأيت رسول الله (صلى الله عليه وسلم) متكئاً على
وسادة على يساره"
Мұнда Алла Елшісі, оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отырғанда жастыққа шынтағымен сүйеніп
отырғандығы туралы айтылып тұр.
Джәбир, Алла оған разы
болсын, оның сол қолымен сүйенгенін баяндаған. Бірақ, бұл жерде оның сол кезде көрген
нәрсесі жайлы айтылып тұр. Мұнда оң қолға сүйенудің мәкрух екендігіне нұсқау
жоқ[1].
Жүз
жиырма төртінші хадис
:حدثنا حميد بن مسعدة. حدثنا بشر بن المفضل. حدثنا الجريري عن عبد الرحمن بن
أبي بكرة عن أبيه قال
"قال رسول الله (صلى الله عليه وسلم) ألا أحدثكم بأكبر الكبائر؟ قالوا بلى يا رسول
الله قال: الإشراك بالله، وعقوق الوالدين قال: وجلس رسول الله (صلى الله عليه
وسلم) وكان متكئاً قال: وشهادة الزور، أو قول الزور، قال فما زال رسول الله (صلى
الله عليه وسلم) يقولها حتى قلنا ليته سكت"
Үлкен күнәлардың
анықтамасына келер болсақ, бұл мәселеде фақиһтердің арасында келіспеушілік бар.
Кейбіреулер үлкен күнә –
Құран мен Сүннетке сәйкес Тозақпен немесе қарғыспен жазаланатын күнә деген. Тағы
біреулер бұл – Шариғатта физикалық жаза (хадд) қолданылатын күнә деген, бірақ,
бұл анықтама – әлсіз. Себебі, Шариғатта шошқаның етін жеуге жаза жоқ, бірақ,
бұл үлкен күнә болып саналады[2].
Алла Елшісі, оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын, үлкен күнәлардың бірі ретінде көпқұдайшылдықты
(ширк) атаған. Күпірліктің (куфр) және көпқұдайшылдықтың (ширк) барлық түрлері –
күнә, осы күнәлардан асқан үлкен күнә жоқ. Егер сондай күнә жасаған адам
тәубесіне келіп, Исламды қабылдамаса, Тозақта мәңгілік жазасын тартады. Бірақ,
күнәлардың бәрі күпірлік және көпқұдайшылдық емес.
Ата-анаға келер болсақ, мұнда
олардың жанына бататын, мазасын қашыратын және жайсыздық тудыратын кез келген
сөз бен әрекет меңзелген, яғни, жалпы қабылданған мағынада (урф) әке-шешеге құрмет
көрсету мен жақсы қарым-қатынастың шеңберінен шығатын нәрселердің бәрі.
Алла Елшісі, оған Алланың
игілігі мен сәлемі болсын, үшінші үлкен күнәні атамас бұрын шынтақтап жатқан
жерінен көтеріліңкіреп отырып, жалған куәлікті айтқан.
Алла Елшісінің, оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шынтақтап жатып, бірдеңеге сүйенгендігі –
имам әт-Тирмизидің аталмыш хадисті осы бөлімде келтіруіне себеп.
Имам әл-Бәйджури бұл
хадистен сондай қалыпта дәріс беруге болады деген қорытынды шығаруға болатынын
айтады.
[1] Әл-Мәуәһиб, 245-бет.
[2] Әл-Мәуәһиб, 246-бет.
Жалғасы бар ин ша Алла..
Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла
_____________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kzP.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.
Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.
Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
Предыдущий урок
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 76 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені жайлы тарау, 2 бөлім
Следующий урок
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 74 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай отырғаны жайлы тарау
Комментарии: 0
Правила форума