Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 77 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кімге сүйенгені жайлы тарау

1 565
15 марта, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 76 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені жайлы тарау, 2 бөлім

باب ما جاء في اتكاء
رسول الله (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (حديثان)

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кімге сүйенгені жайлы тарау. Онда екі хадис бар.

Жүз жиырма сегізінші хадис

:حدثنا عبد الله بن عبد الرحمن. حدثنا عمرو بن عاصم. حدثنا حماد بن سلمة عن حميد عن أنس
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) كان شاكياً فخرج يتوكأ على أسامة بن زيد وعليه ثوب قِطْري قد توشّح به فصلى بهم"

Бізге Абдуллаһ ибнӘбдур-Рахман, ӘмрибнӘсимнен, ХаммадибнСәләмнан, Хумәйдтан, Әнәстан хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сырқат болатын, ол Усәмә ибн Зәйдке сүйеніп шықты. Сол кезде ол йемендік киімге оранып алған екен. Сөйтіп, ол солармен бірге намаз оқыды».

Бұл тарау мен өткен тараудың арасындағы айырмашылық – алдыңғы тарауда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, неге сүйенгені және соған байланысты нәрселер баяндалса, бұл тарауда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кімге сүйенгені хабарланады.

Хадистің өзіне келер болсақ, онда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, демі үзілер күні жақындаған кезі жайында айтылып тұр. Ол ауырып тұрғандықтан, намазға имамдық ету үшін бөлмесінен Усәмә ибн Зәйдке сүйеніп шыққан.

Жүз жиырма тоғызыншы хадис

:حدثنا عبد الله بن عبد الرحمن. حدثنا محمد بن المبارك. حدثنا عطاء ابن مسلم الخفاف الحلبي. حدثنا جعفر بن برقان عن عطاء بن أبي رباح عن الفضل بن عباس قال
"دخلت على رسول الله (صلى الله عليه وسلم) في مرضه الذي توفي فيه، وعلى رأسه عصابة صفراء، فسلمت عليه، فقال يا فضل. قلت: لبّيك يا رسول الله، قال: اشدُد بهذه العصابة رأسي، قال: ففعلت ثم قعد فوضع كفّه على منكبي، ثم قام فدخل المسجد، وفي الحديث قصة

Бізге Абдуллаһ ибн Әбдур-Рахман, Мухаммад ибн әл-Мубарактан, Ата ибн Муслим әл-Хаффаф әл-Халәбиден, Джәфәр ибн Бурқаннан, Ата ибн Әбу Рабахтан, әл-Фәдл ибн Аббастан
[1] хабарлаған: «Мен Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қайтыс болар алдында сырқатқа ұшыраған кезінде бөлмесіне кірдім. Оның басына сары мата жабылған екен. Мен оған сәлем бердім. Ол: «Уа, Фәдл!» - деп тіл қатты.

Мен: «Мен алдыңдамын, уа, Алла Елшісі», - дедім.

Сонда ол: «Басымдағы таңғышты қаттырақ байлашы», - деді.

Мен солай істедім. Содан соң ол отырды да, алақанымен менің иығыма сүйенді. Сонан кейін орнынан тұрды да, мешітке кірді. Бұл хадисте хикая бар».

Бұл хадисте Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ақырғы күндері, сырқаты және біреуге сүйеніп мешітке, адамдардың алдына шыққаны жайлы мазмұндалған.

Имам әт-Тирмизи, рахимахуллаһ, бізге сондай екі сахаба жайлы хабарлады: Усәмә ибн Зәйд және әл-Фәдл ибн Аббас, Алла оларға разы болсын.

Хадисте айтылған хикаяға келер болсақ, имам әт-Тирмизи алдағы тарауларда оны толықтай баяндайды.


[1] Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ағасы әл-Аббастың үлкен ұлы.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков