Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 76 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені жайлы тарау, 2 бөлім

1 860
11 марта, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 75 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені жайлы тарау, 1 бөлім

Жүз жиырма бесінші хадис

- :حدثنا قتيبة بن سعيد. حدثنا شريك عن علي بن الأقمر عن أبي جحيفة قال
"قال رسول الله (صلى الله عليه وسلم) أما أنا فلا آكل متكئاً".

Бізге Қ
утәйбә ибн Саид, Шәриктен, Әли ибн әл-Әқмәрдан, Әбу Джухәйфәдан[1] хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Маған келер болсақ, мен тамақтанғанда ештеңеге таянбаймын»».

Бұл жерде бір жаққа қисайып, бірдеңеге сүйеніп тамақтану туралы айтылып тұр.

Имам әл-Бәйджури, рахимахуллаһ, мұның себебі – бұл тәкаппар адамдарға тән іс-әрекет болып саналатындықтан деген. Жатып тамақ ішуге келер болсақ, бұл одан да жаман (мәкруһ).

Әлиден, кәррамаллаһу уәджһәһу, оның жеміс-жидекті, жаңғақты және сол сияқты нәрселерді жатып жегендігі жеткізілген. Сол себепті, онда тұрған ештеңе жоқ (мәкруһ емес).

Тамақтану кезінде қалай отыру керектігіне келер болсақ, тізерлетіп отыру немесе бір аяғыңды тік қойып, екінші аяғыңмен отыру абзал. Түрікше отыру мәкрух емес, бірақ, ол жақсырағынан бас тарту (хиләф әл-әулә) болып табылады[2].

Жүз жиырма алтыншы хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي. حدثنا سفيان عن علي بن الأقمر قال سمعت أبا جحيفة يقول
"قال رسول الله (صلى الله عليه وسلم) لا آكل متكئاً ".

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, Әбдур-Рахман ибн Мәһдиден, Суфьяннан, Әли ибн әл-Әқмәрдан хабарлаған: «Мен Әбу Джухәйфәның былай дегенін естідім: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Мен тамақтанғанда ештеңеге таянбаймын»».
 
Жүз жиырма жетінші хадис

:حدثنا يوسف بن عيسى. حدثنا وكيع. حدثنا إسرائيل عن سماك بن حرب عن جابر بن سمرة قال
"رأيت النبي (صلى الله عليه وسلم) متكئاً على وسادة".
قال أبو عيسى: لم يذكر وكيع على يساره، وهكذا روى غير واحد عن إسرائيل نحو رواية وكيع ولا نعلم أحداً، روى فيه على يساره إلا ما رواه إسحاق بن منصور عن إسرائيل.

Бізге Юсуф ибн Иса, Уакиден, Исраилдан, Симәк ибн Харбтан, Джәбир ибн Сәмурадан хабарлаған: «Мен Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жастыққа сүйенгенін көрдім». Әбу Исабылай дейді: «Уаки’ сол қол туралы айтқан жоқ. Қалғандарда Исраилдан Уаки’ секілді жеткізген. Исхақ ибн Мәнсурдан басқа Исраилдан сол қолды қосып жеткізген ешкім жоқ».

Мұнда имам әт-Тирмизи, рахимахуллаһ, хадис жайлы ғылымның маңызды тұсын көрсетіп кеткен. Ол «’иләл», яғни, «хадистің жасырын олқылықтары» деп аталады.

Жеткізуші «сиқа», яғни, сенімге лайықты болып саналуы үшін басты екі шарт қойылады: әдәлә, яғни, ол адам үлкен күнә жасамауы керек, ұдайы кіші күнәлар жасамауы керек және дінді ұстанатын мұсылманға жараспайтын істерге бой алдырмауы тиіс. Бұдан күрделірек екінші шарт – есте сақтау қабілетінің мінсіз болуы (әд-дабтәт-тәм), яғни, жеткізуші өзінің шейхынан естіген хадисті оған артық ештеңе қосып-алмастан дәл солай жеткізуі қажет.

Әлдекімнің бірінші шартқа сәйкес келетінін-келмейтінін анықтау оңай болса, оның есте сақтау қабілеті жақсы екенін және хадисті риуаят етуде қателеспейтінін қалай білуге болады?

Имам Муслим, рахимахуллаһ, «Сахихке» жазған алғысөзінде оны білу үшін ешқандай келіспеушіліксіз, бірауыздан мойындалған және үлгі болып табылатын хадис имамдары қарастырылатынын айтады. Мәселен, Юнустың немесе Уқайлдың имам әз-Зухриден жеткізген риуаяттары. Бұл шәкірттер имамның қасында ұзақ уақыт бірге жүрген және сол имамнан хадис риуаят еткен ең сенімді хабарлаушылар болып есептеледі. Содан соң сол имамнан хадис жеткізген басқа хабарлаушылардың риуаяттары біз үлгі етіп алған хабарлаушылармен салыстырылады. Егер олардың риуаяттары үлгі ретінде алынған риуаяттарға сәйкес келсе, олардың есте сақтау қабілеті мінсіз және хабарламаларында қате жоқ деп саналады. Ал, егер екеуінің арасында қайшылық болса, онда олардың риуаяттарында ақау және қате бар деп танылады.

Біздің жағдайда иснадтың мәдары– Исраил ибн Юнус (162 ж. көз жұмған). Ол ұлы хадис имамы әрі Әбу Исхақ әс-Сабииден хадис риуаят еткен ең мықты жеткізуші болып саналады.

Хадистің ең ұлы имамдарының бірі болып саналатын Әбу Суфьян Уаки’ ибн әл-Джәррах әр-Руаси (198 ж. көз жұмған), жоғарыда біз айтып өткен имамнан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жастыққа сүйенгені жайлы айтылған хадисті қолды қоспай жеткізген. Имам әт-Тирмизи осы хадисті Исраилдан риуаят еткен (Исхақ ибн Мәнсур әс-Салюли әл-Куфиден басқа) жеткізушілердің бәрі оны Уаки’ сияқты жеткізгендерін айтады. Бірақ, Исхақ ибн Мәнсур әс-Салюли әл-Куфи де сенімге лайықты (сиқа) болып саналады[3].

Басқаша айтқанда, Исраил ибн Юнустың барлық шәкірттері бұл риуаятты толықтырусыз жеткізіп, Исхақ ибн Мәнсур ғана сондай толықтырумен жеткізуі мүмкін емес. Имам әт-Тирмизи дәл осы ақауды нұсқап кеткен.

[1] Уаһб ибн Абдуллаһ. Сахаба, Алла оған разы болсын.

[2] Әл-Мәуәһиб, 248-249 беттер.

[3] Икмәл тәһзибәл-кәмәл, 2/113, №422 өмірбаян.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков