Циклы Авторы Сортировка

Он үшінші хадис. Ізгі әйел – қазына

3 690
22 января, 16

:عوعن عبد الله بن عمرو - رضي الله عنهما - قال
:قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم
الدنيا كلها متاع ، وخير متاع الدنيا المرأة الصالحة
.واه مسلم


Абдуллаһ ибн Әмрден (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Дүниедегілердің бәрі – өткінші (уақытша) игілік, ал, сол уақытша игіліктердің ішіндегі ең абзалы – тақуа әйел»» (Муслим).
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барлық  дүниеуи игіліктердің ішінен тақуа әйелді бөліп көрсеткен. Демек, ол – бұл дүниеде ер адамға берілетін ең үлкен байлық әрі ең үлкен қазына.
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) не үшін олай дегенін Молда Әли әл-Қари «Әл-Мирқатта» түсіндіріп кеткен:
 
لأنها معينة على أمور الآخرة

«Себебі, ол ақырет істерінде жәрдемші болады».
 
Ондай әйел ерінің Аллаға ұнамды игі бастамаларына қолдау көрсетеді, еркек ондай әйелдің алдында күнә жасауға және әбес әрекетке баруға ұялатын болады. Бұл оны күнәдан тежейді.
 
Ары қарай Молда Әли әл-Қари, имам Әлидің (Алла оған разы болсын) түсіндірмелерін келтіреді:
 
ولذا فسر علي - رضي الله عنه - قوله تعالى : ( ربنا آتنا في الدنيا حسنة ) بالمرأة
الصالحة ( وفي الآخرة حسنة ) بالحور العين ( وقنا عذاب النار ) بالمرأة السليطة
 
«Сол себепті де, Әли (Алла оған разы болсын) Алланың мына сөздерін былай түсіндірген: «Раббымыз! Бізге осы дүниеде де жақсылық бер», –яғни,ізгі жар нәсіп ет – «ақыретте де жақсылық бер», – яғни, хор қызын нәсіп ет – «және бізді Тозақ азабынан сақтай гөр», – яғни,арсыз («әс-салита» «бетпақ, арсыз, әдепсіз» деген мағынаны білдіреді) әйелден сақта».
 
Әйел – не Алланың берген сыйы һәм рақымы, не жазасы. Бұл дүниеде қанша адамды әйелдер құрдымға кетірді!
 
Сондықтан, Молда Әли әл-Қариимам әт-Тыббидің сөздерін келтіреді:
 
قال الطيبي - رحمه الله - : وقيد الصالحة إيذان بأنها شر لو لم يكن على هذه
الصفة

«Әт-Тыбби былай деген: «Хадисте «тақуа» делінген себебі, әйелдің бойынан бұл қасиет табылмаса, ондай әйел – кесапат»».
 
Әйелдің еркекті өз билігіне бағындыратын «сиқыры» бар. Ол еркектің басын айналдырып, еркін билеп, өз ырқына көндіре біледі. Егер әйел тақуа болмаса, ол байғұс еркектің түбіне жетіп тынады. Мұндай көріністі ерлер мен әйелдер араласып жұмыс істейтін кез келген ұжымнан көруге болады: еркектердің көпшілігі әріптес әйелдерді таң қалдыруға тырысып, өздері аңғармастан, жасанды, оғаш қылықтар көрсетіп жатады. Исламда еркектер мен әйелдердің саналары азып, оның ақыры неше түрлі бәлеге апарып соқтырмас үшін екі жыныс өкілдерінің аралас-құралас болуына тыйым салынған.
 
Қаншама еркек әйелдердің кесірінен түпсіз шыңырауға түсті: олардың біреулері қарызға белшесінен батып жатса, екінші біреулері қызғаныштан өлтірілді, ал, тағы басқалары қызғаныштан өздері кісі өлтірді. Мұндай буырқанған құштарлық біздің дінімізге қайшы келеді, өйткені, жүректің күші Аллаға деген махаббат пен Оның разылығына жетуге жұмсалуы тиіс. Бірақ, әйел әдетте еркектің көңілін Алладан алаңдатып, оның рухани күшін өзіне бағыттайды.
 
Алайда, жақсылап түсініп, жадымызға түйіп алатын бір нәрсе бар: ізгі әйел дегеніміз – «айфонның 10 долларлық қосымшасы» емес, бұл жалғанның ең қымбат қазынасы. Сол себепті де, ондай әйелдерді әлеуметтік желілерден кездестіре алмайсың, ізгі әйелді ізгі отбасынан, ізгі ата-анадан іздеу керек.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков