Циклы Авторы Сортировка

Бесінші хадис: Әйел күйеуіне құрметпен қарауы тиіс

6 245
19 ноября, 15

- :-عن عبد الله بن أبي أوفى قال: قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم
لو كنت - آمرا أحداً أن يسجد لغير الله، لأمرت المرأة أن تسجد لزوجها، والذي نفس محمد»
بيده لا تؤدي المرأة حق ربها حتى تؤدي حق زوجها، ولو سألها نفسها وهي على
قتب لم تمنعه » أخرجه أحمد وابن ماجد وابن حبان

 
Абдуллаһ ибн Әбу Әуфәдан риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауды әмір етер болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар едім. Мұхаммедтің жаны қолында болған Алланың атымен ант етемін, әйел күйеуінің алдындағы міндеттерін орындамайынша, Раббысының алдындағы міндеттерін орындамайды. Тіпті егер ері зембілде жақындасуға тілек білдірсе де, әйелі одан бас тартпауы тиіс» (Ахмад, Ибн Мәджә және Ибн Хиббан).
 
Бұл – исламдағы отбасы құрылымының ұстанымдары мен ондағы ер мен әйелдің орнын анықтап берген ең маңызды әрі негізгі хадистердің бірі.
 
Дініміздің тірегі мен басты ұстанымы – Алла Тағалаға бағынып, бойсұну. Аллаға бағыну – рәсімдерді орындау мен тамаққа қойылған тыйымдар ғана емес, сондай-ақ, Алла Тағаланың бізге орнатқан әлеуметтік рөлдерін қабыл алып, орындау. Солардың ең маңыздысы – жанұядағы ер мен әйелдің рөлі.
 
Біз Алла Тағаланың Өз Білімі мен Даналығының негізінде ер мен әйелдің табиғатына үйлесетін рөл мен қызметті белгілеп бергендігіне сенімдіміз. Ал, бұған қарсы шығатын немесе келіспейтін адам онысымен Алланың Білімінде кемшілік бар дегенді меңзегендей болады, Алла бізді ондайдан сақтасын.
 
Бірақ, өкінішке орай, біздің әрқайсымыз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерінің ұмыт болғанын, тіпті дінімізді ұстанатын мұсылман отбасыларында да көп жағдайда шаңырақты әйел адам басқаратынының, ал, күйеуінің (өзінің ойына кіріп-шықса да) әйелінің шешімдерін орындап қана отыратынының куәсі болып жүрміз. Кей жағдайларда әйел адамның солай істемеске амалы жоқ, өйткені, оның таңдап алған өмірлік серігі – шешім қабылдап, сол шешімдерді жүзеге асыруға қабілетсіз. Мұның себебі тәрбиеде жатқаны сөзсіз.Егер қыз бала бүлдіршін шағынан ханшайым тәрізді тәрбиеленетін болса, бағыну, бойсұну деген ұғымдардың оған мүлде жат болары хақ.
 
Хадистің мәтініне қайта оралсақ. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «егерде мен Алладан басқа біреуге сәжде жасауды әмір етер болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырар едім» деген сөзін «Тухфәт әл-Әхуәзидің» авторы былай түсіндіреді:
 
لكثرة حقوقه عليها وعجزها عن القيام بشكرها ، وفي هذا غاية المبالغة لوجوب
إطاعة المرأة في حق زوجها ؛ فإن السجدة لا تحل لغير الله
 
«Яғни: әйел адамның күйеуінің алдындағы міндеті көп болғандығы және соның бәрін орындау оның қолынан келмейтіндігі себепті. Әйелдің күйеуіне бағынуы керектігіне ерекше көңіл аудару үшін осылай айтылған. Ал, Алладан басқа біреуге сәжде жасауға тыйым салынады».
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөзімен әйелден талап етілетін бағыну мен бойсұнуды лайықты түрде орындаудың өте қиын екенін көрсеткен және Алладан басқа тағы біреуге сәжде етуге рұқсат етілгенде (бірақ, ол рұқсат етілмеген), ол әйелдің күйеуіне бойсұнуда жіберген олқылықтарының орнын толтыру үшін еріне сәжде жасауын әмір етер еді.
 
Ары қарай Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдің Алла Тағаланың алдындағы міндеттерінің орындалуын күйеуінің алдындағы міндеттерінің орындалуымен байланыстырған. Өйткені, күйеуге бағыну – Аллаға бағыну, себебі, бұл – Раббымыздың әмірі.
 
Ал, «тіпті егер ері зембілде жақындасуға тілек білдірсе де, әйелі одан бас тартпауы тиіс» дегенге келер болсақ, «Хашиятәс-Санадидің» авторы былай дейді:
 
معناه الحث على مطاوعة أزواجهن وأنهن لا ينبغي لهن الامتناع في هذه الحالة
فكيف في غيرها وقيل إن نساء العرب كن إذا أردن الولادة جلسن على قتب ويقال
إنه أسهل لخروج الولد فأراد تلك الحالة

«Бұл айтылғанның астарында әйелдерді күйеулеріне бағынуға үндеу жатыр. Оларға тіпті бұл жағдайда да күйеулеріне құлақ аспауға болмайды. Ендеше, басқа жағдай туралы айтпасақ та болатын шығар. Өзгелердің айтуынша, арабтардың әйелдері босанатын кездерінде зембілге отыратын болған, өйткені, бұл босануды жеңілдетеді екен. Мұнда тура сол ахуал меңзелген».
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков