Циклы Авторы Сортировка

Алтыншы хадис: Күйеуге бағыну

5 407
26 ноября, 15

عن أبي هريرة رضي الله عنه أن رسول الله صلى الله عليه وسلم قال لا يحل للمرأة
أن تصوم وزوجها شاهد إلا بإذنه ولا تأذن في بيته إلا بإذنه وما أنفقت من نفقة
عن غير أمره فإنه يؤدى إليه شطره

 
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «Күйеуі қасында болса, ол рұқсат етпеген жағдайда әйелге ораза ұстауға рұқсат етілмейді және ерінің рұқсатынсыз оның үйіне біреуді кіргізуге рұқсат етілмейді. Ал, ол ерінің дүние-мүлігінен оның әмірінсіз жұмсар болса, оған (күйеуіне) жарты [сауап]» (әл-Бұхари).
 
Бұл хадис бізге алдыңғы хадисте баяндалған қағидаларды, яғни, күйеуге бағыну мен оның разылығына ұмтылу керектігін көрсетеді.
 
Исламдағы аса маңызды әлеуметтік концептілердің бірі – биліктің бір адамның қолында болуы, яғни, кез келген істе және кез келген жұмыста бір басшы болуы керек, қалған адамдар соған бағынуы тиіс. Ал, бұдан басқаша үлгі бүліншілікке, құлдырауға және бейберекеттікке әкеп соғады. Бұл қағидалар тиімді кәсіп немесе табысты компания құрғысы келетін кез келген адамға түсінікті. Бірақ, мәселе жанұя мен отбасылық қарым-қатынасқа кеп тірелгенде, көптеген адамдар тең құқықтық жайлы сөз қозғай бастайды. Жанұя – басқару мен бақылауды талап ететін әлеуметтік ағза. Толық билікті қолына алған бір адам болмаса, оны басқару да, бақылауда ұстау да мүмкін емес.
 
Біздің дінімізге сәйкес, ондай рөлдің күйеуге артылатыны сөзсіз. Сол себепті, Ислам отбасында кикілжің тудыруы ықтимал немесе даулы мәселеге айналуы мүмкін болған нәрселердің бәрін қарастырып, ретке келтіреді.
 
Исламда «екі жыныстың арасында соғыс» деген ұғым жоқ – гендерлік басымдылыққа қатысты мәселелердің барлығы қайта қарауды қажет етпейтіндей дәрежеде түбегейлі шешілген.
 
«Фәтх әл-Бәридің» авторы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «күйеуі қасында болса, ол рұқсат етпеген жағдайда әйелге ораза ұстауға рұқсат етілмейді» деген сөзіне мынадай түсініктеме берген:
 
يعني في غير صيام أيام رمضان ، وكذا في غير رمضان من الواجب إذا تضيق الوقت

«Яғни, мұның Рамазан айындағы ораза мен Рамазаннан тысқары уақыттағы парыз етілген оразаға (егер оны тұтуға басқа уақыт болмаса) қатысы жоқ».
 
Ибн Хаджар әл-Әсқаләнидің бұл сөздерінен түсінікті болғаны, хадисте парыз болған ораза емес, мұстахап ораза жайлы айтылған. Ал, парыз етілген ораза – не Рамазан айының оразасы, не нәзір (серт беріп ұстайтын) ораза, не өтеуге басқа уақыт қалмаған жағдайда, қаза болған оразаны ұстау.
 
Мұны Ибн Хаджар келтірген Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисі растайды:
 

وأخرج الطبراني من حديث ابن عباس مرفوعا في أثناء حديث
ومن حق الزوج على زوجته أن لا تصوم تطوعا إلا بإذنه ، فإن فعلت لم يقبل منها


«Әт-Тәбәрани Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте былай келтірген: «Күйеудің өз әйеліне [қатысты] хақыларының бірі – әйел ерінің рұқсатынсыз мұстахап ораза ұстай алмайды, егерде ол (әйел) солай ораза ұстар болса, оразасы қабыл болмайды»».
 
Мұндай үкімнің себебіне келер болсақ, имам «Фәтхәл-Бәриде» имам Ән-Нәуәуидің түсіндірмесін келтіреді:
 
قال النووي في« شرح مسلم 
وسبب هذا التحريم أن للزوج حق الاستمتاع بها : »
في كل وقت ، وحقه واجب على الفور فلا يفوته بالتطوع ولا بواجب على التراخي
، وإنما لم يجز لها الصوم بغير إذنه وإذا أراد الاستمتاع بها جاز ويفسد صومها لأن
العادة أن المسلم يهاب انتهاك الصوم بالإفساد ، ولا شك أن الأولى له خلاف ذلك
إن لم يثبت دليل كراهته
 
«Ән-Нәуәуи «Шарх Муслимде» былай деген: «Бұл тыйымның себебі мынада: ердің хақысы – кез келген уақытта әйелімен жақындасу, ал, оның хақысын бірден орындау міндетті. Сол себепті, ол ешқандай мұстахап амалға немесе кейін орындауға болатын парыз амалға бола кейінге қалдырыла алмайды. Сол үшін әйелдің ерінің рұқсатынсыз ораза ұстауға хақы жоқ. Егерде ол (күйеуі) жақындасқысы келсе, бұған рұқсат етіледі, сондықтан, ол әйелінің оразасын бұза алады. Бірақ, әдетте мұсылман адам оразаны бұзудан аулақ болады. Күмәнсіз, оның бұлай істемегені абзал, десе де, мұның мәкруһ екеніне дәлел жоқ».
 
Алла Тағала отбасында «мүдделердің таласы» болмайтындай етіп үкімдер орнатып берді. Сол себепті, әйел құлшылық жасап жатқанын тілге тиек етіп, күйеуінің хақысын бұза алмайды.
 
Сонымен бірге, біз бұл хадистен дініміздің аса маңызды қағидасын түсінеміз: бұл – «артықшылықтар қағидасы», яғни, егер кімде-кім мұстахап амалды орындау үшін парыз етілгеннен бас тартса, бұл күнә және құлақ аспау болады.
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ерінің рұқсатынсыз оның үйіне біреуді кіргізуге рұқсат етілмейді» деген сөзіне келер болсақ, ИбнХаджар былай дейді:
 
وقال النووي : وهو محمول على ما لا تعلم رضا الزوج به ، أما لو علمت رضا
الزوج بذلك فلا حرج عليها ، كمن جرت عادته بإدخال الضيفان موضعا معدا لهم
سواء كان حاضرا أم غائبا فلا يفتقر إدخالهم إلى إذن خاص لذلك ، وحاصله أنه لا
بد من اعتبار إذنه تفصيلا أو إجمالا
 
Ән-Нәуәуи былай деген: «Бұл [әлдекімді үйіне кіргізу үшін күйеуінен рұқсат сұрау міндеті] мына жағдайға қатысты: егер әйел күйеуінің соған разы болатын-болмайтынын білмесе. Ал, егер разы болатынын білсе, ешқандай қиындық жоқ. Әдетте ер үйде болса да, болмаса да, қонақтар өздеріне арналған бөлек жерде қабылданады, сол себепті, оларды үйге шақыру үшін рұқсаттың қажеті жоқ. Бұл мәселенің мәні – кез келген жағдайда немесе жалпы алғанда, әйелге күйеуінің рұқсатының қажет екендігінде».
 
Басқаша айтқанда, бұл тыйым әйел өзінің жасап жатқан ісіне күйеуінің разы болатын-болмайтынын білмейтін жағдайға немесе оның разы болмайтынын анық білетін жағдайға қатысты.
 
Ал, «ал, ол ерінің дүние-мүлігінен оның әмірінсіз жұмсар болса, оған (күйеуіне) жарты [сауап]» дегенге келер болсақ, «Фәтх әл-Бәриде» былай делінеді:

واعلم أن هذا كله مفروض في قدر يسير يعلم رضا المالك به عرفا

«Біліп қой, мұның бәрі әдетте күйеуі разы болатын құны аз мүлікке қатысты».
 
Егер әйелі күйеуінің азын-аулақ мүлігін игілікке жұмсаса, ол (күйеуі) соның сауабының жартысын алады.

Ал, ең дұрысын Алла біледі.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков