Циклы Авторы Сортировка

Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 81 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, наны сипатталған тарау, 2 бөлім

1 337
8 апреля, 16
Әбу Әли әл-Ашғари: Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме, 80 сабақ: Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, наны сипатталған тарау, 1 бөлім

Жүз отыз сегізінші хадис

:حدثنا عبد الله بن عبد الرحمن. حدثنا عبيد الله بن عبد المجيد الحنفي حدثنا عبد الرحمن بن عبد الله بن دينار. حدثنا أبو حازم عن سهل بن سعد أنه قيل له
"أكل رسول الله (صلى الله عليه وسلم) النقيّ يعني الحُوَّارَي فقال سهل: ما رأى رسول الله (صلى الله عليه وسلم) النقي حتى لقي الله عز وجل، فقيل له: هل كانت لكم مناخل على عهد رسول الله (صلى الله عليه وسلم)، قال: ما كانت لنا مناخل، قيل كيف كنتم تصنعون بالشعير، قال كنا ننفخه فيطير منه ما طار ثم نعجنه".

Абдуллаһ ибн Әбдур-Рахман бізге Убәйдуллаһ ибн Абдул-Мәджид әл-Ханафиден[1], Әбдур-Рахманибн Абдуллаһибн Динардан, ӘбуХазимнен, Сәһл ибн Саадтан[2] одан былай сұралғандығын хабарлаған:

Алла Елшісі тазартылған ұннан пісірілген [нан] жейтін бе еді?»

Сонда
Сәһл былай деген:

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Алла Тағаланың алдына барғанға дейін тазартылған ұннан жасалған нанды көрген емес.

Сондай-ақ, одан былай сұраған
:

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кезінде сіздерде елек болды ма?

Бұған ол былай жауап берген:

Бізде елек болған жоқ.

Сонда одан былай сұраған
:

Онда арпаны не істейтін едіңдер?

Ол былай деген
:

Біз оны үрлейтінбіз, содан ұшқан қоқым-соқымы ұшатын, ұшпағаны қалатын, содан соң оны илейтінбіз.

Бұл хадис бізге сол замандағы тұрмыстан және парсылардың империясын түгелдей қиратып, Византия империясын сол соққыдан енді қайтіп ес жия алмайтындай етіп түбірімен талқандаған адамдардың қарапайымдылығынан хабар береді.

Бүкіл үндеу (дағуат) мен Исламды тарату сахабалардың кезінде орын алды. Сондай-ақ, негізгі, шешуші жерлерді де солар, яғни, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында ұнды елеп, нанды таза ұннан пісіруге електері болмаған адамдар жаулап алды.

Елек пен тамақ әзірлеу саласында пайда болған өзге де заттарға келер болсақ, олар халал етілген жаңалықтардың (бидғат) қатарына жатады[3].

Жүз отыз тоғызыншы хадис

:حدثنا محمد بن بشار. حدثنا معاذ بن هشام قال: حدثني أبي عن يونس عن قتادة عن أنس بن مالك قال
"ما أكل نبي الله (صلى الله عليه وسلم) على خوان ولا في سُكُرُّجَةٍ ولا خبز له مرقَّقٌ. قال: فقلت لقتادة فعلام كانوا يأكلون؟ قال: على هذه السُفَرْ".
قال محمد بن بشار يونس هذا الذي روى عن قتادة هو يونس الإسكاف.

Мухаммад ибн Бәшшәр бізге Муаз ибн Хишәмнан, оның әкесінен, Юнустан, Қатададан, Әнәс ибн Мәліктен хабарлаған: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқашан үстелдің басында отырып, тәрелкеден тамақ ішкен емес. Сондай-ақ, оған ешқашан тазартылған ұннан нан пісірілген емес».

Сол кезде мен Қатададан: «Сонда олар тамақты қайда қойып жейтін - деп сұрадым.

Ол: «Мына матаның үстіне қойып жейтін», - деді.

Мухаммад ибн Бәшшәр былай деген: «Қатададан хадис риуаят еткен Юнус – Юнус әл-Искаф»[4].

Бұл да Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өмір салты жайлы, атап айтсақ, оның тамақты үстелдің басында отырып емес, жерде отырып ішкендігін баяндайтын маңызды хадис.
Имам әл-Бәйджури айтып кеткендей, үстелдің басында ас ішу – бидғат. Өйткені, бұл – араб емес халықтардың салты. Олар сол арқылы тәкаппарлығын және астың алдында иілуге құлықсыз екендіктерін көрсеткен. Бірақ, егер бұл іс-әрекетте тәкаппарлық болмаса, үстелде отырып тамақтануға тыйым салынбайды[5].

Дегенмен, бұл әрекет Сүннетке қайшы келетіндіктен, мұсылмандар үстелдің басында тамақтану дәстүрінен арылғандары дұрыс. Одан да жерге отырып, тамақты қолмен жеген абзал: бұл шаңырағыңызға Сүннеттің нұры мен берекетін кіргізеді.

Өкінішке орай, кейде ғұлама деп саналатын адамдардың үйлерінде тамақтың үстел басында ішілетініне, ал, үлкен кітапхананың орнына жаңа «плазманың» тұрғанына куә болып жатамыз.

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты ыдыстан ішпегеніне келер болсақ, имам әл-Бәйджури айтып кеткендей, бұл Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тамақты тоя жемегендігімен байланысты. Сондықтан да, ыдыстың қажеті болмаған[6].

Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында адамдардың тамақты қайда қойып жегендеріне келер болсақ, олар мата төсеп, тамақты соған қойып жейтін болған. Себебі, үстелге отыруда тәкаппарлық бар, ал, жерге ештеңе төсемей тамақтанар болсақ, тамақ былғанып, бүлінуі мүмкін. Сондықтан, Шариғат араб тілінде «суфра» деп аталатын матаны пайдалануды үкім етті. Ал, үнді-пәкістан әлемінде парсы тілінен шыққан «дастархан» деген сөзді қолдану ғұрыпқа айналған.Имам әл-Бәйджури әл-Хасан әл-Бәсриден риуаят етіп баяндағандай, асты сондай нәрсеге қойып тамақтану сүннет болады[7].


[1] Оның үлкен Раби’а тайпасына жатқан бану Ханифа тайпасынан болғандығы айтылған. Сенімге лайықты. Одан риуаят етілген хадистер алты жинақтың алтауында да кездеседі.

[2] Ол әкесі екеуі сахаба болған.

[3] Әл-Мәуәһиб, 263-бет.

[4] Яхья ибн Мәин оны сенімге лайықты деп айтып кеткен. Әт-Тирмизи одан тек осы хадисті келтірген. Бұл нұсқау оны басқа Юнустан – әл-Хасан әл-Бәсри мен Әбу Бәрдадан хадис риуаят еткен Бәсраның имамдарының бірі Юнус ибн Убәйдәдан ажырата білу үшін қажет.

[5] Әл-Мәуәһиб, 264-бет.

[6] Сол жерде.

[7] Әл-Мәуәһиб, 265-бет.



Жалғасы бар ин ша Алла..

Әбу Әли әл-Әшғари, хафизахулла

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз
АВТОР ЦИКЛА
Имам әт-Тирмизидің «Әш-Шамаиль әл-Мухаммадийя» кітабына түсіндірме
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков