Циклы Авторы Сортировка

Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өз қабірінде тірі екендігінің және біздің амалдарымыздың оған көрсетілетіндігінің дәлелдері: Қорытынды

2 807
8 октября, 15
«Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өз қабірінде тірі екендігінің және біздің амалдарымыздың оған көрсетілетіндігінің дәлелдері» тақырыбы бойынша мақалалар топтамасы.

1-мақала: Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өз қабірінде тірі деген сөз рас па? Шейх Ибрагим Десаи

2-мақала: Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өз үмбетінің амалдарын көре алатындығының дәлелдері ─ Шейх Абдуль-Хафиз Макки

3-мақала: Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өз қабірінде тірі екендігінің және біздің амалдарымыздың оған көрсетілетіндігінің дәлелдері: Қорытынды

Әнас (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) өздерінің қабірлерінде тірі және сол жерде намаз оқиды» (Бәйхақи).

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жердегі өмірі аяқталды:

Алла біздің Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәңгілік өмір сыйламағанын және оның жердегі өмірінің күндердің күнінде аяқталатынын анық айтады:

وَمَا جَعَلۡنَا لِبَشَرٍ۬ مِّن قَبۡلِكَ ٱلۡخُلۡدَۖ أَفَإِيْن مِّتَّ فَهُمُ ٱلۡخَـٰلِدُونَ


«(Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар [мүшріктер]мәңгі қала ма?» (21, 34).

إِنَّكَ مَيِّتٌ۬ وَإِنَّہُم مَّيِّتُونَ

«(Мұхаммед Ғ.С.) шынында сен де өлесің. Олар да өледі» (39, 30).

Шәһидтердің (дін жолында азап шегушілердің) өмірі:

Алла Құранда азап шегушілердің (шухада) өмірі жайында анық айтады:

وَلَا تَقُولُواْ لِمَن يُقۡتَلُ فِى سَبِيلِ ٱللَّهِ أَمۡوَٲتُۢۚ بَلۡ أَحۡيَآءٌ۬ وَلَـٰكِن لَّا تَشۡعُرُونَ

«Алла жолында өлтірілгендерді (шәһиттерді) олар өлі демеңдер, олар тipi, бірақ сендер сезіп біле алмайсыңдар» (2, 154).

Алланың Пайғамбарлары (оларға Алланың сәлемі болсын) Оның ең абзал әрі ең ізгі жаратылыстары болып табылады. Ал, біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)олардың арасында ең жоғары дәрежеге ие. Сол себепті, азап шегушілерді (шәһидтерді) тірі десе, Алланың пайғамбарларын да, олардың ішіндегі ең ардақтысы – біздің Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қоса, тірі дей аламыз.  

Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) денелері қабірде шірімейді:

حَدَّثَنَا هَارُونُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ حَدَّثَنَا حُسَيْنُ بْنُ عَلِيٍّ عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ يَزِيدَ بْنِ جَابِرٍ عَنْ أَبِي الْأَشْعَثِ الصَّنْعَانِيِّ عَنْ أَوْسِ بْنِ أَوْسٍ قَالَ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِنَّ مِنْ أَفْضَلِ أَيَّامِكُمْ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فِيهِ خُلِقَ آدَمُ وَفِيهِ قُبِضَ وَفِيهِ النَّفْخَةُ وَفِيهِ الصَّعْقَةُ فَأَكْثِرُوا عَلَيَّ مِنْ الصَّلَاةِ فِيهِ فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ قَالَ قَالُوا يَا رَسُولَ اللَّهِ وَكَيْفَ تُعْرَضُ صَلَاتُنَا عَلَيْكَ وَقَدْ أَرِمْتَ يَقُولُونَ بَلِيتَ فَقَالَ إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ حَرَّمَ عَلَى الْأَرْضِ أَجْسَادَ الْأَنْبِيَاءِ

Сахаба Аус Ибн Аус (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлем болсын) былай дегенін риуаят еткен:

«Күндердің арасындағы ең қайырлысы – жұма: ол күні Адам (оған Алланың сәлемі болсын) жаратылды, сол күні ол көз жұмды, сол күні (періште) (Қиямет күнінің) сүрін үрлейді, сондықтан, сол күні маған мейлінше көбірек салауат айтыңдар. Өйткені, айтқан (сәлемдерің) салауаттарың маған жеткізіледі».

Сонда адамдар: «Уа, Алла Елшісі, денең шіріп кететін болса, біздің салауатымыз қалайша саған жеткізіледі (көрсетіледі)?» - деп сұраған. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап берген: «Алла Тағала пайғамбарлардың денелерін жерге харам етті (олар шірімейді)» (Әбу Дауд).

Пайғамбарлар (баршасына Алланың сәлемі болсын) тірі. Олар өздерінің қабірлерінде намаз оқиды:

حديث مرفوع) أَخْبَرَنَا أَبُو سَعْدٍ أَحْمَدُ بْنُ مُحَمَّدِ بْنِ الْخَلِيلِ الصُّوفِيُّ ، رَحِمَهُ اللَّهُ ، قَالَ : أنبأ أَبُو أَحْمَدَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَدِيٍّ الْحَافِظُ , قَالَ : ثنا قُسْطَنْطِينُ بْنُ عَبْدِ اللَّهِ الرُّومِيُّ , قَالَ : ثنا الْحَسَنُ بْنُ عَرَفَةَ , قَالَ : حَدَّثَنِي الْحَسَنُ بْنُ قُتَيْبَةَ الْمَدَائِنِيُّ , ثنا الْمُسْتَلِمُ بْنُ سَعِيدٍ الثَّقَفِيُّ , عَنِ الْحَجَّاجِ بْنِ الأَسْوَدِ , عَنْ ثَابِتٍ الْبُنَانِيِّ , عَنْ أَنَسٍ , رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " الأَنْبِيَاءُ أَحْيَاءٌ فِي قُبُورِهِمْ يُصَلُّونَ " , هَذَا حَدِيثٌ يُعَدُّ فِي إِفْرَادِ الْحَسَنِ بْنِ قُتَيْبَةَ الْمَدَائِنِيِّ ، وَقَدْ رُوِيَ عَنْ يَحْيَى بْنِ أَبِي بُكَيْرٍ ، عَنِ الْمُسْتَلِمِ بْنِ سَعِيدٍ ، عَنِ الْحَجَّاجِ ، عَنْ ثَابِتٍ ، عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ .

Әнас (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Пайғамбарлар (оларға Алланың сәлемі болсын) өздерінің қабірлерінде тірі және ол жақта намаз оқиды» (Бәйхақи).

Пайғамбарлар мен Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірлерінің табиғаты:

Алланың Пайғамбарлары (оларға Алланың сәлемі болсын) мен біздің Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өздерінің қабірлерінде тірі және Барзақ әлемінде (өлімнен кейінгі әлем) өмір сүріп жатыр. Бірақ, олардың өмірлерінің нақты табиғаты мен шындығында қандай екендігі жайында біздің біліміміз жоқ.

Періштелер Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алыстан (үлкен қашықтықта тұрып) айтылған сәлемдерді жеткізеді:

Асыл да сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алыс қашықтықтан сәлем мен салауат айтылғанда, оларды оған ерекше періштелер жеткізіп, көрсетеді:

حديث مرفوع) وَفِي هَذَا الْمَعْنَى الْحَدِيثُ الَّذِي أَخْبَرَنَا أَبُو الْقَاسِمِ عَلِيُّ بْنُ الْحَسَنِ بْنِ عَلِيٍّ الطَّهْمَانِيُّ ، ثنا أَبُو الْحَسَنِ مُحَمَّدُ بْنُ مُحَمَّدٍ الْكَارِزِيُّ ، ثنا عَلِيُّ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ , ثنا أَبُو نُعَيْمٍ , ثنا سُفْيَانُ , عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ السَّائِبِ , عَنْ زَاذَانَ , عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ , رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " إِنَّ لِلَّهِ عَزَّ وَجَلَّ مَلائِكَةً سَيَّاحِينَ فِي الأَرْضِ يُبَلِّغُونِي عَنْ أُمَّتِي السَّلامَ

Сахаба Абдулла ибн Мәсғуд (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Расында, үмбетімнің маған айтқан сәлемін жеткізетін Алла Тағаланың жерде жүретін көптеген періштелері бар» (Бәйхақи).

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің қасында айтылған салауатты өзі естиді:


(حديث مرفوع) أَخْبَرَنَا عَلِيُّ بْنُ مُحَمَّدِ بْنِ بِشْرَانَ , أنبأ أَبُو جَعْفَرٍ الرَّزَّازُ , ثنا عِيسَى بْنُ عَبْدِ اللَّهِ الطَّيَالِسِيُّ , ثنا الْعَلاءُ بْنُ عَمْرٍو الْحَنَفِيُّ , ثنا أَبُو عَبْدِ الرَّحْمَنِ , عَنِ الأَعْمَشِ , عَنْ أَبِي صَالِحٍ , عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ , رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، قَالَ : " مَنْ صَلَّى عَلَيَّ عِنْدَ قَبْرِي سَمِعْتُهُ ، وَمَنْ صَلَّى عَلَيَّ نَائِيًا مِنْهُ أُبْلِغْتُهُ " ، أَبُو عَبْدِ الرَّحْمَنِ هَذَا هُوَ مُحَمَّدُ بْنُ مَرْوَانَ السُّدِّيُّ فِيمَا أَرَى وَفِيهِ نَظَرٌ , وَقَدْ مَضَى مَا يُؤَكِّدُهُ . .

Әнас (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін риуаят еткен: «Кімде-кім қабірімнің қасында тұрып, маған салауат айтса, мен оны естимін және кімде-кім алыста тұрып, маған салауат айтса, ол маған жеткізіледі» (Бәйхақи).

Бұл хадистің сенімділігін хадис ілімі бойынша әйгілі ғұлама Ибн Хаджар әл-Әсқаляни (оған Алланың рақымы болсын) растаған:

بسند جيد بلفظ من صلى على عند قبري سمعته ومن صلى علي نائيا بلغته

Сахабалар (Алла оларға разы болсын) Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем жолдайды:

Мұсылмандар Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ғана емес, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) халифі Әбу Бәкір әс-Сыддыққа (Алла оған разы болсын) да, сондай-ақ, Мәдинадағы мүміндердің әміршісі Омарға (Алла оған разы болсын) сәлем жолдайтын болған. Мұны Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен бірегей асар (хабарлама) растайды:

فقد كان ابن عمر يقول : السلام عليك يا رسول الله ، السلام عليك يا أبا بكر ، السلام عليك يا أبتِ ، ثم ينصرف . صححه الحافظ ابن حجر

Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) әдетте Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірінің жанында тұрып, былай дейтін болған: «Әссәләму аляйка, уа, Алла Елшісі, әссәләму аляйка, уа, Әбу Бәкір, әссәләму аляйка, уа, әке!». Осы сөздерді  айтып болып, кететін болған. Хафиз ибн Хаджар бұл хабарламаны сахих (сенімді) риуаяттардың санатына жатқызады.

Сол себепті, дәл солай өз таңдауың бойынша (қалаған адам) сәлем жолдағанның зияны жоқ.

____________________________


Орыс тілінен аударған Azan.kz

P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.

Azan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Azan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Өзге адамның еңбегіне құрметпен және аманат ретінде қарауды ең алдымен мұсылман бауырларымыздан сұраймыз.


Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз

Құрметпен, Azan.kz сайтының ұжымы

АВТОР ЦИКЛА
Все подряд
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков