Циклы Авторы Сортировка

Имам ан-Навави "Алланы танығандардың бақшалары". 14 бөлім: Құнды сөздердің інжу-маржаны, 2 бөлім

1 644
14 марта, 16
Имам ан-Навави "Алланы танығандардың бақшалары". 13 бөлім: Құнды сөздердің інжу-маржаны, 1 бөлім

Күнәлі істен және ізгі амалды мақтан тұтудан бас тарту

Әл-Хатибке дейінгі жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы оның былай дегені риуаят етілген: «Бізге Әбдур-Рахман ибн Мухаммад Ән-Нәйсабури хабарлаған, бізге исламдық құқықтанушы (фақиһ) Мухаммад ибн Абдуллаһ  ибн Бәхлюл баяндаған, бізге Ахмад ибн Әли ибн ӘбуХумайрат баяндаған, ол былай деген:«Мен Сахль ибн Абдуллаһтың былай дегенін естідім: «Алладан өзге нәрсеге тәуекел еткен жүрек сенімділіктің (яқиннің) иісін де сезбейді.  Аса Құдіретті әрі Ұлы Аллаға жеккөрінішті нәрсе орын тепкен жүрекке нұр кірмейді»[1].

Әл-Хатибке дейінгі жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы оның былай дегені риуаят етілген: «Бізге Әбул-Хасан Ахмад ибн Мухаммад Әл-Ахуази хабарлаған, бізге Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Мухлад Әл-Аттар баяндаған, бізге Муса ибн Харун баяндаған, бізге Мухаммад (ибн Нуәйм ибн Хайсам туралы айтылып тұр) баяндаған, ол былай деген: «Мен Бишрдың (ибн Әл-Харис, Алла оны рақымына бөлесін) былай дегенін естідім: «Алла Тағала Дәуітке, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уахи түсірді: «Уа, Дәуіт! Өзің мен Менің арама азғырылған ғұламаны қойма. Егер оны қойсаң, ол өзінің еліктіруімен Менің махаббатымның жолынан тежейтін болады. Менің құлдарымның жолын бөгеушілер – осылар»[2]. Біз Алладан амандық сұраймыз.

Жаратушы Алла әлсіздерге жәрдем береді

Бізге Дамшықтан шыққан үш шейхымыз, имамдар хабарлады: қазы (қадий), имам, шейхтардың ең мықтысы Әбул-Фәдл Абдул-Карим ибн Әл-Қади Әбул-Қасим Әбдус-Самад ибн Мухаммад Әл-Аңсари, имам Әл-Хафиз Әбул-Бәқа Халид ибн Юсуф және шейх, имам, ғылымдардың иесі, шейхтардың шейхы  Әбу Мухаммад Абдул-Әзиз ибн Әл-Қади Әл-Имам Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Абдул-Мухсин ибн Мухаммад ибн Мәнсур Әл-Аңсари: «Бізге шейх имам Әбул-Юмни Зәйд ибн Әл-Хасан Әл-Кинди хабарлады, бізге Әбу Бәкір Мухаммад ибн Абдул-Бәқи Әл-Аңсари хабарлады, бізге Әбу Исхақ Ибраһим ибн Умар ибн Ахмад Әл-Бармақи хабарлады, бізге Әбу Мухаммад Абдуллаһ ибн Ибраһим ибн Мәси хабарлады, бізге Әбу Муслим Ибраһим ибн Абдуллаһ Әл-Каджий хабарлады, бізге Мухаммад ибн Абдуллаһ Әл-Аңсари баяндады, бізге Сулайман Әт-Тәйми, Әбу Усман Ән-Нәхдиден, Салманнан, Алла оған  разы болсын, баяндады: «Егер адамдар Аса Құдіретті әрі Ұлы Алланың әлсізге[3] беретін көмегін білгенде, арқаларын ауыртып, тынымсыз жұмыс істемес еді[4]».

Имам Әш-Шәфиғидің, Алла оны рақымына бөлесін, даналыққа толы нақыл сөздерінен

Әш-Шәфиғи, Алла оны рақымына бөлесін, былай деген: «Дүнияуиден баз кешу жолын ұстан. Ақиқатында, дүнияуиден қашықтаған адамның (заһид) осы сипаты қыз баланың әшекей бұйымдарынан да әдемі»[5].

Әр-Раби, Алла оны рақымына бөлесін, былай деген: «Әш-Шәфиғи, Алла  оған разы болсын, маған былай деді: «Уа,Раби, өзіңе қатысы жоқ нәрсе жайлы сөз етпе. Өйткені, расында, егер сен бір сөз айтсаң, аузыңнан шыққан сол сөз саған билік ететін болады, сен оған емес»[6].

Әл-Музани, Алла оны рақымына бөлесін, былай деген: «Мен Әш-Шәфиғидің, Алла оған разы болсын, былай дегенін естідім: «Ешбір жанды ешкім жақсы көрмеуі және ешкім жек көрмеуі мүмкін емес. Бұдан қашып құтыла алмайтындықтан, адам Аллаға бойұсынғандармен бірге болсын»[7].
 
Ибн Уяйнің ұялшақтығы мен Алла алдындағы дәрежесі

Әл-Хасан ибн Имраннан және ибн Уяйнәдан Суфьян ибн Уяйнәнің, Алла оған разы болсын, Муздалифада өзінің соңғы қажылығын жасау кезінде былай дегені риуаят етілген: «Мен бұл жерге осымен жетпіс рет келдім және әр келген сайын: «Я, Алла, бұл жерді менің ақтық демім үзілетін мекен ете көрме», - деп сұраумен болдым. Тіпті осыны қайта-қайта сұрай бергенім үшін Алладан ұялатын халге жеттім». Ол соңғы қажылығынан оралды да, басталған жаңа жылда дүние салды.

Тақуалыққа ынталандыратын түстер

Бізге сенімге лайықты шейх, муснид[8] Әбул-Фәдл Мухаммад ибн Мухаммад Әт-Тәйми Әл-Бәкри Дамшықтың үлкен мешітінде оның алдында әкті күйдіретін орынның (калас) жанында оқуым кезінде былай деді: «Бізге Әбу Хафс Умар ибн Мухаммад ибн Муәммәр ибн Табарзада хабарлады, ол былай деді: «Бізге Әл-Хафиз Әбул-Қасим Исмаил ибн Ахмад ибн Умар Әс-Самарқанди хабарлады, ол былай деді: «Мен Әбдуд-Даим ибн Әл-Хасан әл-Хиләлидің былай дегенін естідім: «Мен Әбдул-Уаххаб ибн Әл-Хасан Әл-Кәләбидің былай дегенін естідім: «Мен Мухаммад ибн Хурайм Әл-Уқайлидің былай дегенін естідім: «Мен Ахмад ибн Әбул-Хауаридің былай дегенін естідім: «Мен түсімде Әбу Сулайман Әд-Дараниді, Алла оны рақымына бөлесін, көргім келген еді. Бір жылдан кейін ол түсіме кірді, мен одан: «Уа, ұстаз! Алла саған не істеді?» – деп сұрадым. Ол: «Уа, Ахмад! Бірде мен «Әс-Сағир»[9] қақпасының қасынан өтіп бара жатып, буылған жусанды көрдім. Соның ішінен бір сабағын алдым да, содан кейін оны тастап жібердім бе, яки онымен тісімді жудым ба, білмеймін. Содан бері бір жыл өтті, әлі күнге шейін сол сабақ үшін есеп берудемін», - деп жауап берді[10]. Мен былай дедім: «Тақуалыққа ынталандыруда және тіпті болмашы ғана қиянатқа салғырт қараудан сақтандыруда бұл хикая неткен кәміл еді!».
 
Маруф Әл-Кархидің, Алла оны рақымына бөлесін, ұлағаты

Бізге шейхымыз, имам, салиқалы жан, кемел хафиз Әбу Исхақ Ибраһим ибн Иса ибн Юсуф Әл-Муради оның алдында менің оқуым кезінде былай хабарлады: «Бізге шейх, имам Әбул-Хасан Әли ибн Хибатуллаһ Әл-Джуммәйзи хабарлады, бізге Әл-Хафиз Әбу Тахир Әс-Силәфи хабарлады, бізге имам Әбу Бәкір Ахмад ибн Мухаммад ибн Ахмад ибн Мухаммад ибн Занджувайхи Әз-Занджуви хабарлады, бізге Әбу Талиб Яхья ибн Әли Әд-Дасқари хабарлады, ол былай деді: «Мен Әбу Ахмад Әл-Ғитрифидің былай дегенін естідім: «Мен Әбул-Аббас Мухаммад ибн Исхақ Әс-Саррадждың былай дегенін естідім: «Мен Абдуллаһ ибн Мухаммад Әл-Уаррақтың былай дегенін естідім: «Бүлік кезінде Маруфтың жанынан екі тараптың біріне жақтасып шайқасып жатқан адамдар өтті. Ол сол адамдарға: «Барыңдар, Алла сендерге жәрдемші болсын, Алла сәтін салсын!» - деп айқайлады. Сонда оған адамдар: «Шындығында, олар шайқасу үшін шықты[11]!» – деді. Ол: «Егер Алла оларды қолдаса, олар шайқаспайды», - деп жауап қатты.

Бізге Әс-Сараджға дейінгі осы жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы шейхымыз Әбу Исхақ хабарлаған: «Мен ибн Әбу-Дуньяның былай дегенін естідім: «Маруфтың қасына бір адамдар келіп отырды да, арасындағы біреуі бір кісіні жамандай бастады. Сонда Маруф оған: «Көзіңе мақта тығылатын күнді есіңе түсір», - деді[12].

Дәл осы жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы Әс-Сарадждың былай дегені риуаят етілген: «Мен Яхья ибн Әбу Тәліптің былай дегенін естідім: «Мен Маруфтың бауырының ұлы Яқубтың былай дегенін естідім: «Мен ағамның (Маруфтың) былай дегенін естідім: «Құлдың өзіне қатысы жоқ нәрселер жайлы сөйлеуі – оның Алла Тағала тарапынан қорлыққа ұшырағанының белгісі».
Дәл осы жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы ибн Әс-Сарадждың былай дегені риуаят етілген: «Мен Әли ибн Әл-Мууаффиқтың былай дегенін естідім: «Маруфтың өтініштерінің ( дұғаларының) бірі мына сөз болатын: «Уа, Әмірші, Уа, Құдіретті, уа, ешбір теңдесі жоқ Раббым».
 
Ибн Адхамның адал нан іздеп сапарға шығуы

Әл-Ғитрифиге дейінгі дәл осы жеткізушілер тізбегі (иснад) арқылы оның былай дегені риуаят етілген: «Бізге Әбул-Хасан Әт-Тәджир хабарлаған, бізге Саламат ибн Шәбиб баяндаған, бізге Халәф ибн Тәмим баяндаған, ол былай деген: «Мен Шамда Ибраһим ибн Адхамды жолықтырып қалдым да, одан: «Мұнда нендей себеппен келдің?» –деп сұрадым. Ол: «Мені айтар болсақ, менің келу себебім – соғыс (джиһад) не шекараны күзету (рибата) емес, мен адал наннан тойып жеу үшін келдім», - деп жауап берді[13].
 
Риби ибн Хираштың шыншылдығы мен кереметі

Әл-ХафизАхмадибн Абдуллаһ Әл-Иджлиден оның былай дегені риуаят етілген: «Риби ибн Хираш сахабалардан кейінгі буыннан (тәбиғиндер) шыққан сенімге лайықты адам болатын. Ол ешқашан өтірік айтқан емес. Оның екі баласы әмірші Әл-Хаджәджға және оның зұлымдығына қарсы көтерілгендердің қатарынан болатын. Бір күні адамдар Әл-Хаджәджға былай деген: «Шындығында, олардың әкесі бірде-бір рет жалған сөйлеген емес. Сол адамға біреуді жіберіп, балалары туралы сұратсаң қайтеді?». Осылайша, Әл-Хаджәдж оған шабарманды жіберіп, балаларының қайда екенін сұратқан. Сонда Риби ибн Хираш: «Екеуі де үйде», - деп жауап берген. Сонда Әл-Хаджәдж былай деген: «Сенің шыншылдығың үшін балаларыңды кешіреміз»[1] .

 
[1] «Әз-Зухдуа әр-ракаик», 59-бет.

[2] «Әз-Зухдуа әр-ракаик», 60-бет.

[3] Яғни, Алланың алдында өзінің дәрменсіздігін сезінетін адамға.

[4] «Шуаб аль-иман» (7299).

[5] «Шуабәл-иман» (10217).

[6] «МанакибӘш-Шәфиғи» (2/172).

[7] «МанакибӘш-Шәфиғи» (2/172).

[8] Муснид – хадистерді өзінің жеткізушілер тізбегімен (иснад) риуаят ететін адам. Ғұлама да, жай ғана хадистерді жеткізумен айналысатын ғұлама емес адам да муснид бола алады.

[9] Мұнда «Әс-Сағир», яғни, «кішкентай» деген мағынаны білдіретін Дамшықтыңбір қақпасы туралы айтылып тұр. Ол «Әш-Шәғур» кварталына жақын жерде, қаланың оңтүстігінде орналасқан.

[10] «ТарихДимашқ» (34/157).

[11] Яғни, адамдар оның бүлікке қатысуға шыққан адамдарға батасын бергеніне аң-таң болды.

[12] «Сифатәс-сафуа» (2/194).

[13] «Хульятәл-әулия» (97/373).

[14] «Марифатәс-сиқат» (1/350).
 
 
 
 
Ин ша Алла, жалғасы бар...

__________________________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz


P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам ән-Навави
Имам Абу Закария Яхья ибн Шараф ән-Науауи
Автор:
ИМАМ АБУ ЗАКАРИЯ ЯХЬЯ ИБН ШАРАФ ӘН-НАУАУИ
Урок вышел:четверг
Новый урок:понедельник
Список уроков