Циклы Авторы Сортировка

Тоғызыншы хадис: Күйеуінің төсегін тәрк еткен әйелді періштелер қарғап тұрады

4 116
17 декабря, 15

:- عن أبي هريرة قال قال النبي - صلى الله عليه وسلم
إذا باتت المرأة مهاجرة فراش زوجها لعنتها الملائكة حتى ترجع. متفق عليه


Әбу Хурейрадан риуаят етілген: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Егер әйел күйеуінің төсегін тәрк етсе, періштелер оны қайтып келгенше қарғап тұрады»» (әл-Бұхари мен Муслим).

 
Ибн Хәджәр «Фәтх әл-Бәриде» былай дейді:
 
قال ابن أبي جمرة : الظاهر أن الفراش كناية عن الجماع

«Ибн Әбу Джәмра былай деген: «Бұл жерде «төсек» мағынасында ерлі-зайыптылардың жақындасуы айтылғандығы айқын»».
 
Сол себепті, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқандай шариғи себепсіз күйеуімен жақындасудан бас тартқан әйелді періштелердің қарғап тұратындығын айтқан, өйткені, ол ерінің алдындағы ең басты міндетін орындамаған болып саналады.
 
Әйел адам төсек мәселесінде өте мұқият болуы тиіс – әйтпесе, күндердің күнінде күйеуінің екінші әйелі барын естіп, төбесінен жай түскендей күйге түсуі ғажап емес.
 
Сондай-ақ, бір түсініп алатын нәрсе, біз Шариғат айқындап берген белгілі бір шеңберден шықпауымыз керек. Бірақ, бұл отбасылық өмір адами қарым-қатынастан мақұрым, қатып қалған қағидалардан тұрады, әйел болса, барлық бұйрықтарды үн-түнсіз орындап отыратын робот деген сөз емес.
 
Ибн Хәджәр «Әл-Фәтхта» мына хадисті келтіреді:

وللطبراني من حديث ابن عمر رفعه اثنان لا تجاوز صلاتهما رءوسهما : عبد آبق
.وامرأة غضب زوجها حتى ترجع وصححه الحاكم
 
«Әт-Тәбәрани, Ибн Омардан жеткізген: «Екі адамның намазы өзінің басынан ары аспайды. Олар: қашып кеткен құл мен күйеуінің ашуын тудырған әйел, өзі қайтып келмейінше». Әл-Хаким хадистің сенімді екенін айтқан».
 
Бұл хадис бізге құлшылықтың ең маңызды түрі болып табылатын намаздың, әйелдің намазының қабыл болу-болмауы ерінің алдындағы міндеттерін қаншалықты орындайтынына байланысты екенін үйретеді.
 
Ары қарай Ибн Хәджәр, Ибн Әбу Джәмраның айтқандарына сүйене  отырып, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерінің астарында тағы қандай мағына жатқанын баяндайды:
 
وفيه الإرشاد إلى مساعدة الزوج وطلب مرضاته . وفيه أن صبر الرجل على ترك
الجماع أضعف من صبر المرأة . قال : وفيه أن أقوى التشويشات على الرجل داعية
النكاح ولذلك حض الشارع النساء على مساعدة الرجال في ذلك اه . أو السبب
فيه الحض على التناسل . ويرشد إليه الأحاديث الواردة في الترغيب في ذلك كما
تقدم في أوائل النكاح ، قال : وفيه إشارة إلى ملازمة طاعة الله والصبر على عبادته
جزاء على مراعاته لعبده حيث لم يترك شيئا من حقوقه إلا جعل له من يقوم به
حتى جعل ملائكته تلعن من أغضب عبده بمنع شهوة من شهواته ، فعلى العبد
أن يوفي حقوق ربه التي طلبها منه ; وإلا فما أقبح الجفاء من الفقير المحتاج إلى
.الغني الكثير الإحسان . اه ملخصا من كلام ابن أبي جمرة رحمه الله
 
«Сонымен қатар, бұл хадисте күйеуіңе көмектесіп, оның разылығына ұмтылу керектігіне нұсқау бар. Сондай-ақ, онда әйелге қарағанда,ер адамға жыныстық қатынастың жоқтығына шыдау әлдеқайда қиын соғатыны меңзелген.Содан кейін ол былай деген: «Еркектің үйленуіне оның бойында тасыған құштарлығы түрткі болады, сол себепті, Шариғат әйелдерді ерлеріне жәрдем беруге үндейді». «Ән-Никах» кітабының басындағы некеге тұруға шақыратын хадисте баяндалғандай, осы құштарлық ұрпақтың жалғасуына себепші десек те болады. Аллаға бағынуда тиянақты болу қажеттігі және Алланың Өз құлының амалына қарай не сауабын, не жазасын беретіні де осы хадисте мазмұндалған. Құлдың ешбір қажеттілігі қанағаттандырусыз қалмайды, Алла оның құқығын әрдайым сақтап әрі қорғап отырады. Сондықтан, Алланың қалауымен әрі әмірімен, Оның құлын табиғи қажеттіліктерінің бірін қанағаттандыру мүмкіндігінен айырған адамды періштелер қарғап тұрады. Сол үшін де құл Алланың алдында өз мойнына жүктелген міндеттердің бәрін орындауға парыздар. Әйтпеген жағдайда, пақыр, мұқтаж пенденің Бай әрі ештеңеге мұқтаждығы жоқ Аллаға деген қарым-қатынасы неткен жиіркенішті!» Ибн Әби Джәмраның сөзі осымен аяқталады».
 
Әйел өзін күйеуінің көмекшісі деп біліп, ерінің шайтан мен оның Алланың құлдарын тура жолдан тайдыру үшін пайдаланатын неше түрлі айла амалдарынан аулақ болуына, алыстауына қол ұшын беруі керек. Оның ең маңызды міндеті – ерінің төсектегі құмарлығын қанағаттандыру, себебі, ол мұнысымен сүйген жарынан шайтан әскерінің жартысын қашықтатады.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков