Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 79 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай тамақтанғаны жайлы тарау, 2 бөлім

1 968
1 апреля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 78 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қалай тамақтанғаны жайлы тарау, 1 бөлім

Жүз отыз екінші хадис

:حدثنا الحسين بن علي عن يزيد الصدائي البغدادي. حدثنا يعقوب بن إسحاق (يعني الحضرمي). حدثنا شعبة عن سفيان الثوري عن علي بن الأقمر عن أبي جحيفة قال
"قال النبي (صلى الله عليه وسلم) أما أنا فلا آكل متكئاً"
حدثنا محمد بن بشار. حدثنا عبد الرحمن بن مهدي. حدثنا سفيان عن علي بن الأقمر نحوه

Бізге Әл-Хусейн ибн Әли, Язид әс-Садәи әл-Бағдадиден, Яқуб ибн Исхақтан (яғни, әл-Хадрамиден)[1], Шу’бәдан, Суфьян әс-Сәуриден, Әли ибн әл-Әқмәрдан, Әбу Джухәйфәдан хабарлаған: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Маған келер болсақ, мен тамақ жегенде ештеңеге сүйенбеймін».

Мухаммад ибн Бәшшәр бізге Әбдур-Рахман ибн Мәһдиден, Суфьяннан, Әли ибн әл-Әқмәрдан дәл соны хабарлаған.

Бұл мәселе бұған дейін қарастырылды.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақтанғанда жастыққа сүйенгендігі жеткізілген кейбір риуаяттарға келер болсақ, бұл не сүйенуге тыйым салынғанға дейін, не оның харам емес екендігін түсіндіру мақсатында орын алған[2].

Имам әт-Тирмизи, рахимахуллаһ, келтірген екінші иснадқа келер болсақ, онда сахабаның аты аталмаған, сондықтан, бұл риуаят – мурсәл.

Жүз отыз үшінші хадис

:حدثنا هارون بن إسحاق الهمداني. حدثنا عبدة بن سليمان عن هشام بن عروة عن ابن لكعب بن مالك عن أبيه قال
"كان رسول الله (صلى الله عليه وسلم) يأكل بأصابعه الثلاث ويلعقهن"

Харун ибн Исхақ әләмдани бізге Әбдә ибн Суләйманнан, Хишәм ибн Уруәдан, Кааб ибн Мәліктің баласынан, оның әкесінен хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты үш саусағымен жейтін де, содан соң саусақтарын жалайтын».

Имам әл-Бәйджури кейбір сәләфтардың қасық, шанышқы сияқты ас үй құралдарын қолданудан бас тартқандығын, бұған Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты қолымен жегендігі себеп болғандығын жазған.

Әбу Юсуф бірде Харун әр-Рашидтың қасында отырғанда Харунның алдына тамақ әкелінгендігі риуаят етілген. Ол қасық сұрағанда Әбу Юсуф оған былай деген:

«Сенің атаң Ибн Аббастан Алла Тағаланың мына сөзінің тәпсірі жеткізілді:

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ

«Әрі Біз Адам ұрпақтарын ардақтап...»
[3]

яғни, Ол адамдарға тамақ жегенде пайдалансын деп саусақ берді».

Сол кезде Харун алдына әкелінген қасықты пайдаланбай, тамақты қолмен жеген[4].

Жүз отыз төртінші хадис

:حدثنا أحمد بن منيع. حدثنا الفضل بن دُكين. حدثنا مصعب بن سليم قال سمعت أنس بن مالك يقول
"أُتي برسول الله (صلى الله عليه وسلم) بتمر، فرأيته يأكل وهو مُقْعٍ من الجوع".

Ахмад ибн Мәни’ бізге әл-Фәдл ибн Дукәйннан, Мус’әб ибн Суләймнан хабарлаған: «Мен Әнәс ибн Мәліктің былай дегенін естідім: «Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алдына құрма қойылғанда оның құрманы қарны ашқаннан бірдеңеге сүйеніп отырып жегенін көрдім»».

Мұнда тамақ жеу әдебі меңзелмеген: ол қарны ашып, әлсірегендіктен солай істеген.


[1] Йеменнен шыққан тайпа.

[2] Әл-Мәуәһиб, 257-бет.

[3] Құран, 17:70.

[4] Әл-Мәуәһиб, 258-бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..


Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков