Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 78 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай тамақтанғаны жайлы тарау, 1 бөлім

2 342
18 марта, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 77 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кімге сүйенгені жайлы тарау

باب ما جاء في صفة أكل
رسول الله (صلى الله عليه وسلم)
وفيه (5) أحاديث

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай тамақтанғаны жайлы тарау. Онда бес хадис бар.

Жүз отызыншы хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي عن سفيان عن سعيد بن إبراهيم عن ابن لكعب بن مالك عن أبيه
"أن النبي (صلى الله عليه وسلم) كان يلعَق أصابعة ثلاثاً"
قال أبو عيسى وروى غير محمد بن بشار هذا الحديث قال: "يلعق أصابعه الثلاث".

Бізге Мухаммад ибн Бәшшәр, Әбдур-Рахман ибн Мәһдиден, Суфьяннан
[1], Саид ибн Ибраһимнан, Ибн Кә’бтан, ибн Мәліктен, оның әкесінен Ала Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, саусағын үш рет жалайтын дағдысы болғандығын хабарлаған.

Әбу Исабылай деген: «Мухаммад ибн Бәшшәрдан басқалар бұл хадисті былай жеткізген: «Ол үш саусағын жалайтын»».

Имам әл-Бәйджури[2] мұның сүннет екенін және сол жағынан Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ұқсауға тырысу керек екенін айтқан.

Саусақтарды бірінен кейін бірін жалау керек пе, әлде бәрін бірден жалау керек пе дегенге келер болсақ, имам әл-Бәйджури екі әдіс те сүннетке жататынын, бірақ, біріншісінің анағұрлым кемел екенін айтады[3].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты дәл қай саусақтарымен жегендігін айтар болсақ, имам әл-Бәйджури Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты бас бармағымен, сұқ және үшінші саусағымен жегенін имам әт-Тәбәраниден риуаят еткен[4].

Ал, кейбір риуаяттарда Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты бес саусағымен де жегендігі жеткізілген. Бұл риуаяттардың арасындағы қарама-қайшылықты «әр жағдайда әр түрлі болған» деген болжаммен жоюға болады[5].

Жүз отыз бірінші хадис

:حدثنا الحسن بن علي الخلال. حدثنا عفان. حدثنا حماد بن سلمة عن ثابت عن أنس قال
"كان النبي (صلى الله عليه وسلم) إذا أكل طعاماً لعق أصابعه الثلاث"

Әл-Хасан ибн Әли әл-Халләл, Әффәннан, Хаммад ибн Сәләмәдан, Сәбиттен, Әнәстан хабарланады: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақ жегенде үш саусағын жалайтын».

Егер кімде-кім тамақтан кейін саусақты жалаудан жиіркенетін болса, бірақ, оның жиіркеніш сезімі Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, саусағын жалағанына емес, өзінің жалауына байланысты болса, бұл күпірлік емес. Әйтпеген жағдайда, адам күпірлікке түсуі мүмкін. Өйткені, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қандай да бір халінен немесе іс-әрекетінен оның Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тән сипат болғандығын біле тұра жиіркенген адам күпірлікке түседі[6].

[1] Суфьян әс-Саури.

[2] Әл-Мәуәһиб, 255-бет.

[3] Сол жерде.

[4] Әл-Мәуәһиб, 255-256 беттер.

[5] Сол жерде.

[6] Әл-Мәуәһиб, 256-бет.


Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков