Циклы Авторы Сортировка

Он жетінші хадис. Харамға көз салу

3 262
18 февраля, 16

وعن بريدة قال : قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم - لعلي : يا علي لا تتبع
النظرة النظرة فإن لك الأولى وليست لك الآخرة . رواه أحمد ، والترمذي ، وأبو
داود ، والدارمي

 
Бәридтен (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әлиге (Алла оған разы болсын) былай деді: «Уа, Әли, бір рет көзің түскеннен кейін екінші рет қарама. Шындығында, алғашқы қарағаның үшін сұралмайсың, екіншісі – өзіңе қарсы (күнә)»»(Ахмад, әт-Тирмизи, Әбу Дәуд және әд-Дарими).

Бұл хадис – көзіңді харамнан сақтау күннен-күнге қиындап бара жатқан, тіпті мүмкін емес болған қазіргі заманда өмір сүретін адамдар үшін үлкен рақым.
 
Сол себепті, адамдардың көпшілігі әуретін жаппай жүретін біздің заманда біреудің әуретіне байқаусызда көзіңіз түсіп кетсе, онда назарыңызды бірден басқа жаққа бұрсаңыз, ол үшін күнә жазылмайды. Өйткені, ол – еріксіз көзқарас, ал, еріксіз жасалған іс үшін шариғаттық жаза берілмейді.
 
Бұл қағидаға бағынбайтын жағдай бар: ол – ер адамның үйленгісі келетін қызға қарауы. Біз бұл мәселені бұдан алдыңғы хадисте талдап кеттік. Әйел адамға қандай жағдайда қарауға рұқсат берілетінін ескере отырып, бұл мәселенің түп негізі неде екенін түсінуіміз қажет.
 
Сол себепті де, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

لعن الله الناظر والمنظور إليه . رواه البيهقي في شعب الإيمان

«Қараған адамға да, қаратқан адамға да Алланың лағынеті болсын». (әл-Бәйхақи«Шуәб әл-Иманда»).
 
Мұның мағынасы: Харамға, оның ішінде бөтен біреудің әуретіне қараған адамға және өзіне қарауға мүмкіндік берген адамға, біздің жағдайымызда бұл – бүркенбеген қыз баласы, Алланың лағынеті болады.
 
Осы хадисті оқи отырып, жас мұсылмандар жиі бетпе-бет келетін таңдауды есімізге түсіруімізге болады: дінді ұстанбайтын өз ұлтыңның қызына үйленіп, ата-ананы разы еткен дұрыс па, әлде дінді ұстанатын өзге ұлттың қызына үйленіп, ата-ананың қарсылығына төтеп беру керек пе. Осындай таңдауға кезіккен адам хадистің мәтінін есіне түсірсін.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков