Циклы Авторы Сортировка

Он бесінші хадис. Ең берекелі неке

5 481
4 февраля, 16

وعن عائشة - رضي الله عنها ، قالت : قال النبي - صلى الله عليه وسلم - : إن
. أعظم النكاح بركة أيسره مؤنة . رواهما البيهقي في شعب الإيمان

 
Аишадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Берекесі мол неке – шығыны ең жеңіл болған неке»» (әл-Бәйхақи  «Шуаб әл-Иманда»).
 
Молда Әли әл-Қари бұл хадисті былай түсіндірген:
 
من المهر والنفقة للدلالة على القناعة التي هي كنز لا ينفد ولا يفنى

«Шығыны жеңіл дегеніміз – мәһры мен күн көруге кететін шығыны жеңіл деген сөз. Өйткені, бұл адамның азды қанағат тұтатынын білдіреді. Қанағатшылдық – жоғалмайтын, өшпес қазына».

Біздің мұсылман қоғамындағы мәселелердің бірі – көптеген салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың кесірінен некенің қиындатылуы. Бұл күйеу жігіттің отбасына қаржы жағынан ауыр салмақ салады. Нәтижесінде, некенің қиылуы мүлде қиындап кетеді (ең жаманы – созылып кетеді). Ал, неке қиюды созбалақтау некеден тыс жыныстық байланыстарға баруға алып келеді, әсіресе, жастардың арасында.
 
Қазіргі кезде қоғамның қаншалықты азғандығын байқау қиын емес: қыз баланың пәктігі – отбасының абыройы мен ар-ұяты болса, жас жігіттің пәктігі әжуа-мазақ пен келемежге айналды. Біз мұсылман жастарының бірнеше ұрпағы үшін некеден тыс/некеге дейінгі жақын қарым-қатынастың қалыпты, үйреншікті және дағдылы жағдайға айналып бара жатқандығының куәсі болып отырмыз. Иә, әдетте бұл туралы айтыла бермейді, бәлкім, олар мұны кез келген адамға айтып, мақтана бермейтін де шығар. Бірақ, бұл қалыпқа айналды. Бойын құштарлық, ынтықтық сезімі билеген жас жігітке сол құмарлығын қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктер туғызып отырған қоғамда зинадан аулақ болу қиынның қиыны. Оның үстіне, үйлену де екінің бірі қол жеткізе алмайтын салтанатты дүние болса.
 
Бірақ, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең берекелі неке «тойы ең салтанатты түрде өткен» немесе тойында «нашидшілер» қомақты ақшаға ән салатын, яки мәһры ең көп неке деген жоқ. Жоқ, мүлде керісінше: қаржы жағынан жеңіл некеде береке көбірек болады!
 
Бірақ, бұл әкелер қыздарын жанұясын асырамақ түгілі, қара басын алып жүре алмайтын көлденең көк аттыға беруі керек деген сөз емес. Бұл оңай жасалатын нәрсені қиындатудың және қарапайым адамдардың мойнына көптеген құпталмайтын жаңалықтарды артудың қажеті жоқ дегенді білдіреді. Сол себепті де, азға қанағат ететін әйел – бұл жалғанның қазынасы. Себебі, ол күйеуін ысырапшылдыққа итермелемейді.
 
Бірақ, қыздар «ешқандай қиындықсыз, міндетсіз» отбасылық өмірлерін ретке келтіргісі келетін алаяқтар мен сандалбайлардың құрбаны болмауы тиіс. Сондықтан да, Исламда қыз баланың болашақ жарын әкесі таңдайды. Өйткені, ол өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, сол жігіт болашақ жұбайына қамқор бола ала ма, жоқ па, соны аңғара біледі.
 
Ал, шариғаттық уәлиі жоқ, Ислам дінін қабылдаған мұсылман қыз-келіншектер білуі тиіс бір жайт, қазіргі кезде ата-анасының ақшасын құртудан басқа ештеңе қолдарынан келмейтін сандалбайлардың ұрпағы өсіп келе жатыр. Оларды ата-аналары үлкен қалаларға оқуға жібереді. Бірақ, студентсымақтар оның орнына жергілікті тұрғындардың тыныштығын бұзып, қоғамдық орындарда сауық-сайран жасайды. Сол сандалбайлар жеке өмірлерін көбінесе бөтен қалада болған кездерінде ретке келтіруге тырысады.
 
Ондай бозбалалардың ниетін тексеру оңайдың оңайы – оған «мені әке-шешеңізбен таныстырыңыз» деу керек. Егер бұл оған (оның әке-шешесіне емес) қиын соқса, оның ниеті адал ма, жоқ па, ойланған жөн. Иә, өзге ұлт өкілін отбасыларына қабылдауға кез келген ата-ана дайын бола бермейді. Бірақ, егер олар келіндерінің еріне сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық танытатынын көрсе, жүректері жібиді. Алайда, көп жағдайда жас балалар қызға деген жеңіл қарым-қатынасын «әке-шешем бұған разы емес» деген сылтаумен жасырады. Ал, шынтуайтына келгенде, әке-шешесі ұлының «үйленетін» ойы бар екенінен де бейхабар болып шығады.
 
Күйеу жігіт жайлы мейлінше көбірек мәлімет білуге тырысу керек. Өйткені, ондай мәселелерде хула («ғиба») жоқ, сол себепті, қанша жағымсыз болса да, шындықты айтуға рұқсат етіледі. Себебі, өле-өлгенше бірге ғұмыр кешетін өмірлік серігіңді таңдауда өте абай болу қажет.
 
Сондай-ақ, оның болашақта кім болуды армандайтынына немесе кім болатынына емес, қазір қандай адам екеніне қараңыз. Егер оның қандай да бір жоспарлары бар болса, ол сол мақсатына талпынып, әрекет жасап жүр ме, әлде бұл жай ғана ішкі ойын білдіргені ме, соған назар аударыңыз.
 
Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков