Циклы Авторы Сортировка

Имам ан-Навави "Алланы танығандардың бақшалары". 4 бөлім: Айқын және жасырын амалдардағы ізгі ниет турасында, 2 бөлім

1 997
9 февраля, 16
Имам ан-Навави "Алланы танығандардың бақшалары". 3 бөлім: Айқын және жасырын амалдардағы ізгі ниет турасында, 1 бөлім

Исламның негізі болып табылатын хадистерді анықтаудағы имамдардың айтқан сөздерін жеткізген және сондай хадистер мен олардың санына байланысты ғұламалардың арасындағы келіспеушіліктерді көрсетіп кеткен шейх Әбу Әмір, Алла оған разы болсын, ондай хадистердің саны жиырма алтыны құрайтынын айтқан.

Бірінші
хадис. Амалдар тек ниетке қарай бағаланады

Сол тізімдегі бірінші хадис: «Амалдар тек ниетке қарай бағаланады».

«Ниет» сөзі араб тілінде «ықылас, ұмтылыс» деген мағынаны білдіреді. Бірдеңеге талпынуды және жүректе соны жүзеге асыруға шешім қабылдауды білдіретін «Мен әлдене жасауға ниеттендім» деген сөз бар.
 
Екінші хадис. Құпталмайтын жаңалықтарды жарамсыз деп жариялау

Аишаның, Алла оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Егер кімде-кім біздің ісімізге[1] оған қатыссыз нәрсені[2] енгізетін болса, ол қабыл алынбайды». Бұл хадистің сенімділігін Әл-Бұхари (2697) мен Муслим (1718) өздерінің «Сахих» еңбектерінде растаған. Муслимнің хабарламасында (риуаятында)  (18/1718) мынадай сөздер бар: «Егер кімде-кім біз әмір етпеген амалды жасар болса…».

Үшінші хадис. Күмәнді нәрселерден аулақ болу

Нуғман ибн Бәширдің, Алла оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін естідім: «Шын мәнінде, рұқсат етілген (хәләл) және тыйым салынған (харам) нәрселер айқын белгілі, ал, ол екеуінің арасында күмән тудыратын нәрселер бар, олар туралы адамдардың көпшілігінде анық мәлімет жоқ[3]. Күмәнді нәрседен сақтанатын адам[4] діні мен ар-ұятын сақтау үшін одан аулақ болады[5]. Ал, шүбәлі іспен айналысушы адам харам әрекетке де баратын болады. Себебі, ол малын қорықтың маңында бағып жүрген малшыға ұқсайды, оның малы ақыр соңында сол жерге кіріп кетуі әбден мүмкін. Әр патшаның сондай қорығы болады, ал, Алланың қорығы – Оның тыйымдары. Расында, адамның денесінде бір кесек ет бар. Сол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады. Ол бұзылса, бүкіл денені де жарамсыз етеді. Ақиқатында, ол – жүрек». Бұл хадистің сенімділігін Әл-Бұхари (52) мен Муслим (1599) өздерінің «Сахих» еңбектерінде растаған».

Төртінші хадис. Адамның қалыптасу кезеңдері, оның ризығының, (өмірінің) мерзімінің және іс-амалдарының жазылу мәселесі

Абдуллаһ ибн Мәсғудтың, Алла оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «Сөзінде шыншыл және Уахиден алғандары сенімге лайықты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бізге былай деді: «Шын мәнінде, әрқайсың анасының құрсағында қырық күн бойы ұрық тамшысы түрінде қалыптасады. Содан соң ол тағы сонша уақыт сол жерде ұйыған қан түрінде және тағы сонша уақыт бір тістем ет тәрізді болады. Содан кейін періште жіберіледі де, оған үрлеп жан ендіреді де, төрт нәрсені: оның ризық-несібесін, өмірінің мерзімін (аджәл), жасайтын іс-амалдарын және бақытты не бақытсыз болатынын жазуға бұйрық алады. Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ болған Алланың атымен ант етемін, ақиқатында, кез келген адам (Жәннатқа) бір білек қалғанша жәннаттықтардың амалын жасап келіп, сосын жазмышы озып, тозақтықтардың амалын жасап, (Тозаққа) кіруі мүмкін. Сондай-ақ, кез келген адам (Тозаққа) бір білек қалғанша тозақтықтардың амалын жасап келіп, сосын жазмышы озып, жәннаттықтардың амалын жасап, (Жәннатқа) кіруі мүмкін». Бұл хадистің сенімділігін Әл-Бұхари (3208) мен Муслим (2643) өздерінің «Сахих» еңбектерінде растаған.
 
Бесінші хадис. Тақуалықтың арқасында күмәндіден аулақ болу

Әл-Хасан ибн Әлидің, Алла оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздерін есімде сақтап қалдым: «Өзіңе күмән туғызған нәрсені таста да[6], күмән туғызбайтын нәрсені[7] ал». Әбу Иса Әт-Тирмизи (2518), Әбу Әбдур-Рахман Ән-Нәсәи (8/327) жеткізген сенімді хадис. Әт-Тирмизи оны сенімді хадис деген.

Алтыншы хадис. Өзіңе қатысы жоқ нәрседен бас тарту және пайда әкелетін іспен айналысу

Әбу Хурайраның, Алла оған разы болсын, былай дегені хабарланады: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Адамның Исламды жақсы ұстануының белгісі өзіне қатысы жоқ нәрселерден бас тартуы болып табылады». Бұл – жақсы хадис, оны Әт-Тирмизи (2317) мен ибн Мәджә (3976) жеткізген.

Жетінші хадис. Иманның кәмілдігінің белгісі –мұсылмандарға жақсылық тілеу

Әнәс бин Мәліктің, Алла оған разы болсын, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін риуаят еткендігі хабарланады: «Өзіне тілегенді діндегі бауырына тілемейінше, сендердің ешбірің де шынайы иман келтірген болмайды (имандарың кәміл болмайды)[8]». Бұл хадистің сенімді екеніне Әл-Бұхари (13) мен Муслим (45) бірауыздан келіскен.
 
 
 
[1] Яғни, Дінге.

[2] Яғни, айғақтары және жалпыдәлелдері жоқ,Исламға қайшы келетіннәрселер.

[3] Имам Ән-Нәуәуи, Алла оған разы болсын, былай деген: «Бұл сөздердің мағынасы мынада: барлық іс-амалдар үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа рұқсат етілгендігі бүкпесіз, анық халал нәрселер жатады. Мәселен, нан жеу, сөз сөйлеу, жүру және т.б. Екінші топқа анық харам нәрселер жатады. Мәселен, шарап ішу, зинақорлық және т.б. Күмәнді нәрсеге келер болсақ, оған халал немесе харам екендігі белгісіз нәрселер жатады, сол себепті, көптеген адамдар ол туралы ештеңе білмейді. Ал, ғұламалар ондай іс-әрекеттердің үкімін Құрандағы нақты аяттардың немесе Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерінің негізінде шығарады және қияс жасау арқылы белгілі бір тұжырымға келеді. Егер қандай да бір нәрсеніңхалал немесе харам екендігі белгісіз болса және оған қатысты Құран мен Сүннетте айқын нұсқау берілмесе, сондай-ақ, сол мәселеге қатысты ғұламалардың бірауызды ортақ пікірі қалыптаспаған болса, онда ғұлама өз бетімен шешім іздейді де, Шариғаттың соған ұқсас үкімдеріне сүйеніп, сол нәрсенің халал немесе харам екендігі жайлы қорытынды (үкім) шығарады» (Әл-Уафи).

[4] Яғни, одан бойын аулақ ұстайтын адам.

[5] Яғни, Алла мен адамдардың алдында күмәнді нәрселерден сақтанған адам діні мен ар-ұятын сақтап қалады.

[6] Бұл жағдайдағы әмір абзалдықты (нәдб) білдіреді.

[7] Яғни, халал екендігі күмән туғызбайтын нәрсе.

[8] Әл-Фудайл ибн ‘Иядтың Суфьянибн ‘Уяйнға былай дегені баяндалады: «Егер сен адамдарға өзіңе тілегенді тілесең, Жомарт Аллаға шынайылық танытпағаның. Ендеше, олардың игіліктерінің сенікінен аз болуын тілеу туралы айтпаса да болады» («Шарх ибн Дақиқ Әл-Ид әлә әл-Әрбәин» кітабын қараңыз).

 
Ин ша Алла, жалғасы бар...

__________________________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz


P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам ән-Навави
Имам Абу Закария Яхья ибн Шараф ән-Науауи
Автор:
ИМАМ АБУ ЗАКАРИЯ ЯХЬЯ ИБН ШАРАФ ӘН-НАУАУИ
Урок вышел:понедельник
Новый урок:четверг
Список уроков