Циклы Авторы Сортировка

Имам ан-Навави "Алланы танығандардың бақшалары". 7 бөлім: Ықылас пен шыншылдық турасында, 1 бөлім

1 812
19 февраля, 16
Имам ан-Навави "Алланы танығандардың бақшалары". 6 бөлім: Айқын және жасырын амалдардағы ізгі ниет турасында, 4 бөлім

Алла Тағала ықыласқа қатысты былай деді (мағынасы): «Ал олар тек (бүкіл) дінді шын ықыласпен ханиф [бірқұдайшыл] күйде Аллаға ғана арнап құлшылық жасауға бұйырылған еді»[1].

Хузәйфә ибн Әл-Яманнан, Алла оған разы болсын, оның Алла Елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Ықылас деген не?» – депсұрағаны риуаят етілген. Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оны Жәбірейілден сұрадым деп жауап берген. Ал, Жәбірейіл оны Құдіретті Раббымыздан сұрағанын айтқан. Алла Тағала былай деп жауап берген: «Ықылас – мендегі бір сыр, оны Өзім сүйген құлдарымның жүректеріне саламын»[2].

Сол себепті, Әнәстан Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізілген: «Кім ақыретінің қамын ойласа, Алла оның жүрегіне қолында барға қанағат сыйлайды да, істерін ретке келтіреді, сөйтіп, оған бұл дүниеде жазылған ризығы өзі қаламастан-ақ беріледі. Ал, кім жалған дүниені алдына мақсат етіп қойса, Алла оның қажеттіліктерін көбейте береді, ісінің берекесін қашырады, ал, дүниелік игіліктен, көбірек қармап қалуға ұмтылғанына қарамастан, тек өзіне белгіленгенін ғана алады». Риуаят еткен –Әт-Тирмизи[3].

Басқа риуаятта былай делінген: «Кімнің көңілі осы дүниені қаласа, Алла оның ісінің берекесін қашырып, кедейлікті көз алдына қояды, ал, кімнің көңілі Ақыретті қаласа, Алла оның істерін ретке келтіріп, байлықты жүрегіне салады, сөйтіп, дүние оған ол қаламай-ақ келеді»[4].

Ниеттің риясыздығы – ғибадаттың негізі

Білгін, риясыз ықылас – алуан түрлі құлшылықтардың негізі. Себебі, былай жеткізілген: «Ақиқатында, біреу отбасының және балаларының қасында отырғанда оның қылышынан Алла жолында қан тамып тұрады»[5].

«Расында, садақа бермеген адам берген боп жазылады»[6].

«Шын мәнінде, адам кішігірім амал жасайды да, оған мән бермейді. Ал, амалдарды жазатын періштелер сол амалды алып, көтеріледі. Сонда Алла Тағала: «Оны Жәннаттықтардың қатарына жазыңдар[7]. Себебі, шындығында, ол бұл амалы арқылы Менің Разылығымды қалады», - дейді».

«Діндар адамның амалынан ниеті артығырақ» сөзінің мағынасы жайында

Бізге мына сөз кеп жетті: «Мүміннің ниеті амалынан жақсы, ал, кәпірдің ниеті амалынан жаман»[8].

Былай делінген: «Кәпірдің амалынан жақсы». Сондай-ақ, «бұлай айтылған себебі, амалға рия араласуы мүмкін, ниетке рия араласа алмайды» делінген. Яки ниет амалды жақсартатындықтан солай айтылған. Осы тұрғыдан алғанда, амалдан ниет жақсырақ».

Сонымен қатар, мына сөз де риуаят етілген: «Мүміннің амалына қарағанда ниеті артығырақ»[9].
 
Шынайылық – Алла разылығына және Ақыретте бақытқа қол жеткізуге себепкер

Әнәстан, Алла оған разы болсын, хабарланады: «Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Кім Алла Тағалаға серік қоспастан, шын ықыласпен құлшылық жасап, намаз оқып, мүлігінен парыз етілген салықты (зекет) төлеп, бұл дүниеден озса, ол Алланың разылығына қол жеткізді».

Әнәс былай деген: «Сөзшеңдік пайда болмай тұрып және құмарлықтың неше түрлері ойлап табылмас бұрын елшілер алып келген және өздерінің Раббыларынан адамдарға жеткізген діні осы»[10].

Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Бізге жасырын мен айқын нәрседе шынайылықты, ризалық пен ашуда әділдікті, байлық пен кедейлікте орта жолды ұстану әмір етілді»[11].

Мына сөздер жеткізілген: «Шынайылықтың жауы – рия, амалдың жауы – шынайылықтың жоқтығы». Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «Ал олар тек (бүкіл)дінді шын ықыласпен ханиф [бірқұдайшыл] күйде Аллаға ғана арнап құлшылық жасауға бұйырылған еді»[12].

Былай делінген: «Аллаға жақын адамдардың (әулиелердің) сипаттарының қатарына үш сипат жатады: Дінге деген терең сенім (яқин), шынайылық және Аллаға тәуекел ету». Сондай-ақ: «Бақытқа жетуге екі қасиет себеп болады: шын ықылас пен діндарлық». Сонымен қатар: «Шынайылығы жоқ адамның амалы да жоқ»[13]. Сонымен бірге: «Елшілердің Сүннетіне жататын екі қасиет бар. Олар: шынайылық және Дінге деген терең сенім».

Бізге мына сөз кеп жетті: «Уа, адамдар! Алланың алдында адал болыңдар, өйткені, шын мәнінде, Алла шын ықыласпен Өзі үшін ғана жасалған амалдарды қабыл алады. «Мынау Алла разылығы үшін және туыстық үшін», – демеңдер. Себебі, ақиқатында, ол туыстық үшін жасалды және онда Алла үшін үлес жоқ. Сондай-ақ: «Мынау Алла үшін және сендер үшін», - демеңдер, себебі, онда Алла үшін үлес жоқ»[14].

Ілім иелерінің шынайылыққа берген анықтамасы

Ұстаз, имам Әбул-Қасим Әл-Қушайриден, Алла оны рақымына бөлесін, риуаят етілген: «Шынайылық – өзіңді саналы түрде бір ғана Ақиқи Раббымызға бар жан-тәніңмен бағынуға арнау. Мұның мәні – жаратылыстың алдында жақсы көріну үшін, мақтану үшін немесе адамдардың сені мақтауы үшін яки тағы басқа бірдеңе үшін емес, тек қана Алла Тағалаға жақындау мақсатында бойұсынуың арқылы Оған жақындауға ұмтылуда». Сондай-ақ, ол былай деген: «Шынайылық – өзіңді адамдарға тәуелділіктен сақтауда деуге болады»[15].

Ұстаз Әбу Әли Әд-Дақақтан, Алла оны рақымына бөлесін, оның былай дегені жеткізілген: «Шынайылық өзіңді Алланың жаратылыстарының назарынан сақтауда, ал, шыншылдық – нәпсіңе бағыныштылықтан шығуға ұмтылуда»[16]. «Шын ықыласты адам еш нәрсені көрсету үшін (мақтан ретінде) жасамайды, ал, шыншыл адам өз-өзіне масаттанудан аулақ».

Әбу Яқуб Әс-Сусиден, Алла оған разы болсын, оның былай дегені риуаят етілген: «Егер кімде-кім өзінің шынайылығынан шынайылықты көрсе, ондай адамның шынайылығы шынайылыққа мұқтаж».

Әзіреті ДжәлилЗун-Нуннан, Алла оған разы болсны, оның былай дегені риуаят етілген: «Шын ықыластың үш белгісі бар: адамдардың мақтауы мен даттауын бірдей қабылдау, амалдарыңа арқа сүйеу (сену) әдетінен бас тарту[17] және жасап жатқан амалдарыңның сауабын ақыретте алуға ұмтылу»[18].

ӘбуУсман Әл-Мағрибиден, Алла оны рақымына бөлесін, оның былай дегені риуаят етілген: «Шынайылық дегеніміз – әрдайым Жаратушы жайлы ойлап жүретіндіктен, жаратылыстардың сен туралы не ойлайтынын ұмыту»[19].

Хузәйфә Әл-Мәрашиден, Алла оны рақымына бөлесін, оның былай дегені жеткізілген: «Шынайылық – құлдың айқын және жасырын амалдарының бірдей болуында».

 
 
[1] «Әл-Бәйинә», 5-аят

[2] Әс-Сааләби «Әл-Кәшфуа әл-баянда» (2/6), имамӘл-Кушәйриөзінің иснады арқылы «Әр-Рисаләт әл-кушайрийяда», имам Әл-Қуртуби «Әл-Джәмиу ли әхкамәл-Қуранда» (2/146) және Әбу Хаян «Әл-Бәхруәл-мухитта»(1/413) айтып кеткен. Имам Зәкәрия Әл-Аңсари, Алла оны рақымына бөлесін, «Ихкамуәд-даләләда»(2/628) былай деген: «Раббысы екеуінің арасында сыр болмаған адам Жаратушы жайлы ойлардан үнемі алаңдаулы болады, соның нәтижесінде ол тәубесіне келмейді».

[3] «Сунан» Әт-Тирмизи (2465); «Тухуәт әл-әхуәзи» Әл-Мубаракфури.

[4] Ибн Мәджә (94105), ибн Хиббан (680) мырзамыз Зайд ибн Сәбиттен, Алла оған разы болсын, келтіреді.

[5] Имам Ахмад (1/397) мырзамыз Абдуллаһ ибн Мәсғудтан, Алла оған разы болсын, келтіреді: «Расында, менің үмметімнің Дін үшін шейіт болғандарының көпшілігі – төсегінде қайтыс болғандар. Саптардың арасында қаза тапқан жанның ниетін бәрінен де Алла жақсы біледі».

[6] Яғни, садақа беруге ниеттенген, бірақ, бере алмаған адам.

[7] Аударманың басқа нұсқасы: «Оны салиқалы жандардың амалкітабына жазыңдар».

[8] «Тарихәл-Бағдад» (9/236) мырзамызСахл ибн Саидтан, Алла оған разы болсын. Бірақ, мынадай сөздермен: «Кәпірдің ниетінен амалы артығырақ».

[9] «МуснадӘш-Шихаб» (147) мен «Шуабәл-иманда» (6445) мырзамыз Әнәс ибн Мәліктен, Алла оған разы болсын.

[10] «Әл-Мустадрак» (2/333), «Сунан ибн Мәджә» (70).

[11] «Шу’абәл-иманда» (6865) мырзамыз ӘбуХурайрадан, Алла оған разы болсын.

[12] «Әл-Бәйинә», 5-аят

[13] «ТарихДимашк» (64/45) мырзамыз ибн Аббастан, Алла оған разы болсын.

[14] «СунанӘд-Даруқутни» (1/15) мен «Шуабәл-иманда» (6417) мырзамыз Әд-Даххақ ибн Қайс Әл-Фихриден, Алла оған разы болсын, баяндалады.

[15] Яғни, Алланың құлы адамдардың мақтауы мен даттауына, сондай-ақ, олардың қолдарында бар нәрсеге мән бермеуі тиіс. Жасап жатқан амалыңды біреудің көріп қойғанына қуанбау керектігінің демәні сонда.

[16] Яғни, өз амалыңды жақсы деп санап, оны «мен жасадым» деп масаттанудан арылу.

[17] Мұның мағынасы мынада: адам тек бір ғана Аллаға арқа сүйеуі керек, себебі, іс-амал да, сөз де, білім де оны құтқара алмайды.

[18] Шынайылықттың алғашқы белгілерінің бірі – белгілі бір адамдардың ғана емес, барлық адамдардың мақтауы мен даттауын бірдей қабылдау. Бұл риядан құтылудың бірінші деңгейі болып табылады. Екінші деңгейі – жасаған амалдарыңды көрмеу, олардан келетін зиян мен пайданы елемеу, адамдардың сол амалдарды мақтауын немесе даттауын ұмыту, осының бәрі адамның үнемі тек қана өзінің ықыласын ойлап (уайымдап) жүретіндігі себепті болады. Үшінші деңгей – жасағанамалың үшін екі дүниеде де берілетін сауапты ұмыту, ол жайлы мүлде ойламау («Шархрисалят» кітабын қараңыз).

[19] Бұл – Алланы танығандардың шынайылығы. Себебі, олар өздерінің амалдарын тіпті өздерінің де жақсы амал деп көруінен тазартады.
 

Ин ша Алла, жалғасы бар...


__________________________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz


P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы
АВТОР ЦИКЛА
Имам ән-Навави
Имам Абу Закария Яхья ибн Шараф ән-Науауи
Автор:
ИМАМ АБУ ЗАКАРИЯ ЯХЬЯ ИБН ШАРАФ ӘН-НАУАУИ
Урок вышел:понедельник
Новый урок:четверг
Список уроков