Он бірінші хадис. Аишаның (Алла оған разы болсын) таңғаларлық ісі
عن عائشة رضي الله عنها أنها أوصت عبد الله بن الزبير رضي الله عنهما لا تدفني
معهم وادفني مع صواحبي بالبقيع لا أزكى به أبدا
Аишаның (Алла оған разы болсын) Абдуллаһ ибн Зубәйрға былай өсиет еткені риуаят етілген: «Мені олардың қасына жерлеме, әл-Бақиға (Мәдинадағы зират) үзеңгілестерімнің (Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа әйелдері туралы айтылып тұр) қасына жерле. Соған бола мені біреудің мақтағанын қаламаймын» (әл-Бұхари).
اي لا يثنى علي بسببه ، ويجعل لي بذلك مزية وفضل وأنا في نفس الأمر . يحتمل
أن لا أكون كذلك
««…соған бола [Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасында жерленгені үшін]мені мақтағандарын қаламаймын» – адамдар сол үшін менің дәрежемді арттырып, мені басқалардан артық санай бастайды, бірақ, мен оған лайық болмауым мүмкін».
عن عمرو بن ميمون الأودي قال رأيت عمر بن الخطاب رضي الله عنه قال يا
عبد الله بن عمر اذهب إلى أم المؤمنين عائشة رضي الله عنها فقل يقرأ عمر بن
الخطاب عليك السلام ثم سلها أن أدفن مع صاحبي قالت كنت أريده لنفسي
فلأوثرنه اليوم على نفسي فلما أقبل قال له ما لديك قال أذنت لك يا أمير المؤمنين
قال ما كان شيء أهم إلي من ذلك المضجع فإذا قبضت فاحملوني ثم سلموا ثم قل
يستأذن عمر بن الخطاب فإن أذنت لي فادفنوني وإلا فردوني إلى مقابر المسلمين
إني لا أعلم أحدا أحق بهذا الأمر من هؤلاء النفر الذين توفي رسول الله صلى
الله عليه وسلم وهو عنهم راض فمن استخلفوا بعدي فهو الخليفة فاسمعوا له
وأطيعوا فسمى عثمان وعليا وطلحة والزبير وعبد الرحمن بن عوف وسعد بن
أبي وقاص وولج عليه شاب من الأنصار فقال أبشر يا أمير المؤمنين ببشرى الله
كان لك من القدم في الإسلام ما قد علمت ثم استخلفت فعدلت ثم الشهادة
بعد هذا كله فقال ليتني يا ابن أخي وذلك كفافا لا علي ولا لي أوصي الخليفة
من بعدي بالمهاجرين الأولين خيرا أن يعرف لهم حقهم وأن يحفظ لهم حرمتهم
وأوصيه بالأنصار خيرا الذين تبوءوا الدار والإيمان أن يقبل من محسنهم ويعفى
عن مسيئهم وأوصيه بذمة الله وذمة رسوله صلى الله عليه وسلم أن يوفى لهم
بعهدهم وأن يقاتل من ورائهم وأن لا يكلفوا فوق طاقتهم
«Әмр ибн Мәймун әл-Әудиден оның былай дегені риуаят етілген:«Мен Омар ибн әл-Хаттабтың (Алла оған разы болсын) былай дегенін естідім: «Уа, Абдуллаһ ибн Омар, мұсылмандардың анасы Аишаға (Алла оған разы болсын) бар да, Омар ибн әл-Хаттабтың сәлемін жеткіз, содан соң мені екі досымның қасына жерлесін деген өтінішімді айт». Аиша:«Өзім де сонда болуды қалар едім, бірақ, ол жерде менің орнымда оның болғанын абзал көремін», - деді. Ибн Омар қайтып келгенде [Омар одан]: «Не айтарың бар?» - деп сұрады. Сонда ибн Омар: «Ол саған рұқсат етті, уа, мұсылмандардың әміршісі», - деді. Омар былай деді: «Мен үшін сол жерден маңызды ештеңе жоқ еді. Мен көз жұмғанда сол жаққа апарыңдар да, оған сәлем беріңдер де, «Омар ибн әл-Хаттаб [өзін осы жерге жерлеуіміз үшін] рұқсат сұрайды» деп айтыңдар. Егер ол маған рұқсат етсе, жерлеңдер, рұқсат етпесе, мені мұсылмандардың зиратына апарыңдар. Себебі, мен бұған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разы болып дүние салған адамдардан артық лайық ешкімді көрмей тұрмын. Содан соң менен кейін кімді таңдасаңдар, сол халиф болады – оған бағыныңдар». Содан соң ол Осман, Әли, Талха,Зубәйр, Әбдуррахман ибн Ауф және Саад ибн Әби Уаққастың аттарын атады. Сонда жас аңсарлардың бірі оған былай деді: «Уа, мұсылмандардың әміршісі, Алладан жеткен ізгі хабарға қуана бер, себебі, сен Исламды алғашқылардың бірі болып қабылдадың ғой, көптеген игі амалдар жасадың, содан соң халифтікке сайландың да, әділ болдың, енді осының бәрінен кейін шейіт боп жан тапсырасың!». Сонда Омар оған былай деген: «Уа, ағамның ұлы, мен бар жасаған жамандығымды жуып-шаямын деп, маған және маған қарсы ештеңе болмайды деп үміттенемін. Менен кейін келетін халифке алғашқы мухаджирлерге құрметпен қарауды, олардың ар-намысын қорғауды, құқықтарын сақтауды, сондай-ақ, «(һижра) жұртын [Мәдина қаласын] және иманды тұрақ тұтқан» («Әл-Хашр» сүресі, 9-шы аят) аңсарларға жақсылықтарына жақсылықпен жауап беруді өсиет етемін, олардың игі амалдары қабыл болуы үшін және күнәлары кешірілуі үшін. Сендерге Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиеті орындалуы үшін Олардың алдындағы міндеттеріңді [орындауды], олардың артында шайқасуды және олардың мойнына қолдарынан келетіннен артық жүкті артпауды өсиет етемін»».
لها أن تؤثر به على نفسها ، فآثرت عمر . وفيه الحرص على مجاورة الصالحين في
القبور طمعا في إصابة الرحمة إذا نزلت عليهم ، وفي دعاء من يزورهم من أهل
الخير
«Ибн Баттал былай деген:«Омардың одан рұқсат сұраған себебі – ол жер Аишаның үйі болатын және ол сол жерге құқылы болатын, сондықтан, Аиша ол жерді өзіне таңдап алса да болар еді, бірақ, ол оны Омарға берді. Сондай-ақ, бұл хадисте мазарда жатқан ізгі жандарға жіберілетін рақымға қол жеткізу мақсатымен және оларды зиярат ететін жақсы адамдардың дұғасынан үміт етіп, ізгілердің жанына жерленуге ұмтылудың жақсы екені көрсетілген»».
Комментарии: 0
Правила форума